| 4 сынып
|
|
Сабақтың тақырыбы | Киелі жеті саны.
|
Сабақтың мақсаты | Киелі 7 саны туралы кеңінен түсінік алу. |
Міндеттері | Оқушылардың ұлтық -дәстүрде сөйлеу тілін дамыту Сауаттылығын, танымдық қызығушылықтарын арттыру Үлкенді сыйлау,құрметтеу, ата тегінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
|
Күтілетін нәтиже | Қасиетті сандармен танысады Қасиетті сандардың өмірде алатын орнын түсінеді. Киелі 7 санының сандар қатарында орнын көрсетеді
|
Дерек көздері: | 4 сыныптың әдебиеттік оқуы. Үлестерме материалдар, Интернет матеиалдары. «Білім шуағы» журналы 2013 қыркүйек, Бастауыш сыныпта оқыту журналы – қыркүйек – қазан айы, 45 минут интернет порталы. |
Жаттығулар немесе тапсырмалар: | 1. «Айналмалы доп» әдісі 2. сандарға байланысты мысал келтіру. 3. Жұмбақ жасыру 4.7 санын топтастыру 5. 7 байлықты топпен талқылау 6. жеті атаны топтастыру 7. « Мен...» тұжырымдамасы бойынша кесте толтыру 8. 7 жақсыны ойластырып жазу |
Сабақ барысы: |
| Мұғалімнің іс - әрекеті | Оқушының іс - әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі - 5минут | Сыныппен сәлемдесу. Смайлик арқылы топтарға бөлу Әр топқа көшбасшы сайлап алу. | Оқушылар сәлемдесіп, топтарға сандар бойынша бөлінеді. Әр топ көшбасшы сайлайды. |
Психологиялық дайындық:
| «Сиқырлы сандықша» тренингін ұйымдастыру
| Оқушылар қағаздың бетіне өз бойларындағы жағымсыз қылықтарды жазып, сандықшаға салады да, құлптап тастайды. |
Үй тапсырмасын пысықтау | «Айналмалы доп » әдісі бойынша Қайта бағыттау сұрақтары: - Сөздер туралы не білеміз? - Шешендік сөздер дегеніміз не? - Сырымның шешендік сөздерін жатқа айтып мағынасын түсіндір. - Бала би мен Сырымның шешендік сөздерін салыстыр. - Тағы қандай шешендерді білесіңдер?
| -Сөздер әр түрлі болады. Мысалы: өткір, қисық, қанатты, нақыл, ұмытылмайты, шешендік, т.б. -Шешендік сөздер дегеніміз-шешен, билердің, қазылардың тауып айтқан тапқыр сөздері, өсиеті. -Оқушылар жатқа айтып береді. - Сары би, Балпық би, Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би. |
Қызығушылықты ояту
| Сұрақ – жауап. - Кім нешеге дейін санап біледі? - Санның шегі барма? - - Соның ішінде негізгі сандар қайсысы? - 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Сандарды қайда қолданамыз? Осы сандардың әрбіреуінің тәрбиелік мәні, саналы орны, қасиеті болған. Мысалы... 1 санының киелілігі 2 санының киелілігі туралы мағлұмат беріледі. Алдындағы смайликтердің артында сандар салынған. Соған байланысты әр топ өз санына байланысты 3 мысал келтіреді. Мысалы, І топқа -- 3 саны ІІ топқа -- 4 саны ІІІ топқа -- 5 саны Сиқырлы сандықша ойыны арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу. Жұмбақ: 6 санынан кейін, 8 санының алдында тұратын қандай сан? - 7санын қандай сан деп атайды? - Киелі сан. - Олай болса бүгінгі біздің сабағымыз "Киелі жеті саны" деп аталады
|
Оқушылар сұрақтарға толық жауап береді.
Әр топ ақылдаса отырып, іздену арқылы сыни тұрғыдан ойлау нәтижесінде мысалдар келтіреді.
Оқушылар жұмбақтың шешуін табу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады. |
Мағынаны тану. |
7 санына байланысты қандай ұғымдарды білесіңдер?
Оқулықтан "Жеті байлық" өлеңін оқыту. І топ - І, ІІ байлық ІІ топ - ІІІ, ІV байлық ІІІ топ - V, VІ байлық.. Қалай ойлайсыңдар? Олай ойлауларыңа не себеп болды? Дәлелде.
ІІ өлең "Жеті ата" өлеңін оқыту..
Мен... тұжырымдамасы бойынша төмендегі кесте толтырылады |
7 қазына 7күн 7 күнә 7 керемет 7жарғы 7 шелпек 7 жұт
Әр топ өздеріне берілген байлықтарды өз сөздерімен түсіндіреді Ойлан - жұптас - талқыла. Болжау кестесін толтыру Фостерге 7 атаны топтастырады баламын ---------... немеремін ---------... Мен... шөберемін ---------... ... шөпшекпін ---------... ... неменемін -----------... |
Сергіту сәті
| Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік. Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік. Қолды создық, басты бұрдық – екі деп, Қозғалыспен әрбір адам жетіледі. Алға, артқа қарадық та – үш дедік. Тағы жаңа жаттығулар істедік. Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып, Алты, жеті деп денені біз сермеп Отырайық көңілді енді марқайтып. | Оқушылар өлеңді жатқа айта отырып, қимылын жасайды. Бойларын сергітіп, көңіл – күйлерін көтереді. |
Топтық тапсырмалар.
| 7 жақсыны ойластырып жазады.
| Топ 1-3 ойластырады Топ 4-5 ойластырады Топ 6-7 ойластырады.
|
Қорытынды. | Кері байланыс арқылы сабақты қорытындылау | Бүгінгі сабақ ұнады ма? Не білгің келеді?. |
Бағалау | Смайликтер арқылы бағалау Оқушылар алған бағаларына қанағаттануы және қанағаттан- бауы мүмкін |
Үйге тапсырма | 1.Өлеңдерді жаттау 2. Өз жеті аталарын жаттап келу
|