Кунделікті сабак жоспары математикадан Көлем және оның өлшем бірлігі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Математика сабағы, 4 сынып

Батыс Қазақстан облысы,

Мунайлы ауданы, №12

орта мектебі

Койлыбаева Бахытжамал


Сабақтың тақырыбы: Көлем және оның өлшем бірлігі

Сабақтың мақсаты:

  1. Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, шжылдамдыққа, өз бетінше жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

  2. Білімділік: Куб ұғымын пысықтау. Көлем, тік бұрышты параллелепипед және оның көлемі, куб сантиметр ұғымдарымен оқушыларды таныстыру.

  3. Дамытушылық: Ой - өрістерін кеңейту, математикалық тілдерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Оқыту әдістері: түсіндіру, тапсырмалар орындау, сұрақ –жауап.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, электрондық оқулық.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды сабаққа даярлау.

ІІ Жаңа сабақ. Жаңа тақырып электрондық оқулық арқылы түсіндіріледі.(Оқушылар тыңдайды.)Геометриялық фигуралар көрсетіледі, соның ішінде текше жайында түсінік беріледі. Текше –көп жақты фигура, оның 6 жағы бар.



[pic]


Текшенің көлемін табуға болады. Оның үш өлшемі бар. Мұнда көлемді табу жайлы түсінік беріледі.

[pic]

Келесіні оқушылар өздері орындайды.

[pic]

Тақырып толық түсіндірілген соң, электрондық оқулықтағы тапсырмалар ретімен орындалады, әр тапсырма сол мезетте тексеріліп отырады.

1 тапсырма: Тапсырманы тыңдайды, 1 оқушы шығып, тышқан тетігін пайдаланып сызғышпен фигураның өлшемдерін өлшейді. клавиатураны пайдаланып, орындайды.


[pic]

Орындаған жұмыс тексеріледі.

2 тапсырма: 1 тапсырмадағыдай орындалады.

[pic]

3 тапсырма: Көлем өлшем бірліктері таныстырылады. Шторкамен жабылады. Берілген өрнектерді оқушылар өрнектеп, клавиатураны пайдаланып, жауабын жазады.

[pic]

4 тапсырма: Куб ұғымын пысықтауға арналған тапсырма.


Қорытынды: сұрақ – жауап. Кері байланыс

Үйге тапсырма

Бағалау.