Біз – осындай баламыз!
Мектеп: №2 «Қашар орта мектебі»КММ
Сабақтың тақырыбы: Біз – осындай баламыз!
Cабақ: № 1
Құндылық: Дұрыс іс- әрекет
Қасиеттер: Батылдық, нәзіктік.
Мұғалім:Муратова А.Б
Сынып:2а-2ә
Сабақ мақсаты: «Өзін-өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: 2сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану» пәнін мазмұнымен таныстыру.
-Өзін – өзі және айналасын тануға деген қызығушылықтарын арттыру.
-Ізгілікке тәрбиелеу.
Ресурстар құралдар мәліметтер
Үнтаспа, сюжетті суреттер
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Тыныштық сәтi.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Қазір біз тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Біз терең тыныс алғанда біздің ойымыз тынышталады. Демді ішке алғанда жүрегімізді ішкі тыныштық пен қуанышқа толтырамыз. Ал, демімізді сыртқа шығарғанда мазасыздықты сыртқа шығарамыз. Ал, балалар дайындалайық. Көзімізді жұмамыз. Арқамызды тік ұстап, қол-аяғымызды айқастырмаймыз. Қолымызды үстелдің үстіне немесе тіземізге қоюға болады. 9-10 рет, баяу жасалады
– Балалар жазғы демалысымыз да аяқталып, жаңа оқу жылы басталды. Балалар, енді сендер екінші сынып оқушысысыңдар. Ер жетіп, ақылдарыңа ақыл қосылды. Сендерді алда қызығы мен шаттығына, жақсылығы мен жаңалығына толы «Өзін-өзі тану» сабақтары күтіп тұр. Ол сабақтарда өз бойларыңдағы жақсы қасиеттерің мен жаңа мүмкіншіліктеріңді білетін боласыңдар, сондай-ақ адами қарым-қатынаста шыншылдықпен танылып, адамгершілік құндылықтар мен денсаулықты бағалай білесіңдер. Табиғат перзенті, Отан ұланы екендеріңді мақтан тұтасыңдар.
2. Тапсырма
Оқушылардың «Өзін-өзі тану» пәнінен үйренген жақсы әдеттері мен қылықтарын жазғы демалыста қалай көрсете алғандарын білу мақсатында төмендегідей тапсырма беріледі.
Оқушыларға суреттерге қарап, «Менің жазғы демалысым» тақырыбына әңгіме құрастыру тапсырылады.
Оқулықтағы суреттерде балалардың жазғы демалыста бау-бақшаны күтуге қарасқандары; табиғат аясында серуен құрғандары; саяхат-сапарларға шыққандары; аулада ойнаған кездері бейнеленген. Балалар осы суреттерге қарап отырып және өздерінің демалыс кездерін естеріне түсіріп, басқа қызықты істері, есте қаларлық оқиғалары туралы әңгімелеп береді.
3. Дәйек сөз:
Өзіңді танығанда ғана өзгені білесің
А.Пивен
Бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіріледі.
Оқушыларға 2 – 3 рет қайталатып, жатқа сұралады.
Сұрақ:
Өз бойларыңда қандай жақсы қасиеттер бар деп білесіздер?
Мұғалім қорытынды жасайды:
- «Өзіңді тану арқылы өмірдің ақиқатын түсінесің» делінген халық даналығында үлкен мән бар. Шынайы өмірде жағымды да, жағымсыз да құбылыстар, әрекеттер кездесуі мүмкін. Соларды ажырата білу аркылы өмірдің жағымды жақтарын бойымызға сіңіріп, жақсы өмір сүруге, адамдарға және айналамызға қуаныш, бақыт сыйлай білуге үйренеміз.
Сабақ барысын талдау:
4. Әңгімелесу: Балаларға ертегі көрсету
«Сәлеметсіңбе, балақай!» бейнебаян түрінде көрсету.
Авторы: А.Петренко
Сұрақ:
Шығармашылық жұмыс және топпен жұмыс :
Ойын: “Сұрақ – жауап” ойыны.
Ойынның мақсаты: Сұрақтарға дұрыс, әрі тез жауап беруге дағдыландыру.
Ойынның шарты: Сыныпты екі топқа бөлу. Әр топқа сұрақтардың жауаптары жазылған карточкалар тарату. Сұрақ оқылғаннан кейін оқушылар дұрыс жауабын көрсетеді. Қай топтың дұрыс жауаптары көп болса, сол топ жеңеді.
Сұрақтар:
1. Сөмкеде не жатыр?
2. Бір аптада неше күн бар?
3. Асханада кім бар?
4. Сыныпта неше терезе бар?
5. Қолда неше саусақ бар?
6. Жазда ауа райы қандай?
7. Бір тәулікте неше сағат бар?
8. Мектеп неше қабатты?
9. Күзде не сарғаяды?
Керекті сөздер: қалам, жеті, аспаз, үш, бес, ыстық, жиырма төрт, үш, жапырақ.
Дәптермен жұмысТапсырма Кіші шеңбердің ішіндегі әріптерден мейірім, қамқорлық, тазалық, денсаулық, рахмет, кешіріңіз деген сөздерді . Сөздерді құрап төркоздерге жазамыз.
Топпен ән айту Ө. Ақыпбеков
Өзіңді тану
Жақсы болу – өзіңнен,
Жаман болу – өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзіңнен үйрен, өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
Мен қандаймын? – деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден,
Мен қандаймын? – деп ойла.
Өзіңді өзің қолыңа ал,
Өзіңсің ақыл айнасы.
Тиеді саған мәні бар,
«Өзіңді тану» пайдасы.
Үй тапсырмасы: «Балапан» әңгімесі «Ұлан» газетінен
Біз бақытты балдырғандар
Сөзі – М.Әлімбаевтікі
Әні – Ө.Байділдаевтікі
Тыныштық сәті:
Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзіміздіжұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!
Қорытынды: Алдағы уақытта өзгелерді ренжітпей, әділдік, мейірімділік, ақылдылық сияқты қасиеттерді бойларыңа сіңіре біліңдер. Еш уақытта еңбектен қашпаңдар. Еңбек бәрін жеңбек деген осы болар.