Конспект поматематике 6 санының құрамы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


6 санының құрамы

Сабақтың мақсаты: 6 санының құрамын анықтай отырып, өрнек құру мәнін табу.

Танымдық ойындар ойнату арқылы ойлау қабілетін жетілдіру.

Оқушылардың білімге дегенқұштарлығын арттыру арқылы ынтымақтыққа, жолдастық көмекке жетелеу.

Көрнекілігі: Дидактикалы материалдар, цифрлар, геометрикалық фигуралар.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдылық кезеңі:

1. Оқушылардың оқу-құралдарын тгендеу.

2. Оқушылардың зейінін сабаққа арттыру.

Күллі әлемнің түрлі халқы

Тұратын жер құрылғы алты,

Бір туысқан алаш- алты,

Алтау ала болмау салты.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Кеше біз қандай санмен таныстық?

-6 саны мен

Сандар қатарын тура және кері санау.

1,2,3,4,5,6.

6,5,4,3,2,1.

Сандарды тақтаға жазғызу.

ІІІ. Өткен сабақтан алған білімдерін тексеру.

6 цифрын жазу.

-6 санын қалай шығарып аламыз?

-6 саны қандай сандардан артық?

- Қандай сандардан кем?

-Қосу және азайту амалына өрнек жаз.

5+1=6 6-5=1 6-1=5 6-4=2

2+4=6 6-2=4 6-3=3 3+3=6



Сергіту сәті.

Бір дегенде татылу, көтерілу.

Екі дегенде- иілу жазылу.

Үшке-үш шапалақ соғу.

Төрт дегенде қол созу.

Бес санына қол бұлғау.

Алтыға – отыра қалу.

V. Жаңа сабақ:

Бүгін біз 6 санының құрамымен танысамыз. 6санының құрамын анықтау үшін мен жоғарғы ұяшықтарға ойыншық қоямын ( дидактикалық материалдарды пайдаланамын). Жоғарғы ұяшықтағы ойыншықтарды санатамын.

-Ойыншықтар нешеу? (4)

-Екінші сөредегі ойыншық нешеу? (2)

-Екі сөреде барлығы неше ойыншық? (6)

-Демек, 6саны 4 пен 2 нің қосындысы екен.

Балалар, өз ойларымен ойыншықтарды ауыстырып отырады.

-Балалар, сөреге неше ойншық қойдыңдар? (3)

-Екінші сөреге ше? (3)

-Демек 3 пен 3-тің қосындысы да 6-ға тең болады екен.

Танымдық қабілеттерінарттыруға аралған жаттығулар.

6 санының құрамын анықтау


6 6 6

4 2 4 2 3 3


1+1+1+1+1+1=6 ( 1-ді 6 рет қосқанда 6 шығатынын тақтаға жазып көрсету)

5+1=6 4+2=6 3+3=6

Салыстыру.

6 см > 5см 5см < 6 см

Тақтамен жұмыс.

0<6 6 см>4см

6=6 6см =6см

2<6 3см <6см

6>5 7см >2см


VI. Жаңа материалдар бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі.

-6 саны қандай сандардың қосындысы екен?

1+5 3+3 5+1

2+4 4+2

Ойын «Жасырын санды тап».

2


4

6

6


4


2



Дәтермен жұмыс.


3+3; 0+6; 6-2; 6-0; 6-1.


Бекіту кезеңі. 6 саннының құрамын кестеден тапқызу.















Бағалау кезеңі: Оқушылардың білімін бағалау.