Кімнің мекені жақсы? 2 бөлім. Әдебиеттік оқу 2 сынып. Сабақ жоспары.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақ жоспары

Пәні: Әдебиеттік оқу 2 «А» сынып.

Күні:16.11.2016ж

Сабақтың тақырыбы: Кімнің мекені жақсы?

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды өздеріне таптырып, өз ойын өз сөзімен жеткізе білуге үйрету. Жаңа мысалды талқылау.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, қиялы мен ойлау шеңберін дамыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды туған жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндірмелі жұмыс. 

Пәнаралық байланыс: дүниетану.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық,әңгіме кейіпкерлерінің суреттері.
Сабақтың типі: Өткен сабақты жалғастыру.
Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ.Жаңа материалмен жұмыс.

Балалар бүгін біз осы мәтінді әрі қарай жалғастырамыз. 77-беттегі жаңылтпашты оқимыз.

Шалшық, балшық,

Балшық, шалшық,

Балшықтан ал шық.

Шалшық дегеніміз — жиналып қалған су. Балшық – жаңбыр суы мен топырақтың араласқан қоймалжыңы. Ал шық – аяққа жабысқан балшықтан арылу, шық дегені.

 Осы жаңылтпаш оқыған мәтіннің қай кейіпкеріне қатысты?

 Көкқұтан жайлы не білесіңдер? (балалардың жауабы)

Жақсы. Әрі қарай біздің үш кейіпкеріміз жүре берді. Содан кейін не болды екен?Оқимыз.

Қазір енді мәтінді оқимыз. Түсініксіз сөздерді белгілейміз, артынан мағынасын түсіндіремін.

Сөздікпен жұмыс:

көз жеткісіз – шексіз созылып жатыр.

таңдайы кепті – шөлдеді.

көде – далалы жерде өсетін шөп.

үйіріліп – аспанды жапты.

жердің миы шығып – балшық.болды.

қамықты — уайымдады.

жарықшақ – жердің тілінген жерлері.

Қорытынды:

Біздің кейіпкерлеріміз нелермен кездесті? (бозторғай, жауынқұрт)

Бозторғайдың мекені қандай екен? (жазық дала)

Ал жауынқұрттың ше? (жауыннан кейінгі батпақ жер)

Ал сендерге осы айтылған мекендер ұнады ма? Неге? ( балалардың жауабы. )

Үй тапсырмасы: 77-78 бет оқу,мазмұндау.

Бағалау.