Сабақ жоспары
Күні: 17.11.2016ж.
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Кімнің мекені жақсы?
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды өздеріне таптырып, өз ойын өз сөзімен жеткізе білуге үйрету. Жаңа мысалды талқылау.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, қиялы мен ойлау шеңберін дамыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды топтасып жұмыс істеуге тәрбиелеу, туған жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі мен құрал жабдықтары:ребус,оқулық.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың типі: Өткен сабақты жалғастыру.
Пәнаралық байланыс: дүниетану.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ.Жаңа материалмен жұмыс.
Балалар бүгін біз осы мәтіннің 3-ші бөлімін оқимыз. 79-беттегі мақал-мәтелді оқимыз.
Мақал-мәтелдер
1.Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
2.Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары.
3.Бақа көлінде патша,
Балық суында патша,
Жігіт елінде патша.
Әңгіменің 3-ші бөлімін оқу.
Сөздікпен жұмыс:
Көде – далалы жерде өсетін майда шөп.
Қуаңшылық – құрғақшылық.
Күннің аптабы – күннің ыстығы, лебі.
Діңділері – діңі жуан әрі ұзындары.
Балауыз дән – сүт дән, жас дән.
Шашау шығармастан – шашып – төкпестен.
Зая – құр босқа, бекерге.
Қорытынды:
-Мәтін неше бөлімнен тұрады?
-Өз тұрған жерің саған несімен ұнайды?
Мәтін кейіпкерлеріне ұқсап өз тұрған жерің туралы толғана әңгімелеуге тырыс: «О, шіркін! Дүниеде мен тұрған жерден...»
Үй тапсырмасы: 80 бет оқу,мазмұндау.
Бағалау.