Ана тілі сабағынан “Көктем сәні” халық ауыз ертегісі тақырыбында ашық сабақ

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


КӨКТЕМ СӘНІ” ХАЛЫҚ АУЫЗ ЕРТЕГІСІ


Сабақтын тақырыбы:“Көктем сәні” халық ауыз ертегісі.

Қ.Мұқышев. Көктем.

М.Дулатов. Қош келдің, Наурыз.

Ер еңбекте сыналады.

Сабақтың  мақсаты: 
   
Ертегінің мазмұнын түсініп, мағынасын ашуға ,еркін сөйлей білуге

үйрету.
      Сөздік қорын , логикалық ойын, актерлық қабілетін  дамыту.
    Табиғатты қорғауға, әсемдікті қадірлеуге, достыққа, ұйымшылдыққ

тәрбиелеу.
 Міндеттері:
  –      үй тапсырмасына жауап беру;
–       ертегінің мазмұнын түсіп оқу ;
–        ертегідегі жануарларды ажырату;
–        ертегінің  мағынасын ашу ;
–        табиғаттың  аң – құстарына   қамқор  болуға  тәрбиелеу.
 
Көрнекілік: Аңдардың суреттері, сызба.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу, түсіндіру.

Сабақтың барысы:
 І Ұйымдастыру кезеңі
Жағымды ахуал қалыптастыру үшін жаттығу орындау  арқылы оқушының зейінін,  назарын сабаққа аудару.
Мұғалімнің сөзі:
Ардак, сен енді зейінді сабаққа қарат !
«Бір- бірімізге жақсы тілек айтайық ! – деп Бір-бірімізге тілек айтамыз »

ІІ Үй тапсырмасын тексеру: А.Құнанбаев.Жазғытұрым.

І.Жансүгіров.Жазғытұрым.

Құстар айтысы. Ертегі.

Ж.Кәрменов.Әке тәлімі.
Абай Құнанбаевтың өмір баянынан мәлімет «Жазғытұрым өлеңін» жатқа айту, мағынасын сұрау. «Көктем» тақырыбына жазған шығармасын оқыту.
Өлеңде көктемнің қандай белгілері жайлы айтылған?Құстар ертегісінен қыскаша айтып берші?


ІІІ Білімдерін тексеру:
1. Саған көктем мезгілі ұнай ма?
2. Несімен ұнайды?

 ІҮ Мақсат қою кезеңі:

1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
Жаңа сабаққа даярлық:
Сен   қандай ертегіні  білесің?

Жылдың неше мезгіл бар?

Оқушының жауабын тыңдаймыз. Оқушыма көктем айының ерекшелігін айта отырып біргелесіп , суретпен безендіреміз .

[pic]

Cергіту сәті.

Ү Жаңа сабақ.
Мұғалім  сөзі:
-Ардақ, жаңа сабақта сен жақсы көретін, жан-жануарлар туралы ертегіні оқимыз.

[pic]


- Бұл ертегінің авторы жоқ, халық ауыз ертегісі.
-Халық ауыз ертегісі деген сөзді сіздер қалай түсінесің?
Оқушының жауабын тыңдау:
Мұғалімнің сөзі:
-Дұрыс айтасың Ардақ, бұл ауыздан-ауызға таралған, біздің күнімізге дейін жеткен ертегілер.

Ертегіні өз бастақ дауыстап оқып беремін.
Сол кезде осы ертегінің ішіндегі аңдардың суреті кезек –кезек көрсетіледі. 
Ертегіні түсініп рөльге бөліп оқу.

[pic]



 Мұғалімнің сөзі:
- Ардақ, сен қазір осы ертегіні рөльге бөліп, оқып бергің келе ме?
Оқушының келісімін алғаннан кейін, мұғалім  оқушы екеуі алдын ала аңдардың сөздерін бөліп алады.
Мұғалімнің сөзі:
-Қазір, қай аңның сөзін алсаң, сол аңның оқулықтан сөзін оқып, жатқа айтуға даярланып отырамыз.
Оқушы даяр болған кезде мұғалім «Көктемнің сәні» тақырыбындағы ертегіні мұғалімдерге рөлге бөліп, оқып береді.
Сұрақтарға жауап беру:
1. Ертегіде қандай аңдар жайлы айтылған?
2. Бұлғын  не деді?

3. Басқа аңдар бұлғынмен келісті ме? 
Қорытынды
Оқушының білімін тексеру мақсатында  сызбаны толтыру.
 Мұғалім алдын-ала даярланған күлтелерді гүлдің айналасына орналастыруды сұрайды.
Бұл күлтелердегі  сөздер аңдардың көктем  сәні  деген  сұрақтарының  жауабы тағы нені ойтуымызға болады?

Мұғалімнің сөзі:
1.Бүгін қандай тақырып өттік?
2. Ертегі саған ұнады ма?
 Венн диограммасы:
Ардақ сен көктем мезгілін жақсы көресің,өзің ақынжандысың, өзіңнің «Көктем туралы » өлеңінің бір шумағын оқып берші .

 Үйге тапсырма
1.Ертегіні оқу, әңгімелеу.
2. Көктем мезгіліне сурет салу.
3.Бағалау, мадақтау.




[pic] [pic]













«№121 ЖОМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі






Ашық сабақ

«Көктем сәні»






Ұйде оқыту 3 «Б» сынып








Дайындаған: Сейдикеримова А.Қ








2015 ж


Мерзімі: 16.11.15ж Уақыты:10:50 Кабинет: 127

Мұгалімі:Сейдикеримова А.Қ

Сыныбы: 4 «Б»

Пәні:әдебиеттік оқу.

Сабақтың тақырыбы:

Абылай (Арасанбай Естенов), Қабанбай (Қабдеш Жұмаділов)
Сабақтың мақсаты:

  1. Қазақ хандары мен батырлары туралы мағлұмат беру.

  2. Абылайхан мен Қабанбай батыр туралы түсіндіру.

3.Өлеңдегі,мәтіндегі негізгі ойды анықтай білуге,

ойын жүйелі түрде баяндай білеуге үйрету.

Білімділік: оқушының жоңғар шапқыншылығында ерлігімен көзге түскен қазақ ханы Абылай мен батыр Қабанбаймен таныстыру, ерліктерін насихаттау.

Дамытушылық: оқушының өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
Тәрбиелік: оқушыны отансүйгіштікке, патриоттық сезімге баулу.

Сабақтың әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, баяндау, сұрақ – жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Абылай ханның, Қабанбай батырдың, қару-жарақ суреттері, интербелсенді тақта.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың барысы:
1.
Ұйымдастыру кезеңі. Психологияық көңіл- күй,

Ақ пейілді жүрекпен ,

Таза адал ниетпен.

Амандасып алайық,

Еңбек етіп ерінбей

Жақсы баға алайық.

Оқушының назарын сабаққа аудару. Сабаққа қатысты құрал – жабдықтарын даярлау.Шаттық шеңберінде бір - біріне тілек айтады.


2.
Үй тапсырмасын сұрау. Жұмбақ айтысты мұғаліммен өрбіту.

Сұрақ – жауап арқылы үй тапсырмасын пысықтау.

  1. Жұмбақ айтыс дегеніміз не?

  2. Айтысқа түсетін ақын қандай болуы керек?

  3. Айтыс неше адамның қатысуымен болады?

3.Сергіту сәті. « Мен қазақпын » әуеніне би қимылын жасату.

4.Жаңа сабақ.


Ой шақыру: 1.Үш бидің басын біріктірген кім?

[pic]

- Абылайхан. Абылайдың шын аты- Әбілмансұр (1711-1781). Жоңғарлар Түркістан қаласын басып алғанда,ол Ораз атты құлымен қашып барып , Төле бидің түйесін, жылқысын баққан. “ Сабалақ ”атанып жүрген, 15-жасынан жоңғарларға қарсы соғысып, олардың Шарыш деген батырын жеңген.1771жылы үш жүздің ханы сайланды.Қырғыздар қазақтарды шауып, тыныштық бермегенде, бай манаптардың балаларын алып, Көкшетауға қоныстандырды. Содан кейін қырғыз – қазақтардың арасында бейбітшілік орнады.Абылайдың 30 ұлы, 40 қызы болған.Орыс казактары да “ Абылайлап ” ұрандағанын А.Бөкейханов өзінің “ Қырғыздар ” атты кітабына жазған.Сібір Казак – орыстары да балаларын орыс- жапон ( 1904-1905) соғысына шығарып салғанда “ Абылай! Абылай! ’’ деп ұрандаған. Арғы атасы Шыңғыс ханнан тараған. Үш жүздің басын қосқан Абылай хан - Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың ерлігіне сүйенген.

2.Биыл біз қазақ хандағының неше жылдығын тойлап жатырмыз?

- Қазақ хандығына 550 жылдық тойын тойлаудамыз.

[pic]


3.Батыр деп кімді атаймыз?

Ерлік жасаған , елін , жерін сыртқы жаудан қорғаған

ер жүрек батырларды айтамыз.

Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Исатай, Амангелді, Махамбет , Қобыланды

деген көптеген батырларымыз бар.

Ендіше, бүгін қазақ батырлары Абылайхан, Қабанбай батырмен танысамыз.

Осындай батырларымыздың ерліктерін бізге жеткізіп жүрген , Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов (1936 жылы ) Қытайдағы Шыңжаң өлкесінің Шәуешек ауданында дүниеге келген. “ Соңғы кеш ”, “Тағдыр”,“ Қыл көпір ” романдардың авторы: соның бір «Дарабоз» романынан үзінді.

Бұл романның толық нұсқасын жоғары сыныпта оқимыз.


5.Оқулықпен жұмыс: Өлеңді оқып, мәтіннің мазмұнын айтып,түсіндіру.

Оқушыға оқыту.





[pic]






6.Ой толғау:

Ер қаруы – бес қару .

Батырларымыз қандай қаруларды қолданған?




[pic]



Садақ, найза, қылыш, айбалта, шоқпар.

Ер азаматтың – бес қаруы сақадай сай болған.


  1. Сабақты қорытындылау. “ Кезбе тілші ” әдісімен сұрақтар қойылады.

1.Абылайдың шын аты кім?

2.Өлеңде Абылай ханның қандай ерекше қасиеттері

айтылған?

3.Ерасыл неше жасында Қабанбай атанды? Қандай батырлығы үшін?

«Өлді деуге бола ма айтыңдаршы , өлмейтұғын артына сөз қалдырған» деген Абай атамыздың сөзімен сабағымызды қорытындылаймын .Елімізді, жерімізді көркейтетін, гүлдендіретін сен және сенің құрдастарың. Сол үшін біз қандай болуымыз керек?

  • Білімді, ақылды, күшті, ержүрек, мықты, намысшыл,әділ .

8.Үйге тапсырма беру:

Өлеңді мәнерлеп оқу, мәтіннің мазмұнын баяндау.

9. Оқушыны бағалау, мадақтау.