Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Сүйемін, өскен Отаным»
Сабақтың мақсаты: Өлеңнің мазмұнын түсіндіру, М. Мақатаев туралы мәлімет беру.
Міндеттері:
өлеңнің негізгі ой-идеясын аша отырып, жаңа сабақты таныту;
оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, есте сақтауларын, тілдік қорларын молайту;
өлеңнің мазмұнын меңгере отырып, туған елін, жерін құрметтеуге, отаншылдыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Типі: жаңа білім беру
Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, шығармашылықпен жұмыс, көрнекілікпен жұмыс
Көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта
Сабақтың барысы: І. Бағдарлау-мотивациялық кезең.
Психологиялық дайындық.
Даламызда бәрі бар,
Іздегенің табылар
Малы, дәні, кені бар
Бәрінен де жақсысы
Кең пейілді елім бар.
Үй тапсырмасын тексеру.
1). Қ. Аманжоловтың «Туған жер» өлеңін жатқа сұрау.
2). Сұрақтарға жауап беру
- Ақынның көңіл күйі, туған жерге деген ризашылық сезімі өлеңнің қай жолдарында берілген?
- Өлеңнің соңғы жолдарынан автордың қандай ой-пікірін аңғаруға болады?
- Ақынның тағы қандай өлеңімен таныспыз?
- Лирика дегеніміз нені білдіреді?
3. Актуальдау.
1952 жылы Қ. Аманжоловтың құрастыруымен «Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан» жас ақындардың топтамасы жарыққа шықты. «Қыранды қыран алыстан таниды» дегендей, осында М. Мақатаевтың «Інімнің ойы», «Шебер» деген алғашқы өлеңдері жарияланды.
Кейін Мұқағали:
«Дейсіңдер-ау! Қасымның несі басым?!
Қасым солай болмаса, несі Қасым,
«Ақынмын» деп қопаңдап жүргендердің
Әммесінен Қасымның десі басым», дей келе:
Қасым деген-қалғыған жанар тау ғой,
Жанар тау ғой,
Жанды да кетті өртеніп,-деп Қасымның мақалымен жырлайды, мадақтайды.
Қасым мен Мұқағалидың тағдырлары ұқсас болды. Екеуінде де ерте қиылған қыршын жас, тауқыметті тіршілік, екеуі де қазақ даласын поэзия дариясымен суарған екен.
ІІІ. Операциялық – орындаушылық кезең.
1. М. Мақатаев туралы айтып өту.
М.Мақатаев 1931жылы 9 ақпанда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген. Өлең жинақтары: «Шуағым менің», «Аманат», «Армысыңдар, достар!», «Жырлайды жүрек», «Қарлығашым, келдің бе?», «Қарасаздан ұшқан қарлығаш» т.б.
М. Мақатаев – қазақ поэзиясында шоқтығы биік аса дарынды ақын. Оның өлеңдерінде сөздің сұлулығы мен ойдың асқақтығы астасып, үйлесіп тұрады. Ақын 1976 жылы 27 наурызда небәрі 45 жасында дүниеден өтті.
Мұқағали шығармаларының негізгі тақырыптары:
О т а н
Т а б и ғ а т
М а х а б б а т
Т а р и х
Д о с т ы қ
М. Мақатаев – қазақ поэзиясында шоқтығы биік аса дарынды ақын. Оның өлеңдерінде сөздің сұлулығы мен ойдың асқақтығы астасып, үйлесіп тұрады.
Сондай өлеңдердің бірі – «Сүйемін, өскен Отаным !»
2. Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқу.
3.Сөздік жұмысы
Ескегін - бұл жерде: желін, самалын,
Сұлаған - созылып жатқан.
4.Өлеңнің мазмұнын қара сөзбен әңгімелеу.
5. Өлеңді оқушыларға оқыту.
- іштей оқу;
- дауыстап, мәнерлеп және тізбектей оқу.
6. Өлең мазмұнына қарай тапсырмалар орындау
- Өлең бойынша ақынның нені сүйетінін мына үлгілік күнге қарап жазып шық
[pic]
- Ақын М. Мақатаев пен Қ. Аманжолов өлеңдерінде (соңғы жолдарында) қандай ұқсастық бар? Ұқсас жолдарды көшіріп жазу.
Сен де аямай бердің маған барыңды,
Мен де аямай барым саған беремін. (Қ. Аманжолов)
Қарыздармын сондықтан,
Беремін талай жырымды. (М. Мақатаев)
- Екі өлеңдегі төрт тармақты екінші шумақтың ұйқасу үлгілерін төмендегі сызбаға қарап салыстыр. Не байқадың?
[pic]
[pic] [pic]
7. Поэзия минуты
Біздің Қазақстан Республикасы күннен күнге өркендеп, қанатын кеңге жайып, гүлденіп келеді. Президентіміз Н. Назарбаев биылғы жолдауында бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруді мақсат етіп қойды. Олай болса, біз де сол гүл жайнаған Қазақстанымызды жырға қосып көрейік. Отан, туған жер тақырыбына 1 шумақ өлең құрастыру
ІІІ. Рефлекциялық-бағалау кезеңі
1. Шығармашылық тапсырма
Сендер бүгінгі оқушылар, ертеңгі азаматсыңдар. Ендеше, «Егер мен (әкім, министр, президент) болсам...»тақырыбына шағын эссе жазыңдар.
2. Ойын-жаттығу. ҚР картасына тілектер жазылған кішкентай жүрекшелер ілу.
- Мен қазақ елінің тыныштығын қалаймын!
- Аспанымыз ашық болсын!
- Қазақстанның жерінің көркеюін тілеймін!
- Еліме бейбітшілік тілеймін!
- Халқымыздың көбеюін тілеймін!
- Қазақ тілінің мәртебесі асқақтай берсін!
3. Оқушыларды бағалау.
4. Үйге тапсырма
М. Мақатаевтың «Сүйемін, өскен Отаным» өлеңінен қалаған шумақтарын жаттап, «Менің өркендеген өлкем» тақырыбына шығарма жазу.
Ақтоғай орта мектебі
[pic]
Әдебиеттік оқу
М. Мақатаев
«Сүйемін, өскен Отаным»
4 сынып
Сексенбаева Ақерке Құлдықбиқызы
[pic]
2012-2013 оқу жылы
Хабарландыру!
8 ақпан күні 4 -сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен
М. Мақатаевтың «Сүйемін, өскен Отаным»
тақырыбында 9:45 ашық сабақ болады.
Бастауыш сынып бірлестігі
[pic]
[pic]