Сыныптан тыс жұмыс Жүзден жүйрік сайысы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: "Жүзден жүйрік"сайысы

Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.

Көрнекі іс-әрекеттік, сөздік-логикалық,ойлау әрекеттерін дамыту, ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыру. Оқушыларды шапшаңдыққа, икемділікке, ұжыммен жұмыста ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, белсенділікке тәрбиелеу.

Түрі: интеллектуалды ойын

Сайысқа қатысушылар: 2- сынып оқушылары

Барысы:

- Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі 2-сыныпта өткелі отырған "Жүзден жүйрік" атты сайысымызға қош келдіңіздер.

Шын жүйріктер сыналады жарыста

Жарыстың ба орта жолда қалыспа

Әділқазы бағалайды сіздерді

Жеңіс, мәре жақын ба, әлде алыс па?- деп бүгінгі сайысмыздың әділ қазылар алқасын сайлап алайық (бастауыш сынып мұғалімдері)

Ал енді сайысымыздың жоспарымен таныс болыңыздар:

1-айналым. "Ширату"

2-айналым "Ойлан, есепте"

3-айналым "Жалғасын тап"

4-айналым "Ойнай жүріп, ойлаймыз"

5-айналым "Білімді мыңды жығады "

-Олай болса, сайысымыздың бірінші айналымна кезек береміз.

1-айналым. "Ширату" Әр топқа сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі.

І топ

1.Тіл алғыш бала (елгезек)

2.Адамды тамақтандырады, бірақ өзі ештеңе жемейді.Ол не? (қасық)

3. Ұшатын көлік қалай аталады? (ұшақ, тікұшақ)

4. Үстел үстіндегі балықтардың үйі (аквариум)

5. Төрт тышқанның құлағы нешеу? (сегіз)

6. Жүрсең артыңнан ереді, бірақ орнында қалады.(із)

7. Қазақтың екі ішекті, көп пернелі саз аспабы (домбыра)

8. Кірпіге ұқсайтын өсімдік (кактус)

9. "Кел, балалар, оқылық" өлеңін кім жазды? (Ы.Алтынсарин)

10.Бос ыдыста неше құлпынай бар? (ыдыста ештеңе жоқ)

ІІ топ

1. Ата - анасының бірінші баласы (тұңғыш)

2. Циркте ең күлкілі әртіс кім? (сайқымазақ)

3. Заттың қимылын білдіретін сөз табы (етістік)

4. Бағдаршамның көздері (үшеу)

5. Екі сабақтың арасындағы бос уақыт (үзіліс)

6. Қандай сұраққа "иә" деп жауап бере алмайсың? (қате)

7. Қалың ағаш өсетін жер қалай аталады? (орман)

8. Абылайдың шын есімі кім? (Әбілмансұр)

9. Сағат, минут, секунд (уақыт бірліктері)

10. Есеп шығаруды үйрететін оқулықты ата (математика)

(1 - айналым бойынша ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады, 6 оқушы қалады )

2-айналым "Ойлан, есепте" Бос орынды толықтыр.Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан есептеледі.

(оқушылар жасырылған тапсырманы өздері таңдап алады, амалдарды орындайды)

[pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic]

(2 - айналым бойынша ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады, 4 оқушы қалады)


3-айналым. "Жалғасын тап". Мен мақалды жартылай оқимын, ал сіздер жалғасын тауып айтасыңдар. Жалғасын білсеңдер, алдарыңдағы жалаушаны көтеріңдер. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі.


1. Досы көпті жау алмайды, ........ Ақылы көпті дау алмайды.

2. Атадан жақсы ұл туса, Елінің қамын жейді,............ Атадан жаман ұл туса, Елінің малын жейді.

3. Қына – тасқа бітеді, ....... Білім – басқа бітеді.

4. Білімдіге дүние жарық............. Білімсіздің күні кәріп.

5. Жеті жұрттың тілін біл,............ Жеті түрлі білім біл.

6. Жақсы байқап сөйлер,...... жаман шайқап сөйлер.

7. Еңбек етсең ерінбей, ............ Тояды қарның тіленбей

8. Мектеп - кеме, ............. Білім-теңіз.

9. Әке көрген оқ жонар, ......... Ана көрген тон пішер

10. Білекті бірді жығар, ...........Білімді мыңды жығар

11. Оқусыз білім жоқ, ......... Білімсіз күнің жоқ.

12. Тауды, тасты жел бұзар,..... адамзатты сөз бұзар.

(3 - айналым бойынша ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығады, 3 оқушы қалады)


4-айналым. "Ойнай жүріп, ойлаймыз" мозайка құрастырудан жарысады.

[pic] [pic] [pic]

(4 - айналым бойынша ұпайы аз 1 оқушы шығады, 2оқушы қалады)



5-айналым. "Білімді мыңды жығады". Мәтіндегі бос орынға керекті суретті қойып, мәтінді толықтырады. Әр оқушы дайын болған мәтінін шығып оқиды.

Жаңбыр

[pic] ыстық еді. Балалар [pic] теруге тоғайға барды. Күн .

Дауыл қатты соғып, [pic] сіркіреп жауа бастады.

Балалар [pic] қайтты.


Көкек

[pic] ұя салмайды. [pic] баспайды. Ол бір ғана туады. Жұмыртқасын торғайдың [pic] тастап кетеді. Оны [pic] басып шығарады.

Біреу озса сайыста,біреу артта қалады.

Ренжімей тарасса, озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден- жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау-деп ойынымыздың соңғы бөлімін аяқтадық, оқушылардың ұпай санын есептеп, жеңімпазды анықтайтын кезге де жеттік. Әділ – қазылар анықтап болғанша, тамаша әуенге кезек берелік.

"Жүзден жүйрік" әнін орындайды.

Әділ – қазылар алқасына сөз кезегін беру

Әр айналым бойынша жоғары ұпай жинаған оқушы"Жүзден жүйрік" номинациясымен марапатталады.

Қорытынды

Алдағы уақытта да ерінбей, жалықпай оқуды оқып, ойымызға тоқып жүрелік. Білімді болыңыздар! Сайысымыз аяқталды.