Тақырыбы: «Қош,сүйікті әліппе!»
Ертеңгіліктің өтілу барысы:
Мұғалім: Құрметті жиналған барша қауым, ата-аналар, ұстаздар, қонақтар. Биылғы оқу жылы оқушылар мен ұстаздар үшін ерекше жыл болды. Кеше ғана жаңа мектептің табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер бүгін саналы оқушы болып, білім бастауы Әліппені аяқтап отыр. Мұғаліммен бірге, оқушымен қоса оқыған ата-аналар еңбегіміздің жемісін көруге жиналып отыр.
Хор: Өтті оқу сан сабақ, бүгін үлкен салтанат,
Оқулықпен достассақ әліппемен қоштаспақ
Жақсы білім көрімдік, болсын сізге халайық,
Не үйреніп, не білдік, қане ортаға салайық.
Әліппе: ау, достарым, Әліппе тойы болады деп шақыру қағазы бойынша осы мектепке келдім. Балалар қайда?- әріптер неге көрінбейді?
Мұғалім:- Сәлеметсіз бе, Әліппе. Төрлетіңіз той осында. Кешіккен жоқсыз, балалар сізді тосты.
1. Сөзімізге құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз, Мархат
Әліппеге арналмақ бүгінгі жыр-әніміз.
2. Күмбір-күмбір қоңырау, соғылған ай қыркүйек,
Қалам ұстап қолыма жазылған ай қыркүйек. Айқын
3. Келгенімде алдыңа, қызыл арай гүл алып.
Жақын тарттың жаныңа шәкіртім деп қуанып. Дарын
4. Сипадың да басымнан, әліппені ұсындың,
Бақытымның осыдан басталғанын түсіндім. Дилназ
5. Келгенде алғаш мектепке , білмеуші едік әріп те.
Оқимыз қазір ертекті үйреткен оны Әліппе. Бекзат
6. Ең алғаш қолға алғанда Әліппені.
Қызығып қарай бердім әріптерді. Назар
Мен үшін сырлы жұмбақ бұл кітаптың
Ұстазым маған кілтін алып берді.
Ән: «Мектебім, аяулы мектебім»
Сахнаға түлкі келеді: О, мұнда мейрам болып жатыр ғой. Мен мейрамдарды жақсы көремін.
Мұғалім: Түлкіжан, бүгін 1-сынып оқушылары «Білім бастауы-Әліппені» бітірді. Олар енді оқи да, жаза да, алады.
Түлкі: Мен де оқи аламын.
Мұғалім: Мына сөздерді оқып берші. (Түлкі берілген сөздерді оқи алмайды).
Түлкі: Оқымай-ақ қояйыншы, шаршап тұрмын. Балалар, сендер оқып беріңдерші.
Түлкі: Балалар, сендер жақсы оқиды екенсіңдер. Мені үйретесіңдер ме?
Оқушылар: Иә!
Түлкі: Алақай! Мен сендерге би билеп берейін. Би.
(түлкі билейді, залда отырған балаларды биге шақырады.)
Түлкі: Жақсы, балалар! Маған орманға кету керек. Сау болыңдар!
Хор: Оқуды көп ойладық, қызығына тоймадық.
Әріптерді үйреніп, сауат аштық, тойладық.
Барлық әріп бағалы, айттық әділ бағаны.
Әріпсіз сөз болмайды, буын онсыз толмайды.
Адам барлық әріпті, ардақтайды, қолдайды.
Әліппе: «Әліппе» оқуға үйреткен әр күні, кім атын атай ғой?
Оқушылар: Мұғалім апай ғой.
Әліппе: Үйретіп санауды, көп еңбек сіңірген, кім атын атай ғой?
Оқушылар: Мұғалім апай ғой.
Ән: «Ұстазым»
1-оқушы: Әліппем, менің әліппем, сені қолға алып мен. Назар.
Есігін аштым мектептің, ертеңгі сәуле жарықпен.
Әліппе: Мен сендерге ризамын. Мені жақсы меңгеріпсіңдер. «Әріптер елінен» іздеген қымбат, асыл қазыналарыңды алып келдім.
Ол, «Ана тілі» кітабы.
Ана тілі: Ана тіліпәнімін, ана тілі ұраным.
Ана тілі болмаса, мықты болмас тұрағым.
Балалар, енді мені оқитын боласыңдар.
Мен сендерге көп нәрсені үйретемін.
2-оқушы: Қош бол, құтты әліппем, жол тұсауын кестің сен.
Аяулы анам болып сен, айыбымды кештің сен.Айқын
3-оқушы. Қош бол, құтты Әліппем, көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен, тақылдатып сөйлеттің.Дарын.
4-оқушы.Жеміске құты тола ма, Бір-бірлеп теріп алмасаң?
Әп-сәтте шыға қоя ма, еккен дәнің , ойласаң. Ақбота
Білім де сондай, қарағым, біртіндеп сіңер ойыңа
Ұғып ал: білім боларын шамшырағың жолыңда.
5-оқушы. Көлге айналған бұлақтың қайнар көзін көріп пе ең?
Том-том қалың кітаптың басы болар Әліппең. Нұрбота.
Ән: «Бала тілегі»
Әліппе: Қош болыңдар. Сендерге көп рахмет!
Оқушылар: Қош бол, құрметті Әліппе! (әліппе кетеді)
Балалар, кім сендерді мектептен келгенде қарсы алады? Ренжігенде жұбатады?
Ана! Әрине ана. Үйде сабақ оқуға көмектесетін де ана.
Ән: «Ай Мүсін»
(музыка жаңа жылға ойнайды, ақшақар келеді)
(Сахнаға Ақшақар мен мешін келеді, сыйлықтар ала келеді)
Армысыңдар, балалар, ұстаздар, ата-аналар! Бүгін 1-сынып оқушылары
бүгін әліппемен қоштасып жатыр екенсіңдер Аяз ата сендерге сыйлық беріп жіберді. Жаңа жылда жаңа кітаптың бетін ашып, жаңа білім алсын деген тілек айтыпты.(Ақшақар балаларға сыйлық таратады, келе жатқан жаңа жылмен құттықтайды
Вальс: Жазираның орындауында. 2-жұп билейді.
Ән: «Бол жанымда» ер балалардың орындауында.Ертеңгіліктің соңында ата-аналарға сөз беріледі,
Ақмола облысы
Астрахан ауданы
Ашық тәрбие сағаты:
Қош,сүйікті
әліппем!
Өткізген:ҚұлмағамбетоваПеризат
Орынбайқызы.
Жамбыл орта мектебі.