Масса және оны өлшеу. Килограмм. Математика. 2 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Жамбыл облысы

Тараз қаласы

11 орта мектебі

2 «Б» сыныбы

Математика Сабақ №

Мұғалім:Чмаева Ж.Д.


Сабақтың тақырыбы: Масса және оны өлшеу. Килограмм. (10 бет)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Заттың қасиетін сипаттайтын шаманың бірі – масса жайлы түсінік беру және оның бірлігі килограммен таныстыру, таразының көмегімен заттың массасын өлшеудің ерекшеліктерімен таныстыру.

Дамытушылық: Бір амалмен шығарылатын есептер құрастыруды және шығаруды пысықтау; әріпті өрнек және оның мәнін табу дағдыларын , білімін, шапшаң ойлау әрекеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа

тәрбиелеу.


Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың түрі: Саяхат сабағы.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру.

Көрнекілік: Масса және масса бірліктері, артық-кем таңбалары, геометриялық фигуралар, суреттер.

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Қорытындылау, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:


Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасын тексеру: 6-тапсырма

Жаңа сабақ.

1) Көрнекіліктер арқылы дүкенге саяхат жасау.

Таразы түрлерімен, кіртастармен таныстыру.

2) Түсіндірме жұмыс.

Заттың салмағы болатынын байқату.Мысалы, көлемі бірдей мақта мен тасты оқушы алақанына салу. Қайсысы ауыр «Ауыр-жеңіл» ұғымдарының мағынасын түсіндіру. Олардың қаншалықты ауыр, не жеңіл екенін білу үшін кіртастарды қолданамыз.


1,2- тапсырма.

Түсіндірме мәтінмен жұмыс.

Оқушы назарын кіртастарға аудару. «Суретте не байқадың?»

-Қарбыздар массасы туралы не айтуға болады? Еркін талқылау.

-(Ұнның массасы туралы ше?)

3-тапсырмандағы есептер шығарылады.Бір амалмен шығарылатын есептердің түрін қарастыру.

Есепті шығару. Шешуін жазу.


Аға сы – 4кг қ. ? кг қарақат Сатып алды – 6 кг қ.

Інісі – 2 кг қ. Жұмсады – 3 кг қ.

Қалды - ? кг қант

4+2=6 (кг) – барлығы 6-3=3 (кг қ.) - қалды

Жауабы: 6 килограмм жинады Жауабы: 3 килограмм қант


Есептердің шартын, сұрағын, шешуін салыстыру. Не байқадың?

-Бірінші есеп неге қосу амалымен

шығарылды?

- Екінші есеп неге азайту амалымен

шығарылды?



4-тапсырма Салыстыру.


5+4*10−3 7−4*3−3 6+3*7+2

2+8*6+1 5+5*9−4 10−8*2+0


5-тапсырма жазбаша орындау.

40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49

Ең кішісі – 40

Ең үлкені – 49

Ең кіші сан – 4 онд.0 бірл.

Ең үлкен сан – 4 онд.9 бірл.


6-тапсырма. а және 6 сандарынан әр түрлі айырмалар жазу. а=0, 1



Шығ. тапсырма.


Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.


Үйге тапсырма: 6-тапсырма


Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.