Оқуға құштарлық (2 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Тақырып:Оқуға құштарлық

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттері:еңбекқор, ақылдылық, білімділік

Класс:2


Сабақ мақсаты:

Балалардың «білім», «махаббат», «адамгершілік» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:



- Білімнің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

- Оқуға құштарлығын арттыра отырып, білім алуға ынталарын дамыту;

- Кітапты қадірлеуге, еңбекті сүюге тәрбиелеу.


Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) классикалық музыка жазылған таспа.

Ақ парақ, маркерлер


Сабақ барысы:

1.Алғашқы ұйымдастырукезеңi.Сәлемдесу.

Оқу құралдарына назар аудару.

Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену





2. Дәйексөз

Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ

(Халық мақалы)




3. Әңгімелесу

Адамға білім не үшін қажет?

Оқу кезінде қандай қиындықтар кездеседі?

Оларды қалай жеңуге болады деп ойлайсыңдар?

Білімді болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?

Білім неге жетелейді:


Өзара қарым-қатынас


4. Мәтінмен жұмыс.

«Табанды бала»

Аңыз әңгімедегі Әлімнің «Мен оқуым керек»деген өз мақсатына қалай жеткенін және оның үлкен ғалым болғанын мысалға ала отырып,балалардың оқуға құштарлығын арттыру. «Табанды бала»аңыз әңгімені оқу.

  • Бала өз мақсатына қалай жетті?

  • Баланың ғалым болуына қандай қасиеттері көмектесті?




5.Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс


1-топ: «Оқу» тобы: Кітаптың пайдасы туралы топтап жазу.

2-топ: «Білім» тобы: «Оқу, білім» туралы мақал-мәтелдер жазу, мағыналарын ашу.

3-топ: «Өнер» тобы: «Оқу, білімге» байланысты өлең шумақтар оқиды.

4-топ: «Еңбек» тобы: сөзжұмбақ




6.Топпен ән айту

Балалық шаққа саяхат.


7.Дәптермен жұмыс

Бақытты балалар елінің суреті арасынан жазу жазылатындай етіп бос қалдырған жолдарға олардың бақытты болуына нелер көмектесетінін жазу.Балалар тапсырманы орындайды,орындап біткен соң жария етеді.


8.Соңғы тыныштық сәтi. Көзімізді жұмып, баяу әуен толқынымен дұрыс әрекет пен мейірімділікті үйлестіре отырып, жүрегімізден өткізейік. Енді көздеріңізді ашыңыздар, жұмыстарыңыз үшін рахмет! Сабақ аяқталды.