Тақырыбы: «Наурыздағы тілек»
Мақсаты:
а) Білімдік. Оқушылардың жыл - басы наурыз туралы білімдерін
кеңейте отырып, сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
ә) Дамытушылық. Оқушылардың ақыл - ойын, шығармашылық
қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелік. Өз халқын сүюге әдептілік бойына сіңірген,
шығармашылық қабілеті дамыған азамат болуға жетелеу.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ой - толғау
Сабақ түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: Слайд, тест
Пәнаралық байланыс: дүниетану, ән
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындалу, құрал- жабдықтарын алдырып, сабақта жоқ оқушыларды түгелдеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Үй жұмысын тексеру.
1. Наурыз қандай мейрам?
2. Наурыз күні қалай аталады?
3. Наурыз көже қалай жасалады? Оған нелер қосылады?
3. Жаңа сабақ:
а) Сөзжұмбақты шешу
- Қандай сөз шықты? Ол жөнінде кім не айта алады?
ә) Әңгімелесу, түсіндіру.
Ұлыстың ұлы күні ел дастарқан жайып, бірін - бірі құшақтап, құттықтайды. Дастарқанға қазақтың дәстүрлі тағамдары қойылады.
«Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады» деген сенім бар. Дастарқан басында жастар үлкендердің батасын алған. Бата - үлкендердің өзінен жасы кішілерге беретін ықыласты тілегі. Әр адам отбасы мүшелерін немесе туыс-туғандары мен дос-жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді.
- Міне, біз осындай мереке күні айтылған «Наурыздағы тілек» өлеңімен танысамыз.
Өлеңмен таныстыру. Оқу.
Түсіндіру, сөздердің мағынасын ашу.
Бие – құлынның енесі
Алатау, Қаратау – таулар
б)Оқушыларға оқыту. Оқудың түрлері:
Іштей оқу
Тізбектей оқу
Бөліп оқу 3 бала
в) Тіл дамыту жұмысы. Орны ауысқан сөздер.
Достар, Ұлыстың , құттықтайды, күнімен, ұлы.
Достар Ұлыстың ұлы күнімен құттықтайды.
Тілек, жақсы, туған - туыстар, айтады.
Туған - туыстар жақсы тілек айтады.
Халқымыз, көшеге, егеді, тал.
Халқымыз көшеге тал егеді.
Дастарқанға, қойылады, тағамдар, дәстүрлі.
Дастарқанға дәстүрлі тағамдар қойылады.
г)Шығармашылық жұмыс.
Мұғалім: Бәйшешек жерді жайнатып, гүлдендіру үшін жолға шыққан.
Жолда оған боран кездесті. Бәйшешекті бораннан құтқару үшін біз тапсырма орындайық.
Шағын шығарма жазылады.
Ол үшін ата - анаңа, ұстазыңа, достарыңа арнап тілек білдіріп, құттықтау хат жаз.
3 - 4 балаға оқыту
- Балалар, үлкендер сіздерге қай уақытта бата - тілек айтады?
(Қолға су құю. Кішінің үлкенге қызметі. Баланың тұсауын кескенде. Келін түскенде. т.б )
Бата беру — [link] беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген.
Ал сіздер өздеріңіз қандай бата естіп жүрсіздер? Айта қойыңдар.
3 бала жатқа айтады.
Үйге тапсырма: Бата жаттау
Бағалау.
Оқушылардың баталары. (Жаттап алсын, таратып бер)
1 оқушы: Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын,
Қайда барса жол болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жала жерге енсін!
2 оқушы: Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Ниеттерің ақболсын!
Бастарыңа бақ қонсын!
Тыныш болсын еліміз!
Гүл жайнасын жеріміз!
3 оқушы: Уа, құдайым, оңдасын,
Жаманшылық болмасын.
Орта толып ырысқа,
Бейбіт өмір орнасын.
Бақыт ашып қақпасын,
Мәңгі бақи жаппасын.
Пәле-жала қазақты,
Іздесе де таппасын.
(Оқушылардың тілектері, 4 оқушыға оқытқыз. Алдын ала беріп қой сол кезде жазып берсін.)
1 оқушы.
Анашым сізді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Сізге денсаулық тілеймін.
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Қайда барсақ жол болсын!
Ұлы халқым тоқ болсын!
Қайғы уайымы жоқ болсын!
Қуаныштары көп болсын!
2 оқушы.
Бәріңізді көктемнің жарқын мерекесі Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Наурыз күні ойға алған барлық арман-мұраттарыңыз орындалып, үміттеріңіз ақталсын. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
3 оқушы.
Гүлнар әпкей сізді 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Жаңа Жыл от басыңызға жақсылық, дастарқаныңызға құт-береке алып келсін! Сізге денсаулық және бақыт тілеймін.
4 оқушы.
Ата, асқар таудай ақылшым. 22 наурыз мерекесі құтты болсын! Бұл күні берген ақ батаң қабыл болсын! Сізге зор денсаулық, мол бақыт тілеймін.