Ашық сабақ Кітап өзгермейді. Жуан және жіңішке айтылатын сөздер

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ашық сабақ.

Тақырыбы : Кітап өзгермейді. Жуан және жіңішке айтылатын

сөздер

Мақсаты : Оқушылардың түсініп оқу және көркем жазу

дағдыларын қалыптастыру, жуан және жіңішке айтылатын

сөздер туралы түсініктерін кеңейту; белсенділіктерін

дамыту және адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі : кесте , қима қағаз.

Техникалық –құрал: мультимедиа.

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар назарын сабаққа аудару .

Балалар,біздің бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ,бүгін бізге қонақтар келіп отыр,қонақтармен амандасайық.

  1. Қонақтармен сәлемдесу .

Үлкендерге де « сіз »,

Кішіге де « сіз » ,

Сәлем бердік сіздерге ,

Құрметпенен біз.

-Балалар,бүгін біз өзіміз білетін ертегі кейіпкерлерінің берген тапсырмаларын орындаймыз.

Балалар экранға көз салайықшы,бұл қай ертегінің кейіпкері?

Дұрыс айтасыңдар.Балалар енді біз ертегі кейіпкерлерінің тапсырмаларын орындай отырып, Мақта қызға көмектесуіміз керек.

  1. Мысықтың тапсырмасы .

Бағдарлау-мотивациялық кезең. / Фишка беру/

«Қызық сөздер бәйгесі» буындардан сөз ойлау

/дәп-тер, мек-теп, сы-нып,тақ-та,/ Балалар қандай сөздер шықты,сөздердің ішінен жуан айтылып тұрған ,жіңішке айтылып тұрған сөздер қайсысы. Осыған байланысты ережелерді есімізге түсірейік.

Сабақ барысында да осы ережелерге сүйенеміз.

2. Сиырдың тапсырмасы .

Операционалдық-орындаушылық кезең. 35-36 б.

- Мұғалімнің мәнерлеп оқуы

-Оқушылардың оқуы

- Тізбектеп оқу

-Жеке 2-3 оқушыға оқыту

- Рөлге бөліп оқу

3.Ағаштың тапсырмасы.


Мазмұнын талдау

1. Әңгіме кімдер туралы?

2.Қожанасыр кімге келді?

3.Досы не істеп жатыр екен?

4.Қожанасыр досына не дейді?




5.Кітап неліктен ескірмейді екен?

4. Қыздың тапсырмасы. Сергіту кезеңі

Жел еседі,жел еседі

Тербеледі ағаштар

Жел еседі,жел еседі

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үлкен болып,өседі

6. Сатушының тапсырмасы

Әңгімеден жуан және жіңішке дыбыстар аралас келіп тұрған сөздерді табайықшы. Бұл сөздер біздің өткен ережелерімізге бағынбайды,неліктен екенін жоғары сыныптарда өтеміз. /кітап/ дыбыстық талдау жасау

- Балалар кітап туралы қандай мақал білесіңдер?

7.Тауықтың тапсырмасы.

Дәптермен жұмыс /отыру,дәптердің орналасу ережесі/

Көркем жазу «Суретті есте сақтап,ретімен жазу»

Тақтамен жұмыс.

49 –жаттығу Сөздерді дауыстап оқы. Құрамында жуан және жіңішке дауысты дыбыстар аралас келген сөздерді теріп жаз.Олардың жазылуын есте сақта.,буынға бөл. /дәріхана,мұғалім,таңертең, түйеқұс,қадірлі/

Сергіту кезеңі

8. Тышқанның тапсырмасы.

Рефлексиялық –бағалау кезеңі.

Балалар, тышқан сендерге қима қағаздармен тапсырма әкелді , сол тапсырмалардың өз үйін табыңдар.Сонымен ,балалар сөздер қалай айтылады екен? /жуан,жіңішке, аралас айтылатын сөздер/ Дұрыс айтасыңдар балалар,жуан,жіңішке айтылатын сөздерден басқа аралас айтылатын сөздер болады екен.

Балалар, сендерге көп рахмет.

Балалар,ертегі кейіпкерлерінің тапсырмаларын толығымен орындадық.

Мақта қыз сендерге көп рахметін айтып,сендердің барлығыңды жақсы көреді.