Жамбыл облысы
Тараз қаласы
№11 орта мектебі
Күні: 10.05.16 ж
Пәні: математика
Сыныбы: 1 «Б» сынып
Пән мұғалімі: Чмаева Ж.Д.
Тақырыбы: 20 көлеміндегі сандарды оқу, жазу және салыстыру
Сабақтың мақсаты: 1) Екі иаңбалы сандарды ондықтармен және бірліктермен санау арқылы шығарып алуға машықтандыру; Екі таңбалы сандарды оқу мен жазудың ерекшеліктерімен таныстыру, қатардағы орнына және ретіне қарай салыстыру, олардың ондықтар мен бірліктерден тұратынын аңғарту;
2) бір амалмен шығарылатын есептерді пысықтау, кестелік қосу мен
азайтуды және сәйкес ондықтарды қосу мен азайтуды қайталау;
3) іскерлікке баулу
Көрнекілік: интертақта слайдтары, әр түсті жолақшалар, сызбалар, кесте, цифрлар.
Әдісі: сұрақ - жауап, көрнекілік, топтық жұмыс, ойын.
Түрі: аралас сабақ.
Сабақ жүрісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық бетбұрыс
- Балалар, математика пәнінде оқушылар не істейді?
Жауаптары: санайды, қосады, азайтады, өлшейді.
- Дұрыс, ал адамдар нені санайды?
Нені өлшейді?
Нені қосады?
Нені азайтады?
Жауаптары: ақшаны, заттарды, дүкендегі заттарды, айлар мен жылдарды, т. б.
- Барлық мамандардың иелеріне санау, есептеу керек пе? (Ие)
- ендеше біз де бүгін тез, дұрыс, шапшаң санауды бастайық.
ІІ. Жаңа сабақ.
- Суретте неше жолақша бар?
- Әр жолақша неше шаршыдан құрастырылған?
- Он шаршыдан он рет алсақ, барлығы қанша болды? (100)
- Дұрыс, бұл бір жүздікті білдіреді
- Жүз саны былай жазылады: 100
2)
- Жасыл жолақша нешеу? (1 ондық)
- Суретте неше көк шаршы бар? ( 4)
- Барлығы неше шаршы бар? (14) Былай жазылады. (тақтада көрсету) Бұл - екі таңбалы сан.
- Жасыл жолақша нешеу? (1 ондық)
- Көк шаршылар нешеу? (6)
- Барлығы неше шаршы бар? (16 ) Бұл былай жазылады ( тақтада көрсету) Бұл да екі таңбалы сан.
ІІІ. Дәптермен жұмыс.
1) Көркем жазу сәті
- Екі таңбалы сандар мен 100 - ді әдемілеп жазамыз
14 14 14 14
16 16 16 16
100 100 100
2)№2. 6 бет (Интертақтадағы өрнектерді екі оқушы тақтада, қалғандары дәптерде орындайды)
І - топ: -------------------------------- ІІ - топ:
18 = 1онд. 8бірл. -------------------- 4 онд. 5 бірл. =45
24= 2онд. 4 бірл. -------------------- 6 онд. 1 бірл. = 61
37= 3онд. 7бірл. --------------------- 8 онд. 3 бірл. =83
(жауабын тексеру)
ІҮ. Сергіту сәті.
Сағаттың тіліндей иіліп оңға бір
Сағаттың тіліндей иіліп солға бір
Оң аяқ, сол аяқ
Жаттығу оңай - ақ. 1, 2, 3 – отырамыз тып - тыныш.
Ү. Слайдпен жұмыс:
- Кестедегі жазуды оқып беріңдер.
ҮІ. Есеп № 4. 7 бет.
Дулат - 10 дәптер ---------------------- Самат - 7 дәптер
Самат -?, 3 дәптер кем ---------------- Дулат -?, 3 дәптер артық
Ш: 10 - 3 =7 ----------------------------- Ш. 7+ 3 = 10
Ж: 7 дәптер ------------------------------ Ж: 10 дәптер
ҮІІ. Шығармашылық тапсырма.
1 - тапсырма:
2 доңғалақты - 3
3 доңғалақты - 1
Ш: 2+2+2+3 =9
2 - тапсырма: Шаршының 4 бұрышы бар. Бір бұрышын қиып тастасаң, қанша бұрыш
қалады?
ҮІІ. Сабақты қорыту: Не үйрендік? ( Ондықтармен 100 - ге дейін санайық.)
Не білдік? ( Ондықтар мен бірліктеріне ажырат: 19, 24, 45, 31.)
ІХ. Бағалау.