Әдебиеттік оқу | 2 сынып |
|
Сабақтың тақырыбы | Төрт түлік туралы жырлар Қой |
Сілтеме | Жоспар |
Жалпы мақсаты | Төрт түліктің пайдасы туралы түсінік бере отырып, өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұндай білуге, сыни-тұрғыдан ойлана білуге машықтандыру. |
Күтілетін нәтиже | Оқушылар өлеңдерін мәнерлеп оқып, алған білімдерін өзгелермен бөлісе алады, жеке ойларын емін- еркін ортаға сала алады, өзін –өзі реттейді. Көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті қалыптасады. . |
Негізгі идеялар | Түрлі тапсырмалар орындауда топтық жұмысқа қалыптастыру, еркіндік атмосферасын құру, оқытудың жаңа тәсілдерін оқыту үдерісінің тәжірибесіне енгізу. |
Тапсырмалар | Диалогтық оқыту,пайым,ұтқырлық,тәртіп, АКТ "Көңіл-күй"тенингі," кестемен жұмыс , Топтық жұмыс , "Сөз құра,тез құра" ойыны |
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: І.Мотивациялық кезең Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару, топқа бөлу. Оқушыларды топтастыру. Бағалау түрімен таныстыру а) "Көңіл-күй " тренингі "Қайырлы күн "-деп айтамыз, Түсте бірге қайтамыз. Отбасының гүліміз, Көңілді өтсін күніміз! ә) "Ой шақыру" /жалпыға ортақ жеке жұмыс/ -Балалар,біз оқып жатқан тарау қалай аталады? -Ата-бабамыздан бізге қандай мұра қалды? -Бұл мұралар бізге қалай жетті? -Бұл мұраларды біз қалай атаймыз? б) Сәйкестендіру тесті /жұптық жұмыс/ Ертегі атаулары | Ертегіден алынған үзінділер |
Аңқау арыстан | Дүкеннің төрт бұрышынын тоқсан түрлі жиһазға толтыршы |
Байлық пен ақыл | Бір күні шал тұзағын қараса бір қаз түсіп қалыпты. |
Қасқыр мен түлкі | Бір күні бұлар бір тоқты ұрлап алыпты.
|
Ұр,тоқпақ | Менде еңбек сүйгіш екі қолым,қайрат-жігерге толы жүрегім бар |
Сақина | Сені жері отты,суы мол,оңаша шабындыққа апарайын.Сонда жүріп семір,сайраңда. |
Шибұт,Қылмойын,Қарынбас | Өсек айту жақсылыққа жеткізбейді,достым.
|
/бірін-бірі тексеру,смайликпен бағалау/ в) Кестемен жұмыс /топтық жұмыс/
Жан-жануарлар туралы ертегілері Қиял-ғажайып ертегілері
Шыншыл ертегілері
/Бармақпен бағалау/
ІІ. Операциялық кезең
а) " Артығын тап" /Топтық жұмыс/
Әр топқа жан-жануарлардың суреті беріледі,соның ішінен артық жануарды табады
Постер құру
І топ "Түйе" /аты,пірі, шақыруы,қасиеті,төлі,өнімі,пайдасы,т.б./
ІІ топ "Жылқы" /аты,пірі, шақыруы,қасиеті,төлі,өнімі,пайдасы,т.б./
ІІІ топ "Сиыр" / аты,пірі, шақыруы,қасиеті,төлі,өнімі,пайдасы,т.б./
Топтың жұмысын "Екі жұлдыз,бір тілек" арқылы бағалау/
ә) "Бұл не? Ол қандай?" /Жалпыға ортақ жеке жұмыс/
[pic] Бұл қой. Ол момын
Бұл жануар. Ол өнімді.
б) "Сыр сандық базарлығы"
Қой туралы бейнематериал,қосымша мәліметтер
в) Оқулықпен жұмыс Төрт түлік туралы жырлыр Қой
-Өлеңді мәнерлеп оқу;
-Мазмұнын талдау,сұрақ-жауап;
- Қойды сипаттау
г) "Сен-маған,мен-саған" /топтық жұмыс /
Бір сұрақ,бір жұмбақ,бір мақал-мәтел тарту етеді
І топ - ІІ топқа
ІІ топ-ІІІ топқа
ІІІ топ- І топқа /Оқушы жауаптарын "Бағдаршаммен" бағалау/
Сергіту сәті "Қошақаным"әні караоке
"Сен ,білесің бе?" айдары Қойдың жасына қарай атаулары
Балалар, біздің ата-бабамыз қойларды өсіріп қана қоймай оның тұқымына,өскен жеріне қарай ,түр-түсіне құйрық , бас ,құлақ бітістеріне ,жасына қарай ,т.б. ерекшеліктеріне қарай түрліше атаған екен.
Жасына қарай:
-үлкен (сақа) қошқар:
-азбан;
-ісек:
-дөнен қой;
-құнан қой;
-саулық;
-тұсақ;
-тоқты;
-марқа қозы;
ІІІ. Рефлексиялық кезең /Топтық жұмыс/
А)Кестемен жұмыс
Ә) Топ атауларын қоймен байланыстыру Ой толғау
Алтын күн - Қой
Мөлдір бұлақ-Қой
Жасыл жайлау--Қой
“Пайымдау сұрақтары” әдісі:
-Сабақта қандай әрекет ұнады?
- Не қызық болды?
-Жаңадан не білдіңдер?
-Не қиын болды?
Кейінгі тапсырмалар
Өлеңді жаттау
Кейінгі оқу
Сурет салу
Не сәтті шықты?
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Не сәтсіз болды?
_____________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Не өзгертесің?
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Жеті модуль көрініс тапты ма?
_____________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________