Күні:
|
Пән: Қазақ тілі
|
Сынып: 2-сынып
|
Тақырып: Дауыссыз «қ» мен «ғ» дыбыстары.
|
Сабақтың мақсаттары:
|
| Біліми. Оқушылар дауыссыз «қ» мен «ғ» дыбыстарының өзгерісін анықтайды, олардың жазылуын есте сақтап, ауызша сөйлеуде және жазуда қолданады.
|
Дамытушылық. Оқушылар «қ», «ғ» дыбыстарының өзгерісін жаттығуларды орындау және ойлану арқылы өздігімен таниды, қисынды ойлауға дағдыланады.
|
Тәрбиелік. Оқушылар бір-бірімен ақылдасады, достық қарым-қатынас құрады, сыйласады, бірін-бірі үйретеді.
|
Сабақтың типі.
| Жаңа сабақты игеру. |
Сабаққа қажетті құралдар. | Оқулық, А-4 форматындағы қағаз, сызба-кестелер, сюжетті сурет.
|
Топқа бөлу. | Оқушылар шағын топтарға Қ-мен басталып Қ-ға аяқталатын сөздер арқылы бөлінеді. |
Уақытты меңгеру. |
|
| «Проблеманы айқындау» кезеңі – 13минут.
|
«Проблема шешу» кезеңі – 12 минут.
|
«Проблема шешімін қолдану» кезеңі – 20 минут.
|
І. «Проблеманы айқындау» кезеңі.
1) Топқа бөлу және ойсергек (2 минут). Оқушылар шағын топқа Қ-мен басталып Қ-ға аяқталатын сөздер ойлап табу арқылы бөлінеді. Мысалы: «Қазақ», «Қонақ», «Қаймақ», «Қасық», т.б. Олар осы топ аттарын қосып сөйлем құрастырады, мысалы: «Қазақтар қонаққа барып, қасықпен қаймақ жеді».
2) Тапсырма. Мұғалім оқушыларға №5-жаттығуды орындауды тапсырады.
Топтық жұмыс (3 минут). Оқушылар топ ішінде ақылдаса отырып, Қ-дан басталып Қ-мен аяқталатын сөзжұмбақтың жауабын әр топқа бірден таратылған мынандай кестеге жазып шығады:
қ
қ
қ
қ
қ
қ
қ
қ
қ
қ
Жариялау (1 минут). Әр топ атынан бір оқушы сыныпқа өз жұмыстарын оқып береді.
3) Жаңа тақырыпқа бағытталу.
Тапсырма. Оқушыларға осы сөздерге «Кімнің?» деген сұрақты қойып, олардың соңына –ы жалғауын қойып жазу тапсырмасы беріледі. Бұл тапсырманы орындау үшін оларға тағы да кесте беріледі:
- қ
ы
қ
ы
қ
ы
қ
ы
қ
ы
Жеке жұмыс (3 минут). Оқушылар берілген тапсырманы жекелей орындайды.
Топтық жұмыс (2 минут). Оқушылар топ ішінде қандай өзгеріс болғанын бір-біріне айтып беріп, түсіндіреді, ортақ мәмілеге келіп, қорытынды жасайды.
Жариялау (2 минут). Әр топтан бір оқушы шығып, байқаған өзгерісін айтады.
Мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстырады.
ІІ. «Проблема шешу» кезеңі.
1) Тапсырма. Мұғалім оқушыларға оқулықтағы 2-жаттығуды орындауды тапсырады. Мәтін тапсырмасын бір оқушы дауыстап оқиды.
Жеке жұмыс (3 минут). Оқушылар берілген мәтіннің алғашқы үш сөйлемін өздігімен оқып, мұғалім таратып берген сызбаны толтырады:
Қ - ғ дыбыстарына аяқталатын сөздерге ы дыбысын жалғау
Не өзгерді?
Нені түсіндің?
Топтық жұмыс (2 минут). Оқушылар топ ішінде оқығанын талқылайды, білгендерін ортаға салады, сызбаны талқылап, толықтырады.
Жеке жұмыс (3 минут). Оқушылар берілген мәтіннің соңғы үш сөйлемін өздігімен оқиды.
Топтық жұмыс (2 минут). Оқушылар топ ішінде оқығанын талқылайды, білгендерін ортаға салады.
Сыныптық жұмыс (2 минут). Әр топ атынан бір оқушы сыныпқа өз жұмыстарын оқып береді. Қалғандары олардың жауаптарын бағалайды.
ІІІ. «Проблема шешімін қолдану» кезеңі.
1) «Сөз құрастыр» ойыны (3-минут).
Берілген сөздерден жаңа сөздер құрастыру керек. Әр топқа бір-бір сөзден беріледі, мәселен: «күркетауық», «егеуқұйрық», «тоқылдақ», т.б.
Топтық жұмыс. Оқушылар топ ішінде берілген тапсырманы 2 минут ішінде бірлесе орындайды.
Жариялау. Оқушылар құрастырған сөздерін сыныпқа жариялайды. Ойын шарты бойынша қай топ көп сөз шығарса, солар сыйлық алады. Бұл жерде әр топтың сыйлық алғаны дұрыс.
2) Тапсырма. Оқушыларға бүгінгі сабақта не үйренгендігін топ ішінде ауызша талқылау тапсырмасы беріледі.
Топтық жұмыс (4 минут). Оқушыларға берілген сұрақты топ ішінде ауызша талқылайды, ортақ мәмілеге келеді.
Сыныптық жұмыс (2 минут). Әр топтан бір оқушы берілген тапсырманы қалайша орындағандығын сыныпқа оқып береді.
3) Бағалау. Оқушыларға «Сөз құрастыр» ойынында берілген сөзді және «қ» әрпіне аяқталатын сөздерді қолданып 3 сөйлемдік шағын әңгіме құрастыру тапсырылады. Оқушылар құрастырған мәтіндеріде қ-дыбысына аяқталған сөздерді өзгертуі керек.
Жеке жұмыс (4 минут). Оқушылар берілген тапсырманы жекелей орындайды.
Топтық жұмыс (2 минут). Оқушылар топ ішінде бір-біріне жазғандарын оқиды, оларды талқылайды, бірін-бірі түзетеді.
Жариялау (2 минут). Оқушылар берілген тапсырманы қалайша орындағандығын топ ішінде бір-біріне оқып береді. Мұғалім оқушылардың дәптерлерін жинап алады
4) Үйге тапсырма (2 минут). Оқушыларға оқулықтағы суретке қарап отырып, тірек сөздерді пайдаланып, өзін қатыстырып шағын әңгіме жазу тапсырылады.
Топтық жұмыс. Оқушылар берілген тапсырманы қалайша орындайтындығын топ ішінде талқылайды, бір-біріне кеңес береді, ата-аналарын бұл жұмысты орындауға қалайша қатыстыратындығын ойластырады.
5) Қорытындылау (Кері байланыс) (1 минут).
- Сабақ ұнады ма?
- Бүгін біз не үйрендік және бұл білімді қалай қолданамыз?
- Сабақта қандай тапсырманы орындаған кезде қиналдыңыздар?