«Әліппе саған мың алғыс»
Барлық кітаптың атасы-Әліппе. Әліппені алғаш қолға ұстаған сәт әрбір адамның есінде ұзақ сақталары сөзсіз.Сондай-ақ әліппемен қоштасу да бірінші сынып оқушылары үшін өміріндегі елеулі оқиға.Сөзімізге төмендегі «Әліппе,саған мың алғыс!» атты сабақ нақты дәлел бола алады.Ондағы «Әліппенің» арқасында 42 әріпті таныған оқушылардың қуанышы сіздің де көңіліңізге нұр құяды.
Сабақтың тақырыбы: «Әліппе,саған мың алғыс!»
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау,өз өнерлерін ата-аналарға көрсету,белсенділігін арттырып,ұжымшылдығын күшейту.
2.Дамытушылық: Кеш барысында, тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып,толық жауап беруін,қабылдауын,зейін қоюын,есте сақтауын дамыту.
3.Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа,бірін-бірі сыйлауға.кеш барысында өзін-өзі дұрыс ұстауға және балалрдың эстетикалық талғамдарын түсіп,ана тілін сүйіп,қастерлеуге тәрбиелеу.
Безендірілуі: «Әліппе,саған мың алғыс!» сөзі жазылған плакат,суреттер,шарлар, жалаушалар,суретті әріптер, нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар! Тәуелсіз тұлпардай етек – жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта бүгінгі күні сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ. Бұл той бүлдіршіндердің тұңғыш тойы. Кеше ғана алаңсыз ойнап жүрген бүлдіршіндер,бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болып, азаматтық борыштарының алғашқы белесінен асып, тағы да бір жасқа есейіп отыр,
Тойларыңыз тойға ұласың.
Өсті міне тойларың
Өсті ақыл – ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларын - дей келе , сіздерді бүгінгі «» атты ертеңгілігімзді тамашалауға шақырамыз. Шәкірттердің тұңғыш рет қолдарына ұстап, бетін ашқан оқулығы – Әліппе. Бұл кітап бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы соқпағы, білімге бастайтын алғашқы жолы. Осы әліппе оқулығы арқылы біздер 42- әріпті танып, енді одан әрі үлкен – үлкен биік шыңға көтерілмекпіз. Ата – ананың мақтанышы, адал тәрбиелі азамат болып өсіңдер.
Хормен:
Енді шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың,
Шымылдығың ашайық.
Мұғалім:
Іші толған әріпке,
Бар білімнің бастауы,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол бастар,
Ол сүйікті Әліппе, Әліппе.
Олай болса, балалар, бәрімізге ең қымбат Әліппе досымызды ортаға шақырайық.
Хормен:
-Әліппе-деп 3 рет айтады. /Әліппе қасына «Ана тілі» оқулығын ертіп келеді./
Әліппе:
Армысыңдар, жас достар!
Армысыңдар ата – аналар,
Болашаққа жол бастар,
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады, сендердең.
Балалар, мен,бұл мерекеге қуана толғана келіп тұрмын. Жай келмедім. Өзімнен бастау алатын өздеріңе даңғыл жол салатын жаңа достарың «Ана тілін» шақыра келдім. Ана тілі, балалар, меннен не үйренді екен сен де бізбен бірге тамашала. Ал, балалар, бар өнерлеріңді көрсетіңдер.
Ана тілі:
Ана тілі, арың бұл
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл.
Өз тілінді құрметте, деп ақын Қ.Мырзалиев айтқандай, мен Ана тілі оқулығымын. Мен сендердің көңілді дауыстарыңды естіп, қуанып келдім балалар.
Мұғалім: Енді бәрімізге ең қымбат,білім патшасы «Әліппеге арналған тақпақтарымызды айтайық.
Жанесен:
Қош бол,құтты Әліппе,
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің.
Нұрсен:
Таныстырған 42 әріппен
Қош бол, менің сүйікті Әліппем,
Сенің арқаң оқи жаза білгенім
Сауатты адам қатарына кіргенім
Ерасыл:
Әліппем, менің әліппем
Өмірді көрем танып мен
Қайталап айтам мың рет
Өзіңе көп- көп рахмет.
Жансұлтан.
Әліппем менің Әліппем
Сені қолға алып, мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Нұрлы
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес, ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
Әлішер
Барлық әріп бағалы
Айтсақ әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды.
Мұғалім: Әліппе – оқу мен жазуға, үйрететін тұңғыш оқулық болса, қазақ балалары үшін алғаш «Әліппе» жазған кім?
Хормен: Ыбырай атамыз.
Сергіту сәттер.
Әріптер сөйлейді /Алфавитті жатқа айту/
А-әрпі. Жанесен
Менің үшін жақсы адам
Артық көрем басқадан,
Апа, ата сөздері
Қайсы әріптен басталған?
Н-әрпі. Ерасыл .
Ас біткеннің анасы
Қасиетті нан осы.
Қайсы әріптен басталған
Соңғы әрпіне қарашы.
Ғ-әрпі. Нұрсен
Ұқсайды өзі шалғыға
Елестет көз алдыңа,
Қане, ойланып табайық
Болды екен бұл қай әріп ?
Р-әрпі. Нұрлы
Қырларда құр- деші,
Жайылып жүр- деші.
Ал енді өзің-ақ
Р-р-р-р-деші.
П-әрпі. Әлішер
Ата-анаңмен барып сен
Пілді көрдің парктен
Осы атаулар зер салшы
Басталған қай әріптен?
О-әрпі. Жансұлтан
О-кәдімгі дөңгелек
Кетпесін ол дөңгелеп.
М-әрпі. Жанесен
Түйе өркешіне қарайық
Ұқсайды оған қай әріп?
С-әрпі. Ерасыл
Білезікке қарайық
Ұқсайды оған қай әріп?
Ы-әрпі. Нұрлы
Кесе, шыны, пияла
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейміз
Бәрінің атын не дейміз?
Ф-әрпі.Әлішер
Қос бүйірін таянып
Тұратын ол қай әріп.
Ж-әрпі. Нұрсен
Түн шымылдық ашқаннан
Жымыңдайтын аспаннан.
Көп шырақтың аты не
Қайсы әріптен басталған?
І-әрпі. Жанесен
Ірімшікті жедің ғой
Тәтті екен дедің ғой
Оның аты біз жазған
Қайсы әріптен басталған?
И-әрпі. Нұрлы
Үш шырпыдан қайсы әріп
Шығады екен құралып
Ал шырпыны төгіңдер
Құрастырып көріңдер.
З-әрпі. Нұрсен
Қаздан көре аласың
Қағаздан да табасың
Байқамасаң анықтап
Үш екен деп қаласың.
Ө-әрпі. Әлішер
Өрікте сөздің басында
Бөрікте б-ның қасында.
Бұл қай әріп көріңдер,
Енді айтып беріңдер.
Г-әрпі. Жансұлтан
Егіз десе-екінші,
Сегіз десе-үшінші
Бұл қай әріп екенін
Өзің қарап түсінші.
У-әрпі. Ерасыл
Үйрек десе-бірінші,
Бүйрек десе-екінші.
Бұл қай әріп екенін
Біреу айтып берсінші.
В-әрпі. Жансұлтан
Қосылса 13 арасы
Қандай әріп қарашы?
Мұғалім: - Балалар, мен сендердің әліппеден алған білімдерінді тексеріп көрейін.
Әліппе оқулығынан қанша әріп үйреніп жаздыңдар.(42)
Дыбыс нешеге бөлінеді?(2)
Дауысты дыбыс нешеу? (15)
Дауыссыз дыбыс нешеу? (26)
3 дыбыс 3 әріп бар сөз айт.
5 дыбыс, 5дыбыс бар сөз айт.
Қазақстан Респубилкасының призиденті кім?
Парта сөзінде неше буын бар, неше әріп бар, неше дыбыс бар?
Бір жылда неше мезгіл бар?
Алда қандай мереке келе жатыр?
Қазір қай мезгіл?
Табақта үш алма
Қолымда екі алма
Қосқанда барлығы
Болады неше алма?
( 5бес)
Көлден ұшты жеті қаз
Қайтып қонды екі қаз.
Қонбады енді нешеуі,
Қане, кім шешеді?
(5 бес)
42 жауынгер
Сапын түзеп тұрады,
Бүлдіршінлер қауымы
Сырын терең ұғады.
(Алфавит)
Пошта жәшігінде 5 хат бар. Оған тағы 2 хат салынды. Пошта жәшігінде неше хат бар?
Маймылда 4 банан болады. Бірнеше банан жегеннен кейін, оның 2 бананы қалды. Маймыл неше банан жеді.
Табақта 2 өрік
Қолымда 4 өрік,
Қосқанда барлығы
Болады неше өрік. (2+4)=6
6 алманың үшеуін
Досың сұрап алады,
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолында қалады. (6-3)=3
[pic]
Санау әні.
Мұғалім:
Шалқытып мерекеде би билейік,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық,
Аңыз – ертегідей бірге жеткен,
Құрметпен өнерпаздарды қарсы алайық.
Би. «Ариба»
Ата – аналарға арналған тақпақтар.
Жансұлтан.
Апа – ата алтын сен
Бізге үйреттің әліппе
Бізге нағыз жақынды
Сенен білдік әліппе.
Әлішердің орындауында «Анамның тілі – аяулы үні» өлеңін қабыл алыңыздар.
Ана тіліне арналған оқушылардың тақпақтарын тыңдайық.
1-оқушы Жансұлтан
Ардақтымыз анамыз
Аялаған баламыз,
Ақыл – саны ой берген,
Ана тілін аламыз.
2 – оқушы Жанесен
Ана тілің біліп қой
Еркіндігін теңдігің
Ана тілің, біліп қой
Мақтанышың елдігін.
3- оқушы Нұрлы
Ақыл – ойын адамның
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның.
4 – оқушы Ерасыл
Ана тілі – ұраным,
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты.
Ақ сүтіндей анамның.
5- оқушы Әлішер
Ана тілім – ұраным,
Ана тілім – құралым.
Ана тілі болмаса
Мықты болмас тұрағым.
6- оқушы Нұрсен
Әліппемен біз бүгін қоштасамыз,
Ана тілімен бәріміз достасамыз.
Білімді ұрпақ елімнің тірегі, деп
Айттып өтті елбасы – Нұркөкеміз.
Санамақ
Нұрсен:Бір дегенім-баспақ,
Бұзауды жүр бастап.
Жанесен: Екі дегенім-ешкі,
Ешкі қойдан есті.
Нұрлы: Үш дегенім –үйрек,
Жем бер, қолға үйрет.
Әлішер: Төрт дегенім –тайлақ,
Тайлақты қой байлап.
Жансұлтан: Бес дегенім-бие
Құлынына ие.
Ерасыл: Алты дегенім- атан,
Мініп жүрген атам.
Нұрлы: Жеті дегенім-жорға,
Жорғаны мін жолға.
Нұрсен: Сегіз дегенім- сиыр,
Сиыр тұзға үйір.
Әлішер: Тоғыз дегенім- тоқты,
Тоқты жемді соқты.
Жанесен: Он дегенім- осы,
Төрт түліктің досы.
Хор: «Әліппе» әні
Қорытындылау: Құрметті ұстаздар, ата – аналар, міне, бүгін, сіздер балаларыңыздың 4 ай ішінде не үйренгенін көріп тамашаладыңыздар. Білім негізі бастауышта – дегендей, осы бүлдіршіндеріңді алға, сүйреп, білімнің, өмірдің шынына жетелеу – біздің міндетіміз деп білеміз.
Ұстаз болу жүректің батырлығы
Ұстаз болу сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу мінездің күш қуаты
Азбайтұғын адамның алтындығы дей келе құттықтау сөзді мектеп директоры Алтаева Нұргүл Арыстанғалиқызына сөз беріледі.
Бойларында от бар екен байқадым.
Жүректерде шоқ бар екен байқадым,
Әрқашанда осы өнерді өшірмей,
Жалындатып, шарықтандар әрдайым - дей келе бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз.