Статья на тему Бастауыш сынып математика сабағында логикалық есептерді шығару арқылы оқушыларды ойлауға үйрету

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін Қазақстандық қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік-саяси және технологиялық  өзгерістер, тәрбие мен білім беру жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру үшін білім саласында жаңа, тиімді әдіс-тәсілдерді қолданудың қажеттілігі дәлелдеп отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өз Жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазіргі білім саласының алдына қойылған талаптар – оқушыларға білімді тереңдетіп беру. Мұндай  жағдайда оқушының алдында үлкен мәселе: оқушыны қалайша шаршатпай, енжарлыққа салдырмай терең білім беруге болады?  Осы тұрғыдан алып қарағанда оқыту үрдісінде ойын әдісін қолдану – бұл проблеманы шешудің бірден-бір жолы.. сыныптардағы биология сабақтарын ойын әдісімен оқыту жұмыстары мындай бірнеше маңызды мәселелерді шешеді: біріншіден, оқушылар ойын кезінде бір-бірімен тең құқықтыққа ғана қолы жетіп қоймай, бір-бірімен қарым-қатынастары артып, ұнамдық қасиеттері дамиды, оқушылардың  логикалық ойлары дамитыны сөзсіз; екіншіден оқулықта берілген материалдарды қызығып, ынта-жігерімен оқиды, бұл оқушылардың білімді сапалы меңгеруін қамтамасыз етеді, үшіншіден, оқушылардың арасында жарыс пайда болады, оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады, төртіншіден, оқушылар шығармашыл ойлауға дағдыланады.

Жалпы биологиялық ұғымдар бүкіл әлемге және бәрі тірі ағзаларға байланысты заңдылықтарды қарастырады.Жалпы биологиялық ұғымдар бөлек биология курстарындағы ұғымдарды қорытындылайды.

Жалпы биологиялық ұғымдар: жасуша- тіршіліктің қарапайым бірлік өлшемі, ағзалардың құрылысы мен қызметінің бірлігі, ағзалармен қоршаған ортаның өзара байланысы, ағза өзін-өзі реттеуші жүйе ретінде, зат алмасу және энергия өзгеруі, ағзалардың көбеюі, дүниенің эволюциялық дамуы, биологиялық жүйе және тірі материяның ұйымдасу деңгейі.

Жалпы биологиялық ұғымдар арнайы ұғымдардан құралады және мектеп биологиясының әр курсында қарастырылады.

Оқыту процесінің міндеті- жоспарлы түрде ұғымдарды құрастыру және дамыту.

Ұғымдарды меңгеру процесінде жаттығулар мен биологияда байқау мен тәжірибе мен байланысты есептерді шешудің маңызы зор.

Ұғымдардың дамуы тәжірибелік дағдылардың пайда болуымен және дамуымен байланысты. Педагогикалық жаңа технологиялардың барлығыжеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін және біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін, берілген материалдарды жедел әрі сапалы меңгеруге бағытталған. Оқу ойындары формасы бойынша ойын, мазмұны бойынша –оқу, ал дидактикалық ойын мектептегі оқуды ұйымдастырудың қалыптасқан түрін тек толтыру болып табылатынына көз жеткздік. Оқу ойыны – бұл оқуды ойын арқылы ұйымдастыру. Зерттеулер көрсеткендей, дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда, оқушылар ойынға қатыса отырып, неғұрлым аз шаршайды, оқу қызметінен көбінесе жағымды эмоциялар алып, қанағаттанады. Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, қабілеттерін ерекшелеуде, білімдерін нығайтуда биологиялық ойындардың атқаратын рқлі өте зор

«Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп Абай атамыз айтқандай ұлттық ойындардың орны да ерекшк.

Сондықтан сабақты ойын тәсілімен өткізу – биологияны сапалы оқытудың маңызды мәселелерінің бірі.

Қазіргі уақытта балаларды оқытуға арналған әдістемелер, оның ішінде ойын технологиясы кеңінен пайдалану үстінде. Яғни, ойындарды игеру балаларды жан - жақты болуына зор ықпалын тигізеді. Балалардың оқу іс - әрекетін арттыру үшін ойын элементтерін тиімді пайдалану керек. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақ барысында қандай ойын түрлерін қолдануға болатынын сабақтың мазмұнына, мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдалуы керек екендігі назарға алынғаны дұрыс. Яғни, бала тілін дамыту барысында ойын элементтерін қолдана отырып, құзіреттілік тапсырмалар арқылы балалардың өздігінен дамуға, жетілуге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға арналған бірден - бір таптырмас технология. Ойын дегеніміз - жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл - күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын - төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай - ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық тиімді әдістерінің бipi. Ойын барысында оқушылар өзара пікір алмасады, оқу материалдарын жылдам және жақсырақ игереді, қиындықтарды бірге шешеді. Мұндай жағдайда, барлық балалар алға жылжиды, білімдері терең балалардың тежелмеуін, білімі төмен балалардың алға ұмтылуына мүмкіндік береді. Әсіресе оқушылар әрбір жаңа тақырыптан кейін «Сен – маған, мен – саған» ойынын ойнағанды ұнатады. Бұл ойында оқушы өзі дайындап келген сұрағын жолдасына қояды, егер жолдасы дұрыс жауап бере алмаса жауабын өзі айтып, қосымша ұпай алады. Ойын элементтері кез-келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі — дидактикалық ойындар.

 Педагогикалық жаңа технологиялардың барлығы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей білу қабылетін қалыптастыруға және біліктері мен дағыдыларын бағытталған алға қойған мақсатына жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін, берілген материалдарды жедел әрі сапалы меңгеруге бағытталған. Оқу ойындары формасы бойынша ойын, мазмұны бойынша –оқу, ал дидактикалық ойын мектептегі оқуды ұйымдастырудың қалыптасқан түрін тек толтыру болып табылатынына көз жеткздік. Оқу ойыны – бұл оқуды ойын арқылы ұйымдастыру. Зерттеулер көрсеткендей, дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда, оқушылар ойынға қатыса отырып, неғұрлым аз шаршайды, оқу қызметінен көбінесе жағымды эмоциялар алып, қанағаттанады. Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, қабілеттерін ерекшелеуде, білімдерін нығайтуда биологиялық ойындардың атқаратын рқлі өте зор.

Баланың психикалық даму үрдісінде ойын әрекетінің тағлымдық және тәрбиелік маңызы осы заманғы тәлім-тәрбие психологиясында өзекті мәселе болып саналады. Ойын әрекетінде баланың денесімен ақыл-ойы дамып, өзін қоршаған ортаның заттарымен құбылыстарын танып біледі.

Ойынды психологогиялық дамудың әр жағдайында коррекциялық бағытта қолдану мәселесінің теориялық және әдістемелік негіздері: А.Фрейд, К.Роджерс, Д.Леви, Д.Торф және т.б. еңбектерінде ғылыми позицияларға байланысты әрқилы сипатталынады.

Ойын әрекетінің бала психологиясының дамуына шешуші қызмет атқаратындығы жайында Ж. Аймауытов, Т. Тәжібаев, М. Жұмабаев, С. Торайғыров, Ш. Кұдайбердіұлы т.б. қоғам кайраткерлерінен бізге мұра болып қалған еңбектерінде айрықша атап өтілген [1, 2].

«Ойын арқылы бала дүниені таниды» дейді Т. Тәжібаев. Шынында да, бала үшін ойын өмір сүрудің белсенді формасы сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекетін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсініп адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады.

Ойын арқылы бала өздігінен жұмыс істеуді үйренеді, ойлау кабілеті дамиды, сөздік қоры байиды. Ойынның негізгі мақсаты баланы қызықтыра отырып, лексико-фонетикалық материалды берік меңгеру. Сондай-ак ойын үстінде балалардын тілін дамытып, ойын жүйесін айта беруге үйрету мұғалімнің басты парызы. Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері дамып, қабілеті мен белсенділігі артатынын көрнекті педагог А.С.Макаренко кезінде атап көрсеткен.

Оқушыларды дидактикалық ойындар арқылы әлемдік ізгілік пен әдептілік негіздерімен тәрбиелеуге болады. Бұл үшін әлемдік тәрбиенің озық үлгілерін, өмір тәжірибесінен өткен тәрбие көздерін биологияны оқыту барысында тиімді қолдану қажет.

Оқушылармен сабақ уақытынан тыс жүргізілген көпшілік жұмыстардың бірі – биологиялық дидактикалық ойындар.

Дидактика – бұл ежелгі грек сөзі, яғни didaktikos – үйретуші, diddaskalos –мұғалім деген ұғымды білдіреді. Дидактика – білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымынығ саласы .

Қазіргі оқу үрдісінде дәстүрлі емес сабақтар, кештер, дидактикалық ойындар, әр түрлі әдіс-тәсілдер кеңінен қолданылып жүр. Ұстаз қандай әдіс-тәсіл қолданса да мақсат біреу, ол оқушыға тиянақты да сапалы білім беру және оны әр түрлі қосымша материалдар мен оқушының тиянақты да сапалы білім беру және оны әр түрлі қосымша материалдар мен оқушының есінде қалатындай етіп ұйымдастырып бекіту. Ұстаз оқушылардың пәнге қызығуын арттыру мақсатында өз тарапынан шығармашылық ізденістер жасап, әр түрлі дидактикалық кештер ұйымдастыруы керек.

Биология пәнінің дидактикалық ойын кештерінің мазмұны тіршіліктің құндылығын, биологиялық мәселелердің маңыздылығын жете түсінуге, оқушылардың өмірге деген көз қарастарын жан-жақты дамыту, оқытудың теориялық бағытын, практика жүзінде іске асыру, қоршаған ортамызды аялай білуге үйрету және оқушыларға өмір сүру заңдылықтарын терең сезініп, оны дұрыс қабылдауына мүмкіндік береді.

Оқушылардың сабақтағы белсенділігі олардың сабаққа деген қызығуларының артуымен тығыз байланысты. Әсіресе, дидактикалық ойындар оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін жетілдіріп, өз пікірін дәлелдеуге, сыныптастарымен еркін пікірлесуге ықпалын тигізеді. Дидактикалық ойындар оқушыларды биологиялық материалдарға қызықтыруымен қатар алған білімдерін бекіту, тереңдету үшін де тиімді. Өйткені, дидактикалық ойындар оқушылардың танымын кеңейтіп, оның ойлау қабілетін ізденімпаздығын еңбекқорлығын жетілдіруге, олардың жеке тұлғалық қабілеттерін тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.

Ойын әрекетінің философиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан қарастырған К.Гросс, Г.Спенсер, И.Хейзинга, И.Кант, В.Демин т.б. ғалымдар ойын теориясының қалыптасуы мен дамуын, ойын іс-әрекетінің әлеуметтік тұрғыдан маңызды жақтарын айқындап, оның бала қиялы мен ойлау қабілетіне оң әсер ететінін анықтаған.

Дидактикалық ойындар және қызықты жаттығулар арқылы теориялық білімді нақтылап, білім-білік дағдыларды қайталап және бекітуге арналған.

Қазіргі кезде ойын мәселесі бірқатар ауқымды зерттеулерде қомақты орын алып, оның баланы дамытудағы мәні анықталды. Оқушыларды дидактикалық ойындар арқылы әлемдік ізгілік пен әдептілік негіздерімен тәрбиелеу қолға алынды. Бұл үшін әлемдік тәрбиенің озық үлгілерін, сыннан өткен тәрбие көздерін биологияны оқыту барсында тиімді қодану қажет. Осы бағытта:

1.Идеялық-саяси, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру;

2.Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру;

3.Отанымыздың мейлінше бай, көркемдікті бағалай ілуге, елін, жерін қадір тұтып, сүюге тәрбиелеу;

4.Балалардың алған білімдері мен оқу дағдыларын, шеберліктерін жетілдіру, тілін онан әрі дамыта түсу;

5.Еңбекке қызығу, еңбекқорлыққа тәрбиелеу керек.

Демек, биология сабақтарында дидактикалық, ойындарды оқушыларды жан-жақты тәрбиелеуге негіздеу қажет. Осыған орай биологияны дидактикалық ойындар арқылы меңгерту жұмыстарының мынандай мақсаттары болуы керек:

а) дидактикалық ойындарды тәлім-тәрбие көздерімен ұштастыруда биологиялық биологиялық жұмбақтарды, сауалғыларды, сөзөрімдерді сөзжұмбақтарды оқыту барысында ойындар арқылы кеңінен қолдану;

ә) көркем шығармаларды дидактикалық ойын түрінде беру арқылы оқушылардың мәдениет пен әдебиетке дұрыс көзқарасын қалыптастыру;

б) дидактикалық ойындар арқылы оқушыларға шешендік сөздерді үйретіп, олардың биологиялық тілін қалыптастыру керек.

Биологиялық кештерде ойналатын ойын түрлері

1. «Жапалақ» ойыны.

Алаң шетінде бір бала жапалақ болып тұрады. Қалған балалар көбелек, құс, шегіртке кейіпін келтіреді. Мұғалім «күн батты» деген белгі бергенде барлығы тынышталады. Жапалақ аңдып жүреді. Кім қозғалса, жапалақ соны ұстап алады. «Күн шықты» дегенде барлығы тіріліп, әртүрлі жәндіктерге тән қимылын жасайды. Ойын бірнеше рет қайталанады. Ойын ән әуенімен ойналады. Ән күшейсе, күн бәсеңдесе, түн болады .

2. «Допты домалату» ойыны.

Балалар шеңбер жасап тұрады да, допты бір-біріне береді. Шеңбер ішіндегі бала допты ұстауға тырысады. Доп кімде болғанда ұсталса, сол доп иесі ортаға шығады. Ойын жалғаса береді.

3. «Белгіні тыңда» ойыны.

Ойын алдын-ала, сыртта немесе бөлмеде ойналады. Балалар екі топқа бөлінеді. Мұғалім бұйрығымен «тоқта», «тізелеп отыр», «жүгір» жаттығуын жасайды. Бұйрықты тындамаған бала ойыннан шығады немесе айып төлейді (ән айту, би билеу, жұмбақ т.б.). Қай топта көп бала қалса, сол топ жеңіледі.

4. «Шеңбер» ойыны.

Шеңбер ішіне әртүрлі заттар қойылады. Ойнаушылар кеглимен (доппен) сол заттарды ұрып шығарса, сол жеңіпаз атанады (4 зат тұрғызылып 4 зат жатқызылып қойылады).

5. «Қағаз таяқпен қатысу» ойыны.

Газеттен он таяқ жасалады. 5 жұп бала таяқпен бір-бірімен сайысады. Кімнің қағаз таяғы бірінші майысса, сол бала ойыннан шығады. Ойынды осылай бірнеше рет қайталауға болады. Салауатты өмір салтын насихаттауда дене шынықтыру ойындары балаларды қазақтың спорт өнерін меңгеруге, ой-өрісін кеңейтуге, бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болып, тапқырлыққа, шеберлікке үйретеді.

«Брейн-Ринг» өткізу әдістемесі

Оқушылардың дүние танымын кеңейітіп, танымдық қабілетін өрістетуге «Брейн-ринг» зерделік-танымдық ойынын қолдану тиімді әрі қызықты болмақ. Бұл ойын мынандай мақсатты көздейді.

1. Жалпы білім беретін орта мектепте оқылатын пәндердің жекеленген тақырыптары мен мәселелері бойынша балалардың танымдық қызығуын ояту, ғылыми-мәдени білімін арттыру.

2. Оқушыларды бағдарламалық материалдарды тереңірек меңгеруге, қосымша ақпарат көздерін пайдалануға тарту. Ойынға көбірек қатыстыру.

Қажетті құрал-жабдықтар: жүргізуші мінбері, 2 ойын үстелі, 12 орындық, 2 жалаушы не электірлік дыбыс сигналы, 3 микрофон, ассистент бақылаушылар үстелі.

Қатысушылар. Ойынға кем дегенде 4 топ (6 ойыншыдан) қатысады. Олардың аталуы және өз капитандары болуы тиіс. Жұргізуші сұрақ береді, жауап беруге рұқсат етеді, ұпай беруге, немесе дауды реттеуге шешім қабылдайды, ойын барысында ассистент-бақылаушылармен кеңеседі. Ассистент-бақылаушылар уақытты есептейді, топтардың жинаған ұпай санын қадағалайды.

Ойын ережесі. Ойын екі бөлімнен тұрады: бастапқы кезең және финал. Кезеңде мезгілде екі топ қана қатысады да, 3 ұпай жинағаны (финалдық кезеңде − 5) жеңімпаз болады. Ойын алдында жеребе тасталып, ойын әдістеріне («Айналмалы», «Олимпиадалық» т.б.) қарай топтардың қайсысы қайсысымен сайысатынын анықтайды.

Топтарға сұрақ беріледі, оны талдауға бір минут бөлінеді. Топ жауапқа дайын болса, капитан жалаушаны көтеріп, белгі береді. Жалаушаны жүргізушінің «уақыт бітті» деген сөзінен бұрын көтеріп қойған топ «фальстарт» алып, жауап беру құқынан айырылады. Бұл жағдайда ойлануға қарастырылған 10 секунд уақыты бар, біріншінің берген жауабы қате болғанда да солай.

Жүргізуші сұрағына екі топ та қате жауап берсе, келесінің «құны» бір ұпайға артады. Екі топ үш сұраққа бірдей қате жауап берсе, кезең тоқтатылады. Олардың орнына басқа топтар келіп, жаңа кезең басталады.

Финалдық кезеңде әрбір сұрақтың құны бір ұпайға ғана тең. Мұнда жүргізуші дұрыс жауаптарды міндетті түрде естіртеді.

Ойын барысында қатысушылардың көрермендермен байланысуына тайым салынады, көмек беріліп қойған жағдайда, көмектесуші залдан қуылады.

Барлық даулы жағдайда жүргізуші шешеді.

Ойнау әдістері.

1. «Айналмалы». Мұнда барлық топтар өзара кезектесіп ойнап шығарылады. Мысалы 1-2, 3-4, 1-3, 2-4, 1-4, 2-3.

2. «Олимпиадалық». Топтар жұптарға бөлінеді де, одан жеңгендері тағы да жұп құрайды. Топтардың саны тақ болса, жеребе бойынша олардың біреуі келесі айналымға ауысады. Ұтылған топ ойынан шығады. Ең сонында үздік екі жұп (анықталады). Финалға шығуы тиіс.

3. «Жеңімпазды табу». Топтардың арасынан жеребе бойынша бірінші жұп анықталады. Кезең біткенде ұтылған топтың орнын келесі кезектегі топ басады. Бастапқы кезеңдерді өткізуге уақыт белгілеу керек, әдетте, оған 45-60 минут қажет. Содан соң ең көп жеңіске жеткен, немесе көп ұпай жинаған топтар өзара финалдық сайысқа түседі.

Жоғары сатыда дамып жетілген сана-сезім мен ақыл-ой иесі адам баласының ойын әрекеті бір жағынан, тіршілік етудің негізгі формасы болып саналатын болса, екінші жағынан, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын өмір тәжірбиесінің нәтижесі болып саналады. Міне, осы тұрғыдан алғанда адам баласының ойын әрекеті, негізінен балдырған кезінде кеңінен дамып, баланың өсіп жетілуіндегі басты және жетекші факторға айналады.









Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Жикалкина Т.К. Биологиядан ойындар мен қызықты тапсырмалар. – Алматы: Рауан, 1992. – 64 б.

2. Анисимова В.С. т.б. Адам анатомиясы бойынша оқушылардың өздігінен істейтін жұмысы. Алматы «Мектеп», 1980ж

3. .Биология және салауаттылық негізі журналы №1-4. 2003 ж.

4. Ж Г. Жүнісқызы. Биология оқыту әдістемесі. Биология және салауаттылық негіз. 2003. №4, 9 – 17 б.

өкебайқызы С. Тәнтану. Алматы «Рауан», 1998ж.