Сабақ тақырыбы: Зат есімнің жасалуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: зат есімнің сөз табы болуға құқылы екеніндігін көрсететін белгілерін үйрету, зат есімнің түрлерін меңгерту
Дамытушылық: сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру, оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру
Тәрбиелік: тілдік-эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу, ұжымдық жұмыс барысында адамдық қасиеттерін дамыту, ұлттық рухты бойларына сіңіру
Сабақтың жабдығы: интерактивті тақта, семантикалық карта, бағалау жетондары
Сабақтың өту әдісі: ұжымдық талдау, ой қорыту
Көрнекілік әдісі: танымдық ойындар
Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу, еңбек
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру
Сабақ кезеңдерімен таныстыру
Қайталау – оқу анасы
Жаңа сабақ құпиясы
Кітап – досың, ақылшың
Білімді мыңды жығар
Жеті жұрттың тілін біл
Біліміңді байқап көр
Топқа бөлу
“ТАЛАП” тобы
“ЕҢБЕК” тобы
“ТЕРЕҢ ОЙ” тобы
“ҚАНАҒАТ” тобы
“РАҚЫМ” тобы
Үй тапсырмасын сұрау (116-жаттығу)
Өткен тақырып бойынша тест сұрақтары
“ТАЛАП” тобына Ашық буынды сөзді табыңдар:
А) орман Ә) мектеп Б) алша В) дәптер Г) жаңбыр
“ЕҢБЕК” тобына Қос сөзді табыңдар:
А) бесжылдық Ә) әп-әдемі Б) қаракөк В) Қосқұдық Г) жақсы
“ТЕРЕҢ ОЙ” тобына Біріккен сөзді табыңдар:
А) сынып Ә) итмұрын Б) шаруашылық В) ұзынды-қысқалы Г) демеуші
“ҚАНАҒАТ” тобына Тіркескен сөзді табыңдар:
А) қой бағу Ә) күйдің аты Б) балалар келеді В) он бес Г) алтын сақина
“РАҚЫМ” тобына Қысқарған сөзді табыңдар:
А) қолғанат Ә) медбике Б) Медетбек В) қорықтық Г) сапарлас
ЖАҢА САБАҚ ҚҰПИЯСЫ
Зат есімнің жасалуы
КІТАП - ДОСЫҢ, АҚЫЛШЫҢ
118-жаттығу
Көшіріп жазып, қосымша жалғанып тұрған зат есімдерді
тауып, түріне ажырат. Қандай өзгеріс болғанын түсіндіріңдер.
Нұрпейістің жыр айтуының Мұрын жыршыға ұқсас жағы да, айырмашылығы
да бар. Алдымен қайда, қалай оқу жайында біліп, айтатын ақылшы керек. Ер
қартайса қазаншы болар, бүркіт қартайса тышқаншы болар. Бұл жігіттің
бойындағы бар қасиет – атбегілік пен құсбегілік. Қалада Құнанбай жағының
сөзін сөйлеген қуғыншы даугерлер тіпті көбейіп кетті.
БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАР
“Талап” тобы
Наурызда қазақ балалары жарапазан айтып, алтыбақан құруға даярланды.
(күрделі сөз бен жалқы есімді табыңдар)
“Еңбек” тобы
Тоғызқұмалақ – қазақтың ұлттық ойыны. (зат есімді тауып, түрлеріне қарай ажырат)
“Терең ой” тобы
Қазақ салтында бас киім көріктілік пен сәнділікті, молшылықты білдіретін
қасиетті киім саналған. (деректі, дерексіз зат есімді анықта)
“Қанағат” тобы
Қазақ қолөнерінде сырмақ пен текеметтен басқа киізден жасалатын көптеген мүліктер бар.(дара және күрделі зат есімдерді анықта)
“Рақым” тобы
Қазақ жастарының талабы, өнері, жігері, қызметке жарамдылығы көрінетін жері – ойын-сауық. (зат есімдерді анықта, түріне қарай ажырат)
ЖЕТІ ЖҰРТТЫҢ ТІЛІН БІЛ
БІЛІМІҢДІ БАЙҚАП КӨР
Семантикалық карта
- Зат есім
түрлері
Мысалдар
Адамзат
Ғаламзат
Жалпы
Жалқы
Деректі
Дерексіз
Негізгі
Туынды
Күрделі
Абай
+
+
+
+
Қиял
+
+
+
+
Малшы
+
+
+
+
Көкшетау
+
+
+
+
Ұстаз
+
+
+
+
Шалқар қаласы
+
+
+
+
Жүген
+
+
+
+
Тайбурыл
+
+
+
+
Балалық
+
+
+
+
Ата-ана
+
+
+
+
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА
Көркем әдебиеттен таңдаған бес сөйлем жазып, негізгі, күрделі, туынды
зат есімдерді табу
ОҚУШЫЛАРДЫ БАҒАЛАУ