Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
№4 орта мектебі.
Тәрбие сағаты: «Алтын күз»
Өткізген: қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Бигатова Баян Инкарбековна
Көкшетау, 2016
Тақырыбы: «Алтын күз»
Мақсаты:
Білімділігі – күз мезгілінің қандай мезгіл екенін, қандай құбылыстар болатынын түсіндіру, тақырыпты түсіндіріп өту.
Дамытушылығы – тақырыпты түсіндіре отырып білімдерін дамыту.
Тәрбиелігі – күз туралы өлеңдер, әңгімелерді сүйе білуге, мәнерлеп оқуға үйрету;
Көрнекі құралдар: шарлар, плакаттар, тәж, күз суреттері.
Тәрбие сағатының барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың тәрбие сағатына зейіндерін аудару.
ІІ. Негізгі бөлім.
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар мен оқушылар! «Алтын күз» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Өрік, алма, жидек, жүзім піседі,
Қауын,қарбыз,қияр,қоймаларға түседі
Айтыңдаршы балалар,
Бұл қай кез болады?
Оқушылар: «Күз»
Мұғалім: Күз – жыл мезгілдерінің бірі. Күзде күн суытып, барлық жан- жануарлар,жәндіктер қысқы ұйқыға кетеді. Егін жиналады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Жапырақтар сарғайып, жерге түседі.Сондықтан біз күз мезгілін «Алтын күз» деп атаймыз.Өйткені жер беті сарғайған жапырақтарды жамылып, алтын түске боялады.
Мұғалім: Балалар, күз мезгілі туралы кім қандай өлең біледі?
Асылхан: Абайдың өлең «Күз»
Ғани: Ерекше күз енді,
Айнала сары ала
Комбайн жүзеді
Толқыған далада.
А. Мадина: Тазартса бірі дән,
Тиеді бір астық.
Қырманға осы сәен,
Күзге бұл жарастық.
Асылхан: Шоферде болмайды,
Тынығып жатуда.
Тасиды бидайды,
Қойма, элеваторға.
К.Мадина: Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.
Қунаыш: Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал-терек,
Жапырағын жұлғызып.
Мұғалім: Балалар, ортамызға Алтын күзді шақырайық.
Оқушылар: (Қол шапалақтап шақырады): Алтын күз!
Алтын күз: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар мен оқушылар! Ерінбей еңбек етіп, еңбекшіге бар жемісін беретін, мен мырза күзбін.
Мұғалім: Қош келдің, Алтын күз! Өзіңізбен бірге молшылық, тоқшылық ала келдің. Біздің көкөністеріміздің сізге арнаған сыйы бар. (көкөністер шығады)
Мирас (пияз): Асханадан шықпаймын,
Атым пияз, бұқпаймын.
Көзден жасты шығарып,
Тұмаудан бірақ сақтаймын.
Әділ (сәбіз): Өсіремін бойыңды,
Дамытамын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.
Әкімбек (қызанақ): Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып,
Тұрған ол мен – қызанақ
Күнге қарап ұялып.
Меруерт (қияр): Көктеп ерте өрмелеп,
Өсемін мен бүр жарып.
Атым қияр, теріп ал,
Жиі-жиі суғарып.
Т.Санжар (картоп): Картоп біздің атымыз,
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.
Айдана (қарбыз): Көрсең егер бақшада,
Доп екен деп қалмағын.
Шөл қандырар қарбызбын,
Ерте үзіп алмағын.
Алтын күз: Балалар, мен де сендерге құр келгенім жоқ. Піскен жемістерді ала келдім.
Мадияр (алма): Нарттай қызыл алмамын,
Мәз болады алғандар.
Жазда әдемі киінем,
Тілді балдай үйірем.
Әлия (өрік): Көктемде гүлдеймін,
Кешігуді білмеймін.
Піспей тұрған кезімде
«Менен аулақ жүр» деймін.
Иылжыған өрікпін,
Мен бау-бақшаға көрікпін.
Алишер (шие): Шиемін мен, шиемін,
Піскенше тон киемін.
Бала келсе қасыма,
Басымды мен иемін.
Би: «Қара жорға»
Алтын күз: Балалар, мен сендерге мынадай сұрақ қояйын:
Қандай жыл мезгілдерін белесіңдер?
Қазір қандай жыл мезгілі?
Меруерт: Көбейді құт-береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз
Күз мезгілі қанша айдан тұүрады?
күз айларын кім атап береді?
Алтын күз: Күз мезгілінің айлары.
Қыркүйек: (Аружан) Қыркүйек кеп, күз келіп,
Шопан көшті күздеуге.
Мектепке бет түзеді,
Гүл құшақтап көп бала.
Қана (Айдын): Қазан айы басталды,
Құстар қайта бастады.
Туыстық, адал достықпен,
Сәтті болсын өмірің.
Қараша (Сабина): Күздің қараша айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр түседі
Алтын күз жапырақтан шашу шашады.
Алтын күз: Балалар, мен сендерге сиқырлы жүзім алып келдім. Жүзімнің әрқайсында сендерге арналған тапсырма бар.
Мұғалім: Ендеше сендерге жүзім тапсырмасын оқимын.
Жұмбақ білесің бе?
Бұл не деген көп иім,
Жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді,
Түймелеуге жетпейді
(Қырыққабат)
Бақшаның алып жемісі,
Қайнаймын піспес келісі.
Қоңыр күзге сақтайды,
Сары майдай ел іші.
(Асқабақ)
3. Сырты қандай қатты,
Дәні сондай тәтті.
Шағып қара таңдап,
Оның аты .....
(Жаңғақ)
Дөп-дөңгелек сары,
Ішінде бар дәні.
Қызығасың көріп,
Оның аты.....
(Өрік)
Жапырақты тасалап
Өсетін жері бақша-бау.
Күрең қызыл, шіркін-ай
Оның аты....
(Құлпынай)
Би: «Балалық шақ» А.Енсепов
Мұғалім: Балалар, күз, еңбек туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
Махамбет: Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Әділ: Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тітті.
Әсем: Еңбегің қатты болса,
Татқаның тәтті болар.
Айғаным: Ексең егін, ішерсің тегін.
Мирас: Егіннің жайын еккен білер,
Арбаның жайын төккен білер
Айдана: Егінші жерге қарайды,
Құс көкке қарайды.
Ән: «Шоқ қыздар», орындайтын – Байлин Санжар.
Л
Т
Ы
Н
К
Ү
З
Мұғалім: Балалар, сөзжұмбақ шешейік:
Қазақстан мемлекетінің астанасы?
Қазақтың ханы?
Бастауыш пен баяндауыш қандай мүше?
Қазақтың батыры?
Ас атасы?
Білім көзі?
Ең қу аң
Музыкалық аспап?
Би: Құрманғалиев Олжас
Мұғалім: Балалр,алтын күздің ең асыл, ең қымбат дәнін қарсы алыңыздар.
Хормен: Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Күй: «Тойбастар», орындайтын – Қизатов Айдын
Ән: «Толғанай», орынбайтын – Қуандықова Әсем.
Мұғалім: Көрініс «Алғыс»
Кейіпкерлер: Авторы: Амангельдинов Қуаныш
Қасым мен Қайсен – Айдарбеков Ғани, Сағындықов Алмас
Бұлт – Аужанов Әділ
Жер – Құрманғалиев Олжас
Қызанақ – Жунусова Меруерт, Жунусова Алия
Күн – Амангельдинова Мадина
Анасы – Аушахимова Дильназ
Жоламанова Айдананың скрипка өнерін тамашалайық.
Мұғалім: Балалар, дақылдар әніне кезек берейік.
Махамбет (бидай): Нан атасы – бидаймын,
Елге астық силаймын.
Дәнім толып піскенде
Ауызыңа симаймын.
Әсем (арпа): Күміс мұртты арпамын,
Ырыс құтты арпамын.
Еңбек етіп баптаған,
Еліме сый тартамын.
Аружан (тары): Ақ, қарамын, сарымын,
Мен өнімді тарымын.
Халқым еңбек сіңірсе,
Қайтарамын қарымын.
Олжас (сұлы): Мен сұлымын, ұланның
Тұлпарына ұнадым.
Баптаған әр диқанға,
Сымды иіп тұрамын.
Азат (күріш): Күнді сүйген күрішпін,
Күллі жұртқа ырыспын.
Алсын деп ел мол өнім,
Ала жаздай су іштім.
Ән: «Айналайын», орындайтын – Амангельдина Мадина
Мұғалім: Балалар, күз туралы өлеңге кезек берейік.
Айғаным: Көтерілсе аспандай,
Көкте сұрша бұлт көшіп.
Жерге інжу шашқандай,
Күміс моншақ шық түсіп.
Алмас: Қайың, терек басынан,
Сарғыш тартып жапырақ.
Олар түсіп шашылған,
Жел үрлесе қалтырап.
Ермек: Мәуе түсіп балбырап,
Маужыраған қоңыр күз
Алма пісіп албырап
Көзді тартқан көріңіз.
Санжар: Беті қызыл алмадай,
Балаларда ойнаған.
Анасындай аймалай
Мектебі қол бұлғаған.
Алтын күз: Рахмет балалар, өнерлеріңе риза болдым. Мен кетейін. Қош, сау болыңдар!
Оқушылар: Рахмет саған, Алтын күз. Біз сізді асыға күтеміз.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Балалар, Алтын күз бізге бар сыйын алып келген екен. Күзде береке, молшылық болсын! Құрметті ата-аналар уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен-көп рахмет айта отырып, бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Қош, сау болыңыздар!
Ән: «Атамекен», орындайтын – Сейілбеков Ермек
Хормен: Айгөлек