Наурыз – жыл басы.
Мақсаттары: Білімділік: Оқушыларға Наурыз-жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Өлең, мақал-мәтелдер арқылы тілдік қорларын дамыту. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Тәрбиелік: Ата-ана, оқушы, ұстаз, жұртшылық өкілдерін ынтымақтастандыру. Қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.
Күй
1-жүргізуші: Уа, халайық, тыңдаңыздар!
2-жүргізуші: Естіменген естіңдер!
1-жүргізуші: Бәрің бермен қараңдар!
2-жүргізуші: Наурыз тойы басталды.
1-жүргізуші:
Уа, жарандар, жарандар!
Бәрің бері қараңдар,
Наурыз думан басталды,
Бір сәт зейін салайық.
Ұштасқан оймен мәңгілік
Біздерде бар сан ғұрып,
Ғасырлардан ғасырға
Келе жатқан жаңғырып.
Бермен жақын тұрыңдар,
Сөзіме көңіл бұрыңдар.
Жауқазындай Наурыздың
Жарапазан жыры бар.
2-жүргізуші:
Ей, жарандар, жарандар,
Бәрің бері қараңдар!
Еліме наурыз келді деп,
Той дабылын қағыңдар!
Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Елімнің дастарханына
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата-бабам тойлаған
Наурызым армысың!
1-жүргізуші:
Шаттықтың бірге шалқып тасқынымен,
Жолықсын қариялар жас күнімен.
Үлгі алсын жас ұрпақтар, той бастайық,
Ежелгі ата-баба дәстүрімен.
2-жүргізуші:
Ақынның шарықтасын асқақ әні,
Көтеріп жұрт көңілін тастағалы
Ағайын жолыменен бұрынғының
Отырмыз осы тойды бастағалы.
1-жүргізуші:
Жаңа жыл келсе,
Құт келгені халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық.
2-жүргізуші:
Қашанда Құт-береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу – салты елімнің.
Уа, халайық, теріп ал мәмпәсиді,
Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін.
1-жүргізуші:
Шашу, шашу. Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр
Уа, жамағат, жинап ал несібеңді,
Ризығың болсын көл-көсір!
Би: «Кең жайлау»
Айтыс: Архат пен Гулнафис
Ән: «Наурыз»
2-жүргізуші:
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
Күннің сөзі:
Ниеттеріңіз ақ болсын,
Наурыздың ақшақарындай.
Бастарыңа бақ қонсын ―
Шаштарыңның санындай.
Тыныш болсын даламыз,
Түгел болсын нуымыз.
Таза болсын ауамыз,
Тұнық болсын суымыз!
1-жүргізуші:
Қуантайық халайық,
Ай да келді ән салып.
Жаңа аймен толайық,
Би билейік жар салып.
Айдың сөзі:
Ән қосылсын әніңе,
Сән қосылсын сәніңе!
Ырысты боп жаңа жыл,
Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа!
Аман –есен жетейік.
Келер Наурыз тойына!
2-жүргізуші:
Бүгін күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа көгерді.
Соны тойлап ел енді,
Қуанышқа кенелді!
Жердің сөзі:
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
1-жүргізуші: Ал енді Күн Ана, Жер Ана, Ай Ана көп кешіктірмей ортамызға Наурыз Ару мен Қыдыр Атамызды шақырсақ.
Наурыз:
Сәлем саған – Күн Ана,
Сәлем саған – Ай Ана.
Сәлем саған – Жер Ана,
Сәлем қарты халқымның.
Уақытыма риза боп,
Бақытыма шалқыдым.
2-жүргізуші:
Уа Қыдыр Атамыз,
Айтылсын бізге батаңыз!
Қыдыр атаның сөзі:
Ал, тыңдаңдар батамды:
Ардақтаңдар атаны.
Көйлектерің көк болсын,
Қарындарың тоқ болсын,
Қуаныш-шаттық көп болсын,
Қайғы-уайым жоқ болсын!
Күлімдесін көкте күн,
Шуақ шашсын көктемің.
Орындалсын ойларың,
Тойға ұлассын тойларың!
Көрініс: «Бесікке салу»
«Бесік жыры»
«Әдли-ай!»
Болсын маған көмегің,
Тынышталғын, бөбеім.
Жан-жануар баласы
Паналайды даласын.
Әлди-әлди, әлди-ай!
Құлдырыраған құлыншақ,
Қара лақ та ұрыншақ
Үнсіз қалды, әнеки,
Ұйықта күнім, кәнеки,
Әлди-әлди, әлди-ай!
Ән: «Ариайдай»
Би: «Қара жорға»
Көрініс:«Тұсау кесу»
Сәби еңбектеуден өткен соң қаз-қаз басады, «тәй-тәй» жүре бастайды. Сол кезеңде сәби жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін деген тілекпен тұсауын ала жіппен кеседі. Мұның мәні мынада: халқымыз баланы тәрбиелегенде ұрлыққа , зорлыққа жаман іске, бұзақылыққа әуестенбе деп, дұрыс жолға салады. «Біреудің ала жібін аттама!» деп үлкендер айтады.Мұның мәні: аяқтағы ала жіптің болуы біреудің бір құлаш бас жібіне жолама, ал оның кесілуі ― баланың келешегіне жол ашу, ақ жол тілеу. Сол кезде «Тұсау кесер» жыры айтылады.
Қаз-қаз, балам, қаз, балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың,
Өмірге аяқ баса бер,
Асулардан аса бер.