[pic]
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Аманкөл ауылы
Т.Жаманмұырнов атындағы орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Шын дос-асыл қазына»
Тәрбие сағатының мақсаты:
1.Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып олардың қарым-қатынасын нығайту.
2.Оқушыларды адалдыққа , шыншылдыққа тәрбиелеу, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету.
3.Оқушылардың бойында адамгершілік қасиетін қалыптастыру.
Көрнекілігі:нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, слайдтар, шарлар
Барысы:І.Ұйымдастыру
Жүргізуші: Қайырлы күн! Ұстаздар мен оқушылар! Жалпы дос дегеніміз не, қалай дос болу керек екені бәрімізге белгілі. Бірақ кейбіреулер шындығында дос деген сөздің мәніне жетпейді. «Жостық - өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашанда барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да, дос – жарансыз өмірді қаламақ емес» деп Аристотель атамыз айтқандай бүгінгі сабағымызды жалпы дос туралы талқылайтын боламыз.
Ғажап қой мына өмірде дос дегенің,
Көбейгенін досымның қош көремін.
Көрген жанға жылы қабақ танытсам,
Әр баласын қазақтың дос көремін.
Достарыммен әрқашан мақтанамын,
Өздеріңмен өмірден бақ табамын.
Ұлы ұғым болса-дағы үш әріп
Солар менің байлығым мен аппақ арым.
Құдай сүйген жасамайтын күнәлар,
Достарым бар бір мен үшін тым адал.
Мен қайғырсам менімен бірге қайғырып,
Мен қуансам, шын жүректен қуанар.
Жүрегімнің жыр бағынан жыр үзіп,
Достық жайлы өлең жаздым бір үзік.
Жүрген досқа жаныңдағы не жетсін,
Жүрегіңді жүрегіңмен түсініп
Түстер арқылы топқа бөліну.
І .топ «Ынтымақ» тобы
ІІ.топ «Бірлік» тобы
І.Кіріспе
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Бүгінгі «Шын дос -асыл қазына» атты ашық тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер!
Абай атамыз айтқандай:
Бес мүшеден бөлекше бас та өзгеше,
Қиғаш біткен маңдайға қас та өзгеше
Кеңшілікте дос та дос , қасыңда дос
Таршылықта қайырылмаған дос та өзгеше.
Немесе оны Жүсіп Баласағұн былай толықтырады:
Дос табу оңай- сақтауы қиын,
Жау табу оңай -тоқтауы қиын.
Оқушылар , бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз достық туралы болмақ.
Дос дегеніміз кім?
1.Сыр бөлісетін адам.
2.Мені жақсы түсінетін адам.
3.Көмекке әрдайым дайын адам.
4.Қандай жағдай болмасын бірге болатын адам.
5. Сенімді адам
Гүлжан
Достық деген қасиетті сөз, қасиетті сезім.Ол тек жөні түзу адамдар арасында қалыптасып, өзара құрмет негізінде ғана дамиды.
Бекжан:
Дос дегеніміз екі адамның бір-біріне деген қарым -қатынасы.Дос деген қиналғанда жаныңнан табылатын, көмектесетін жанашыр адам.
Ендеше балалар топтық жұмыс жүргізейік.
Постер қорғау.Топтық жұмыс
І –топ «Ынтымақ» тобы
Достықтың ең жаман қасиеттері
ІІ-топ «Бірлік» тобы
Шын дос қандай болуы керек?
Келесі бөлім « Өлең сөздің патшасы сөз сарасы»
Оқушының дос, достық туралы өлеңдері
1 – оқушы Ақсамал
Достық деген таусылмайтын қазына
Көктем де де солып қалар гүл емес
Қарамайды ол сыйдың көп пен азына
Нағыз достар тіпті сыйда тілемес
2-оқушы Гүлжан
Екі деген - екі дос
Бірін – бірі қимайтын
Артық кемді өтпей сөз
Бірін – бірі сыйлайтын
Досыңа бол адал жан
3-оқушы Азамат
Достарымды сүйемін бірге жүрген,
Бірге ойнап, меніменен бірге күлген
Достар деген жаныңның бір бөлшегі
Орын алған жүректің бір түбінен
Нағыз достар бір-біріне ұнаған
Қиындықта бірін-бірі сынаған
Ақмаржан
Дос болам десең досыңды сыйла қымбаттым,
Досыммен ғана, досыңмен сонда қымбатпын.
4-оқушы
Мүмкін емес доссыз өмір сүруде
Сүйеу болар шақтарыңда құлаған
Досы үшін дос көнеді бейнетке,
Дос деген сөз ең қадірлі-жер көкте
Жақсылардың айырылмас досы көп
Қолын берген қиыншылық кездессе.
5-оқушы Ахмади
Досым саған сенемін, сеніп өтем!
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен
Достық деген-адамның көрігі екен
Достық деген адамның серігі екен.
6-оқушы Сабина
Достық деген ізгіліктің алауы
Оған куә ғасырлар мен замандар
Отанын да сатып кете алады
Қиын шақта досын сатқан адамдар.
7-оқушы Ерасыл
Бас ауырып балтырың сәл сыздаса,
Қиыны сол, ауыры сол бізге аса
Қайран достар, күншуақ қой қыздырар
Әлдекімге көңілің бір мұздаса
Жамандыққа бастырмайды қаққылап,
Жолдас үшін басыңды бер, жат құлап
Жақын өлсең тағы солар жүргені,
Жұмыспенен әрлі –берлі шапқылап.
Дос үйінде сайрандайды еркін ұл,
Жолдасы ғой жігіттің бір төркіні
Тағы солар жалғыз тастап кетпейді,
Тұғырыңнан түсіп қалсаң бір күні
Жолдаспенен жеңіл өмір азабы,
Жеңілірек көтересің қазаны.
Содан шығар,
Адам бірге өмірге
Жолдасымен туады екен ғажабы.
Келесі бөлімде «Суреттер сыры»
[pic] [pic]
Оқушылар(Видеоролик) жағдаяттар мен сұрақтарға жауап береді.
Жағдаяттар шешу
*Саған досың өкпелі.Неге екенін білмейсің 2 күн болды.Сені көрсе қашқақтайды.Сен не істейсің?
* Досың сені жақсы көретін киіміңді күйдіріп алды.Қандай шешім қабылдар едің?
* Сенің досыңды үлкен балалар қорқытып жатыр.Сенің әлің жетпейді.Не істейсің?
Келесі бөлімді мақал-мәтелдерге берейік
Достық туралы мақал-мәтелдер:
Диас
1.Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды.
2.Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық
3.Досың мың болса да аз,
Дұшпаның біреу болса да аз.
Жаңабек
1.Денің сау болса жарлымын деме
Жолдасың көп болса жалғызбын деме
2.Доыңды үш күн сынама, үш жыл сына
3.Екі жақсы қас болмас,
Екі жаман дос болмас.
Айбат
1.Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.
2.Жақсы жолдас жаныңа, жаман жолдас малыңа.
3.Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады.
Ақсамал
1.Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы.
2.Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын.
3.Досы жақсының , өзі де жақсы.
Хор: «Дос болайық бәріміз»
Келесі бөлім «Жақсы деген немене, жаман деген немене»
Топтастыру
І -топ Жақсы дос
ІІ-топ Жаман дос
Оқушылар оз ойларын ортаға салып, топпен жұмыс
Әдебиет -өмір айнасы,
Сахна оның жолдасы дегендей достық туралы көрініске кезек берейік.
Көрініс:Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты.Бірде замандастары шешеннен :
-Достық нешеу ?-деп сұрапты.
Әйтімбет:
-Достықтың 2 түрі болады.Бірі-адал достық, екіншісі -амал достық,-дейді.
-Дұрыс -ақ енді оларды қалай ажырата аламыз?
Шешен:
-Адал достық-өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өмірі қысқа болады-деп жауап беріпті.
/Оқушылар пікірін тыңдау/
Оқушылардан алынған сұхбат
Келесі бөлім даналық сөздер.
Ұлы даналар сөздері
Азамат
1.Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас (А.Құнанбаев)
2.Ең болмаса бір нағыз досы жоқ адам өмір сүрмей-ақ қойса да болады. (Демокрит)
3.Жұрттың бәріне дос боламын дегендер ешкімге де дос бола алмайды.(Омар Хаям)
Ақмаржан:
Жаман дос көлеңке. Басыңды күн шалса қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт шалса іздеп таба алмайсың. (Сенека)
Жансерік
1Досым үшін бәрін құрбандық етуге дайынмын.
2.Туыстық дос бола бермеуі мүмкін, ал дос әрдайым туыстай бола алады. (Франклин)
3.Нағыз дос қана өз досының осалдықтарына төзе алады. (Шекспир)
4.Ақылсыз достан, ақылды жау артық (Науай)
Жаңабек:
Дұшпандардың көптігінен қорықпа, олардың бірігуінен қорық.(Намада)
Жақсымен дос болсаң,
Алдыңнан шығар елпектеп
Жаманменен дос болсаң,
Сыртыңнан жүрер өсектеп (М.Өтемісұлы)
Сәлем өрен достарым
Өмірге көп қосқаным
Молайтыңдар шаттықты
Ән айтыңдар бақытты-дей отырып келесі кезекті әнге береміз.
Суреттер Жанар Айжанова «Достар әні»
Оқушылардың суретттері
Достық сөзін тарату
Д-дүниедегі
О-озық ойлы
С-сабырлы
Т-тұрақты
Ы-ыстық
Қ- қадірлі
«Досыма сыйлық» жаттығуы
Оқушылар шеңбер құрып өз достарына дайындаған сыйлығын береді.Ал досы затты алып, алғысын білдіреді.
Шын дос үшін қалайда
Тік қатерге басыңды
Айыра біл қалайда
Досың менен қасыңды.
Қортынды.
Айбат:
Дос
Дос емес достық сөзін көтермесе,
Саған жердің түбінен жетем десе.
Не қылып дос атыңа қосылады?
Көтермей бір сөзіңді бүйтем десе?
Нағыз дос бірін-бірі жамандамас,
Араға көп өкпе сап табандамас.
Көңілі татулықтың шабандамас
Жақсының әрбір сөзін қайырмаңыз,
Жасыған жездей болып мойымаңыз.
Сыр алмаған біреумен дос болам деп,
Сыр алған досыңыздан айырылмаңыз.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Осымен «Шын дос-асыл қазына» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.