«Жігіт сұлтаны»
Мақсаты: Болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, жөн-жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу.
Мұғалім : Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Сіздер бүгін жігітке жеті өнер де аз дегендей 4-сынып оқушыларының «Жігіт сұлтаны -2016ж» сайысына қош келіпсіздер.
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қорғамақ.
Жігіттер шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ.
Құрметті көрермен қауым, ендеше сайысқа түсетін жігіттерімізді қол соғып қарсы алайық. Бүгін міне біздің сыныптағы жеті жігіт өз өнерлерін көрсетпек. Сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап жігіттеріміздің өнерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық.
1.Таныстыру
Жүргізуші: Жігіттер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дамытуға,
Жігерленіп келіп жетті ,
Әдеппен, ізетпен табысуға.
1.Қуантады білімімен бізді Нұрым
Қол соғып қарсы алайық, енді оны біз.
Білімің серік болсын талабыңа,
Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз.
2. Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің Жансұлтан
Көрінген күштің басынын
3. Сыйлаған ата-анасын
Үлкеннің алған батасын ол Дияс
4. Сүрінбей сыннан өтемін
Мақсатыма жетемін деп келе жатқан Бегайдар
5. Жігіттің дара туған ірісіндей
Жүрісі батырлардың жүрісіндей
Келбетті батыр тұлға
Сом білек Қажымұқанның інісіндей Мұхаммедамин
6. Ақынның тұяғымын сартылдаған
Асылдың сынығымын жалтылдаған деп келе жатқан Ерлан
7. Арман бар биік шыңға шықсам деген
Қыран боп көк әлемге ұшсам деген
Бүгінгі сайыста жеңіп шығып
Кең сермеп қанатымды ұшсам деген ол Нұрман
2-кезең «Білгенге маржан»
Ал, кәнеки қырандар
Босқа қарап тұрмаңдар.
Бастап жігіт өнерін
Алыстарға самғаңдар
«Біреу білмегенді біреу біледі» дегендей салт-дәстүрге байланысты сұрақ-жауап.
1. Төрт түлік малды ата.
2. Түйенің сүтін ата.
3. Киіз үйге жарық қайдан түседі?
4. Сәби баланың төсегін ата.
5. Ер жігіттің бес қаруын ата.
6. Қазақтың ұлттық ойындарын ата.
7. Ұлыстың ұлы күні жасалатын тағам
3-кезең. Өнер көрсету
Кедеймін деп қысылма
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында –кезекті өнер сайысына берейік.
1.. Дияс «Қара жорға» биі
2.Ерлан «Анашым» әні
3. Нұрман «Ауылым» әні
4-кезең. Қамшы өру
Шеберлерім өнер тамып қолынан
Жаңылмаған ата-баба салтынын
Шебер қолдар өз өнерлерін көрсетсін
Біз айталық төрелігін соңынан
5-кезең. Күш сынасу
Ат өнері білінбес
Бәйгеге түсіп жарыспай
Қоян қолтық алыспай (Өз ара білектесіп күш сынасады)
6-кезең. Сән үлгісі
Жігіттер ұлттық киім үлгілерін көрсетеді.
Қортынды. Жеңімпазға «Жігіт сұлтаны» деген атақ беріліп, қатысқан оқушылардың барлығына сыйлықтар және мақтау қағаздарымен марапатталады
Сабақтың тақырыбы: «Жігіттің сұлтаны»
Мақсаты: Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру, ұлтымыздың салт-дәстүрін құрметтеуге, өнерде, өмірде кездесетін ұлттық нақыштарды сақтауға, отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз жігіттің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: плакаттар, мақал-мәтелдер, шарлар
Байқауға қатысушылар: 4 « ғ» сынып оқушылары
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін бізде «Жігіт сұлтаны» бойында өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы өтпекші.
2-жүргізуші:
Нағыз кәусар жігітті,
Нағыз қайсар жігітті,
Нағыз бұлбұл жігітті,
Нағыз дүлдүл жігітті,
Анықтайтын кез келді!
1-жүргізуші: Уа халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қолдамақ,
Ел намысын қорғамақ,
Ұлдар шықсын ортаға
Бүгін сұлтан атанбақ! – дей отырып, ортаға «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыс қырандарынымызды шақырайық! Қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші: «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыс қырандардың ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші әділқазылар алқасымен таныс болайық.
1-жүргізуші:
Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық,
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауымды сайыстың барысымен таныстырып өтейін:
I бөлім. «Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру.
II бөлім. «»
III бөлім. «Сән үлгісі» үй тапсырмасы
IV бөлім. «Ұтыссыз лотерея» ойыны
V бөлім. «Ең үздік шаштараз»
VI бөлім. Қорытынды
2-жүргізуші: Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрге гой сыр мен сымбат.
Арзан, жаған күлмейтін, шын күлерлік,
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат, - дей отырып, «Жігіт сұлтаны» байқауын бастаймыз. Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.
1-жүргізуші: Ақыл-көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршаңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді,- деп, сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң...» деп аталады. Сайысқа қатысушы жігіт сұлтандары өздерін таныстырып өтеді.
Өнер қуып жігіттер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түскен сегіз жігіт кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін.
2-жүргізуші: Таныс болдық жігіттер тегіменен
Туып өскен мекені,еліменен.
Барлығыда ақындар көрінеді,
Таныстырып кеттіғой төгіп өлең.
1-жүргізуші: Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықты танытар.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде сенде, қуана бер күлімде, - деп «Тілдер марафоны» деп аталатын сайсымыздың келесі бөліміне кезек береміз. Бұл сайыста сайыскерлеріміздің тек қана қазақ тілін емес, сонымен қатар ағылшын тілін қалай меңгергенін тексереміз.
Өзіңізді ағылшын тілінде таныстырыңыз. (аты- жөніңіз, қандай мектепте, нешінші сыныпта оқисыз, хобби, т.б.
Ағылшынша айларды атап, қазір қандай ай екенін айтыңыз
Көңіл күйіңіз қандай екенін, апта күндерін, бүгін аптаның қай күні екенін айтыңыз
Жыл мезгілдерін атап беріңіз, қазір қандай жыл мезгілі және осы жыл мезгіліне кандай айлар жатады?
Ауа райындағы құбылыстарды ата ( күн шуақты, бұлтты, желді, жаңбырлы, қарлы). Бүгін ауа райы қандай?
1-жүргізуші: Келесі кезеңіміз «Ұтыссыз лотерея» ойыны
Бұл ойынымыздың шарты ұлдар лоторея билеттерін алып жағдаяттан шығуы тиіс. Ал көрермендеріміз ұтысын қошеметтеп, шапалақтау керек.
Тапсырмалар: 1. бірге есіктен шығу ( ұл бала есікте ашып қыз баланы өткізуі тиіс)
2. биге шақыру ( Қыз балаға жақын барып, сал иіліп: « Сені биге шақыруға болама?» деп айту керек. Сосын қолынан ұстап тақта алдына шығуы тиіс)
3. сырт киімін киюге комектесу ( Сырт киімін жеңіне қолын кигізгенге дейін ұстап тұрып, сосын жағасын дұрыстауға көмектесу керек)
4. Әңгімелесіп отырған екі қыз баланың біреуінен ( ) уақыттың қанша болғанын сұрау. (Қыздарға жақын барып: «Әңгімелеріңді бөлгеніме кешіріңдер. , сағаттың неше болғанын айтып жіберші» деу керек)
5. телефон соғып ағылшыннан не бергенін сұрау. Егер уйде жоқ болса анасымен сөйлесу (Сәлеметсізбе шақырып жіберіңізші. Онда мен телефон соқты деп айтыңызшы, ағылшыннан не бергенін сұрайын деп едім.)
2-жүргізуші: Ал енді сайысымыздың соңғы кезеңі « Ең үздік шаштараз» атты байқауымызға берейік. Бұл байқауда жігіттеріміз қыздардың шашына шаш үлгісін жасайды. Жігіттеріміз шаш үлгісін жасағанша, келесі кезекті әнге берейік.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Өздеріңізбен бірге қызықтап,өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне тірелер болсақ, « Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
2-жүргізуші: Бүгінгі сұлтандарымыз, нағыз қазақ жігіттері бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарына нұр жаусын дейміз! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын.
Тәрбие сағатының тақырыбы: Жігіт сұлтаны
[link]
Описание:
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы
М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебі нің
бастауыш сынып мұғалімі Кукенова Нуржамал
Тәрбие сағатының тақырыбы: Жігіт сұлтаны
Мақсаты: Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру, ұлтымыздың салт-дәстүрін құрметтеуге, өнерде, өмірде кездесетін ұлттық нақыштарды сақтауға, отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз жігіттің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: плакаттар, мақал-мәтелдер, шарлар
Байқауға қатысушылар: 7б сынып оқушылары
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін бізде «Жігіт сұлтаны» бойында өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы өтпекші.
2-жүргізуші: Нағыз кәусар жігітті,
Нағыз қайсар жігітті,
Нағыз бұлбұл жігітті,
Нағыз дүлдүл жігітті,
Анықтайтын кез келді!
1-жүргізуші: Уа халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қолдамақ,
Ел намысын қорғамақ,
Ұлдар шықсын ортаға
Бүгін сұлтан атанбақ! – дей отырып, ортаға «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыс қырандарынымызды шақырайық! Қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші: «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыс қырандардың ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші әділқазылар алқасымен таныс болайық.
1-жүргізуші: Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық,
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауымды сайыстың барысымен таныстырып өтейін:
I бөлім. «Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру.
II бөлім.« Тілдер марафоны»
III бөлім. «Сән үлгісі» үй тапсырмасы
IV бөлім. «Ұтыссыз лотерея» ойыны
V бөлім. «Ең үздік шаштараз»
VI бөлім. Қорытынды
2-жүргізуші: Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрге гой сыр мен сымбат.
Арзан, жаған күлмейтін, шын күлерлік,
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат, - дей отырып, «Жігіт сұлтаны» байқауын бастаймыз. Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.
1-жүргізуші: Ақыл-көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршаңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді,- деп, сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң...» деп аталады. Сайысқа қатысушы жігіт сұлтандары өздерін таныстырып өтеді.
Өнер қуып жігіттер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түскен сегіз жігіт кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін.
2-жүргізуші: Таныс болдық жігіттер тегіменен
Туып өскен мекені,еліменен.
Барлығыда ақындар көрінеді,
Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.
1-жүргізуші: Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықты танытар.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде сенде, қуана бер күлімде, - деп «Тілдер марафоны» деп аталатын сайсымыздың келесі бөліміне кезек береміз. Бұл сайыста сайыскерлеріміздің тек қана қазақ тілін емес, сонымен қатар ағылшын тілін қалай меңгергенін тексереміз.
1. Өзіңізді ағылшын тілінде таныстырыңыз. (аты- жөніңіз, қандай мектепте, нешінші сыныпта оқисыз, хобби, т.б.)
2. Ағылшынша айларды атап, қазір қандай ай екенін айтыңыз
3. Көңіл күйіңіз қандай екенін, апта күндерін, бүгін аптаның қай күні екенін айтыңыз
4. Жыл мезгілдерін атап беріңіз, қазір қандай жыл мезгілі және осы жыл мезгіліне кандай айлар жатады?
5. Ауа райындағы құбылыстарды ата ( күн шуақты, бұлтты, желді, жаңбырлы, қарлы). Бүгін ауа райы қандай?
1-жүргізуші: Келесі кезеңіміз «Ұтыссыз лотерея» ойыны
Бұл ойынымыздың шарты ұлдар лоторея билеттерін алып жағдаяттан шығуы тиіс. Ал көрермендеріміз ұтысын қошеметтеп, шапалақтау керек.
Тапсырмалар:
1. бірге есіктен шығу ( ұл бала есікте ашып қыз баланы өткізуі тиіс)
2. биге шақыру ( Қыз балаға жақын барып, сал иіліп: « Сені биге шақыруға болама?» деп айту керек. Сосын қолынан ұстап тақта алдына шығуы тиіс)
3. сырт киімін киюге комектесу ( Сырт киімін жеңіне қолын кигізгенге дейін ұстап тұрып, сосын жағасын дұрыстауға көмектесу керек)
4. Әңгімелесіп отырған екі қыз баланың біреуінен ( ) уақыттың қанша болғанын сұрау. (Қыздарға жақын барып: «Әңгімелеріңді бөлгеніме кешіріңдер. , сағаттың неше болғанын айтып жіберші» деу керек)
5. телефон соғып ағылшыннан не бергенін сұрау. Егер уйде жоқ болса анасымен сөйлесу (Сәлеметсізбе шақырып жіберіңізші. Онда мен телефон соқты деп айтыңызшы, ағылшыннан не бергенін сұрайын деп едім.)
2-жүргізуші: Ал енді сайысымыздың соңғы кезеңі « Ең үздік шаштараз» атты байқауымызға берейік. Бұл байқауда жігіттеріміз қыздардың шашына шаш үлгісін жасайды. Жігіттеріміз шаш үлгісін жасағанша, келесі кезекті әнге берейік.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Өздеріңізбен бірге қызықтап,өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне тірелер болсақ, « Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
2-жүргізуші: Бүгінгі сұлтандарымыз, нағыз қазақ жігіттері бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарына нұр жаусын дейміз! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын.
Жігіт сұлтаны» дәстүрлі сайыс
Мақсаттары: Оқушылардың бойында ұлттық салт-дәстүрімізге сай көріктілік,ептілік,ержүректілік қасиеттерді қалыптастыру.
7 мамыр – Ұландар күні, 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 3-сынып ұл балалар арасында сайыс өткізіп,сезімін ояту, дарындылығын дамыту.
Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, халықтың әдет-ғұрпын,салт-дәстүрін сақтап онан әріқарай жалғастырып тәрбиелеу.
Жүргізілу әдісі: Сайыс түрінде
Көрнекілігі : Суреттер,шар,гүл,көгершін,қанатты сөздер,төсбелгілер.
Тәрбие сағатының барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Кіріспе сөз.
ІІІ. Сайыстың барысы.
1-жүргізуші: Настя
Құрметті ата-аналар,ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі 3-сыныбының «Жігіт сұлтаны» атты дәстүрлі сайысын тамашалауға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Меруерт
Уа,халайық,халайық.
Мұнда назар салайық
Ата-жолын жалғайық
Ел дәстүрін қолдайық.
Ұлдар шықсын ортаға
Бүгін сұлтан атанбақ.
Настя: Ақыл-көркі бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршаңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді.
Енді сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасын сайлап алайық.
2-жүргізуші: Құрметті көрермен қауым, Енді сайыскерлерді қошеметтеп ортаға шақырайық. 6 сайыскер ортаға шығады.
1-сайыскер – Шығанов Бекзат Боранбайұлы
2-сайыскер - Қайырбек Жақсылық Қуанышұлы
3-сайыскер – Нурмат Саяжан Бауыржанұлы
4-сайыскер- Есілбаев Даурен Тайпұлы
5-сайыскер- Сыздықов Алмат Саматұлы
6-сайыскер – Әуелбек Бегімбет Дәулетұлы
Настя: Асқақтаған ән дайын,
Күмбірлеген күй дайын.
Ал,қанеки, қырандар
Босқа қарап тұрмаңдар
Бастап жігіт өнерін
Биіктерге самғаңдар.
Меруерт: Береке де осында
Мереке де осында.
Болып жатыр той-думан
Қырандардың қасында
Настя:
Сайысқа қатысушылар,көпшілікпен сәлемдесіп,өздерін таныстырады.
1-кезең таныстыру.
Меруерт:
Ал жігіттер!
Сендерге артар міндет көп
Көтер биік ата салтын құрметтеп.
Ақтай білсең ата-баба үмітін.
Әрбір сөзі тәлімі мол бір мектеп, дей отырып 2-кезең мақал-мәтелден жарысы.
Настя:
Жылдар-жылдар тарихтың мол беттері,
Сен әкелген жақсылықтар көп тегі,
Көңілді шат сезімге баурайды.
Халқымыздың өткені мен ертеңі, дей отырып 3-кезең Үй тапсырмасы.
Настя : «Көркіне ақылы сай» қазақтың салт-дәстүрлеріне байланысты сұрақ –жауап. Келесі 4-ші кезең Сұрақ-жауап.
Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықты танытар
Бұл сыннан өтсең егер сүйінші
Жүлде сенде,қуана бер күлімде – деп
Келді кезек тапқырлықты танытар.
Меруерт:
Қайсысы әнші,кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек,кім жылдам
Талаптарын табайық, дей келесі 5-кезең серілеріміз өздерінің өнерлерін көрсетеді.
Настя: Енді әділ-қазылардың жауаптарын күткенше өлеңге кезек береміз.Сыздықов Алматтың орындауында «Сарбаздар» әнін қабыл алыңыздар.
Бүгінгі сұлтандарымыз, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті.Әрқашан сыналған шақта сүрінбей қадамдарыңа нұр жаусын дейміз! Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!
Меруерт:
Құрметті өнер сүйер қауым,қадірлі қонақтар, ата-аналар! Өздеріңізбен бірге қызықтап,өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы осымен аяқталды.
Бастауыш сынып мұғалімі: Миргалиева Ж.Г.
Автор: Миргалиева Ж.Г.
Просмотров: 3425
Дата создания: 23 Мая 2011 г.
Дата редактирования: 23 Мая 2011 г.