Конторольная работа по математике

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Математика

Уақыты:19.04

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Бақылау жұмысы №8

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық

Сабақтың жабдығы

Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкалар

Жалпы мақсаттар

Өткен тақырып бойынша білім, білік дағдыларын тексеру.1000көлемінде есеп жүргізу, ауызша жәнежазбаша есептеу, өрнектерді салыстыру, құрама есептерді шешу, теңдеу шешу дағдыларын тексеру.

Білу:

Жазбаша қосу және азайту тәсілдері;

Жай және құрама есептер туралы, шешу барысы және есепті шығару тәсілдері туралы түсініктерінің болуы;

Теңдеуді шешу.

Қолдану:

Бірнеше амалдан тұратын сөзді есептерді шығара білу

Өрнектерді салыстыра алу;

Фигураны сызып, оның периметрін табу.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Пазл құрастыру арқылы топтарға бөлу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Балалар бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:

Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!

Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!

Мен бәріңе Мейірім тілеймін!

Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!

Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! Және т.б.

Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!

1-нұсқа

І-нұсқа

881-693 251+464 280+30-50

1000-547 586+212 860-(130+70)

2.Есепті шығар.

Үш кітапта 926 бет бар. Бірінші кітапта 305 бет бар, екінші кітапта бірінші кітапқа қарағанда 35 бет кем. Үшінші кітапта неше бет бар.

3. Теңдеулерді шеш.

а-400=180 520+х=1000

4.Өрнектерді салыстыр.

886*450+390 1000-274*426+439

5.Фигура сыз, периметрін тап.

Ұзындығы 6 см, ені 3см тік төртбұрыш сыз. Оның периметрін тап.



ІІ-нұсқа

785-295 800-623 (170+780)-540

579+239 585+289 1000-(680+90)

2.Есепті шығар:

Гүлзарға 155 көшет райхангүлі отырғызылды. Оның 85-і қызыл түсті, ал қалғаны сары түсті.Қай көшет артық және неше көшет артық отырғызылды?

3.Құрылымы күрделі теңдеуді шеш.

952-х=120+325 а-750=1000-920 78+х=125+68

4.Өрнектерді салыстыр.

45+45*45+54 56-42*56-24 31+8*31+80

5. Фигура сыз, периметрін тап.

Қабырғасы 6 см шаршының периметрін тап.



Үй тапсырмасы

Оқулықта қалған тапсырмаларды орындау.

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.