Математика
Сыныбы: 3 «Ә» 1
Сабақтың тақырыбы: Санды 6-ға көбейту және бөлуді қайталау.
Сабақтың мақсаты : санды 6-ға көбейту және бөлуді қайталау жайлы түсінікті қалыптастыру,білімдерін бекіту.
Логикалық ойын ,жылдам есептеу дағдыларын, математикалық тілін дамыту.Екі амалмен шығарылатын есептерді шығаруға жаттықтыру.
Оқушыларды ұйымшылдыққа,ұқыптылыққа баулу.
Түрі: саяхат сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, іздену.
Көрнекілігі: суреттер, кестелер,билеттер,үлестірмелі қағаз, интербелсенді тақта. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
-Сабаққа қажетті құралдарын әзірлеу
а)Психологиялық дайындық.
Сендерге табыс тілеймін,
Жарық пен жылу, денсаулық!
Бір – біріңе сендер де, тілеңдер тек жақсылық!
ә) Оқушыларды топқа бөлу,топ жетекшілерін сайлау.
1,2,3,4 санап, 1 деген санға тоқталған оқушылар 1-топқа, 2 деген санға тоқталған оқушылар 2-топқа отырады, 3 деген оқушылар, 3-топқа отырады, 4 деген санға тоқталған оқушылар 4-топқа отырады.
-Орналасып болсақ орнымызды табайық.
-Топ жетекшілерін сайлап алайық. Бағалау парақшасына бағалап отырамыз.
ІІ. Үй жұмысын тексеру: 63беттегі №6 дәптерін жинап алайық та,ауызша бекіту.
ІІІ. Білімдерін тексеру.
Ауызша есеп сұрақтар
Сұрақ-жауап түрінде тапсырмаларды орындап « Астана » сөзін шығару.
Бестен кейінгі сан – Алты
Екі көбейту төрт – Сегіз
Үш жердегі үш – Тоғыз
Қырық + жиырма – Алпыс
Нөлді санға бөлгенде? Нөл
Қосуды қалай тексереміз? – Азайтумен
Ендеше балалар,бүгін біз сендермен Астананың көрікті жерлерінің бірнешеуіне саяхатқа барамыз.
Мақсат қою кезеңі: Санды 6- ға көбейту және бөлуд» қайталау туралы білімдерін тиянақтау. «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған өмірдің кез - келген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байрағы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы ана тілімнен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен»?- деп Президентіміз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, қазақ үшін қымбат математика сабағы басталды.
* Бәсең дауыспен сөйлеу.
* Кезек сақтау .
* Дау - дамайға айналдырмау
* Тақырып төңірегінен ауытқымау
Дәптермен жұмыс ,күн реті,көркем жазу : 258 2
№ 1. «Бәйтерек»тапсырмасы /Баған түрінде жазып, есепте және дұрыстығын тексер /
1-топ: 2-топ 3-топ 4-топ
359+467 =826 635-579=56 405+257=662 720-409=311
356+458 = 814 1000-873=127 655+246=901 800-456=344
561-209 =352 654+167= 821 702-215=487 657+149=806
888-619 =269 725+237= 962 909-168=741 259+456=715
[pic]
№2. ,, Бейбітшілік пен келісім сарайы ,,-тапсырмасы / есептерді шығару/
1-топ
АВ кесіндісінің ұзындығы 5см, ал СД кесіндісінің ұзындығы 20см. Бір кесіндінің ұзындығы екіншісінен неше есе артық?
Ш.20см:5см = 4см
Ж: бір кесіндінің ұзындығы екіншісінен 4есе артық.
2-топ
АВ кесіндісінің ұзындығы 5см, ал СД кесіндісінің ұзындығы 20см.
СД кесіндісінің ұзындығы АВ кесіндісінің ұзындығынан неше сантиметрге артық?
Ш:20см-5см=15см
Ж: СД кесіндісінің ұзындығы АВ кесіндісінің ұзындығынан 15сантиметрге артық.
3-топ
Бір орамда 6 кітап, ал қорапта одан 4 есе артық кітап бар. Қорапта неше кітап бар? Ш: 6*4=24/кітап\
Ж.қорапта24 кітап бар.
4-топ
Бір орамда 4 кітап, ал қорапта одан 2 есе артық кітап бар.Осындай 5 қорапта неше кітап болады?
Ш: 4*2=8\кітап\
8*5=40\кітап\
Ж: осындай 5 қорапта 40 кітап болады?
[pic]
№ 3. ,, Нұр Астана мешіті ,, тапсырмасы –\Көбейту кестесі\ 3
Сергіту сәті ---- «Көктудың желбірегені» әні ,әуенімен ойнап тұрғанда
оқушылар тапсырманы орындайды./жылдамдықтарын бақылау/
1-топ
3-ке көбейту және бөлу кестесін толтыр.
2-топ
4-тің көбейту және бөлу кестесін толтыр.
3-топ
5-тің көбейту және бөлу кестесін толтыр.
4-топ
6-ның көбейту және бөлу кестесін толтыр.
[pic]
№4. Дәптермен жұмыс.
,,Хан шатыры,, Сәйкестендіру.Өзара байланысты сандармен теңдіктер құрастыр.
/ Тақтада орында/ Барлық топқа
1 , 0, 3, 4, 5 6, 7, 8, 9
6, 4, 2
0, 1
12, 18,36,24,0
1,54,32,48,42
[pic]
№5. ,, Астана Арена стадионы ,, – тапсырмасы.\Өрнек құрып, мәнін табу\ 4
1-топ
2-топ
3-топ
4-топ
[pic]
ІV . Білімін тексеру:
№6. ,, Цирк ,, - тапсырмасы. \Теңдеулерді шешу\
1-топ 2-топ 3-топ 4-топ
Х : 6 = 6 36 : Х= 6 Х *6 = 36 6 * Х= 36
Х = 6*6 Х =36 : 6 Х =36 : 6 Х= 36: 6
Х = 36 Х = 6 Х = 6 Х= 6
36: 6 = 6 36: 6 = 6 6 * 6 = 36 6 * 6 =36
6 = 6 6 = 6 36 = 36 36= 36
[pic]
V. Қорытынды: Шығармашылық жұмыс.
Ми гимнастикасы.Ширату.
1. Мемлекеттің бас қаласы-\Астана\,\Астана\,Astana\
2. Көбейткіштердің мәні- \көбейтінді\,\умножение\,\sum (сам)
3. Сәрсенбіден кейін үшінші күн-\сенбі\,\суббота\,\Saturday (camэдэй)
4. 1 килограмм мен 20 грамның қайсы ауыр-\1кг,\1kg \one – уан киллограм\
5. 4 мысық пен 3 тауықтың аяғы нешеу-\ 22 аяқ,\22 ног\,\22 itgs (туэнти ту лэгз)
6. «күн» мен «түн» немен аяқталады?- \«н» әріпіне\,на букву «н»\,\letter N-лэттэ эн)
7. Жер бетіндегі ең үлкен жануарды білесің бе?- \піл\,\слон\,\elephant (элифант)
8. Жемістің тәтті суы қалай айтылады?-\шырын\,\сок\,\juice\ (жус)
9. Бес тышқанның құлағы-\10\,\десять\,\ten\ (тэн)
10. Жеті сиырдың мүйізі-\14\,\четырнадцать\,\fourteen (фотин)
11. Дүйсенбі сөзіндегі әріптер саны-\8\,\восемь\,\eight (эйт)
12. Бағдаршамның көздері- \3\,\три\,\three (сри)
13. Екі қолындағы саусақ-\10\,\десять\,\ten (тэн)
14. Аптадағы күн саны -\7\,\семь\,\seven (сэвен)
15. Екі сабақтың арасындағы бос уақыт-\үзіліс\,\перемена\,\break (брик)
16. Шөптің түсі жасыл, ал теңіздің түсі ше?-\көк\,\синий\,\blue (блу)
17.Өрмекшінің аяғы нешеу?-\алтау\,\шесть\,\six (сикс)
18. «Шөл кемесі» атанған жануар-\түйе\,\верблюд\,\camel (кәмел)
19. Орман дәрігері-\тоқылдақ\,\дятел\,\woodpecker (вудпэкэ)
20. Екіге бөлінетін сан-\жұп\,\четное\
21. Цирктегі күлдіргіш әртіс-\сайқымазақ\,\клоун\,\clown (клаун)
22. Түтін шығатын қондырғы-\мұржа\,\труба\,\chimney (чимнэй)
23. Қыста болатын ызғарлы суық-\аяз\,\мороз\,\cold (коулд)
24. Қалың ағаш өсетін жерқалай аталады?-\орман\,\лес\,\fortst (форэст)
VІ. Үйге тапсырма: 64 бет №6
Оқушылардың білімдерін бағалау.
Рефлексия. / Өздерін – өздері бағалау /