Пәні: Дүниетану
Тақырыбы: Күн - жарық пен жылу көзі
Мақсаты: Күн ең жарық жұлдыз екені, одан жарық сәуле түсіп, жылу тарататынын түсіндіру
Білімділігі: Оқушыларды ғарыш әлемін зеріттейтін ғылым түрімен таныстыра отырып, олардың ойлау қабілетін дамыту.
Дамытушылығы: Танымдық қызығушылықтарын, бақылай білу, талдау, қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелілігі: Тазалыққа, шапшаңдыққа, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Күнің суреттері, аспанның суреттері
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әнгімелесу,сұрақ – жауап
Сабақтың жүру барысы:
Ұйымдастыру: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару..
Үй тапсырмасын сұрау: «Ғарыш денелері»
Тақтаға күннің суретін іліп, күннің шуақтарын алып, артндағы сұрақтарға жауап беру
Ғарыш дегеніміз не? ( Ғарыш кеңістігінде шек жоқ. Оның кеңдігі соншалық, аспан денелерінің бір – бірінен қашықтығын Жердегі өлшеммен,айталық, километрмен өлшеу мүмкін емес. Бұлай өлшеу Жер шарындағы қалалардың арақашықтығын миллиметрмен есептеумен бірдей болар еді. Сондықтан Ғарыштағы қашықтық өлшемі үшін көп жағдайда жарықтың таралу жылдамдығы бірлік ретінде алынады.Жарық секундына 300 000км жылдамдықпен таралады. Ол Жерге Айдан 1,3 секундта, Күннен 8минуттан сәл астам уақытта жетеді.
Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім? ( Тоқтар Әубәкіров)
Ғарышқа үш рет сәтті сапар жасаған атақты ғарышкер кім?(Талғат Мұсабаев)
Жерді қоршаған бүкіл дүние қалай аталады? ( Әлем немесе Ғарыш)
-
Юрий Гагарин кім? Қай жылы ғарышқа ұшты? (1961 жылы 12 сәуірде адам баласы тарихында бірінші рет ғарышқа ұшқан ғарышкер,12 сәуір – Ғарышкерлер күні мерекесі).
Жерге ең жақын жұлдыз? ( Күн)
ІІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау
ІV. .Жаңа тақырыпты меңгерту:
Күн туралы не білесіңдер?
Күн шар тәрізді. Ол – ғарыштық дене.
Күн бізге жарық сәуле таратады, жылуын шашады.
V. Оқулықпен жұмыс:
Күн – жер бетіндегі жарықтың және энергия көзі. Күн тұтас бір жүйенің – Күн жүйесінің орталығы. Күн – қатардағы жұлдыздардың бірі. Басқа жұлдыздар сияқты ол да лаулап жанып тұрған газды шар. Ғалымдардың болжауынша, оның беткі қабатындағы қызу 6000градус шамасында, ал терең түкпірде 16 миллион градусқа дейін жететін болу керек. Күн мен Жердің арақашықтығы 150 миллион км.
Аспан әлемін зеріттеуші ғалымдар Күннің көлденеңі 1 400 000 километрдей екенін анықтаған.
Күн жан – жағына жарық сәуле және орасан зор мөлшерде жылу таратады. Жерге Күн қуатының екі миллиардтан бір бөлігі ғана жетеді, басқасы әлем кеңістігіне шашырап тарап кетеді. Дегенмен осы қуатмөлшерінің өзі Жерді жылытуға әбден жетеді. Күннің сәулесі мен жылуы болмаса Жер бетін қара түнек басар еді.Суықтықтың салдарынан өсімдік те, жан – жануар да тіршілік ете алмас еді. Бір сөзбен айтқанда, Жерде өтіп жатқкн сан алуан табиғат құбылыстары тоқтап қалар еді.
Күн бізге жақын орналасқандықтан басқа жұлдыздардан ірі сияқты болып көрінеді. Шынында ол қатардағы жұлдыздардың бірі, тіпті көптен кіші.
VI. Қосымша мағұлматтар:
Орбита дегеніміз – Күнді айнала қозғалатын ғаламшардың жолы. Күн жүйесіне тоғыз ғаламшар кіреді – Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун және Плутон.
Күн жүйесіндегі ғаламшарлар екі топқа бөлінеді – жерге ұқсас ғаламшарлар және Үлкен ғаламшарлар. Бірінші топқа – тығыздығы жоғары болып келетін және Күнге жақын орналасқан – Меркурий, Шолпан, Жер және Марс жатады. Екінші топқа – ауданы үлкен, тығыздығы төмен, Күннен алыс жатқан – Юпитер, Сатурн, Уран Нептун сияқты ғаламшарлар жатады. Бұлардың қатты қабаты жоқ,тек қана кішігірім ядросы бар сұйық газды күйде болады.
Күнді өзінің серіктерімен бірге ғаламшарлар және мыңдаған кіші ғаламшарлар немесе астероидтар айналып жүреді.
Жеке жұлдыздардың тобын Галактика деп атаймыз. Жарық Галактиканы 1 000 000 жылда кесіп өтеді.Күн жүйесі жарық бар – жоғы бір тәулікте кесіп өтеді.
Жер өз осін бір тәулікте (24 сағатта) толық бір айналып шығады. Жердің айналуы барысында оның Күн сәулесі түскен беті жарық болады да, ал қарсы көлеңке бетін түн басады. Сөйтіп күн мен түн үнемі алмасып отырады.
Күннің түтылуы да табиғат құбылыстарының бірі болып табылады.
VII.Сергіту сәт
Дәптерме жұмыс:
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып оқу. Мәтін тақтаға алдын ала плакатқа жазылып ілінеді.
Күн – Жерге жақын орналасқан . . .(жұлдыз). Бұл жанып жатқан – орасан зор . . . (ғарыштық дене). Күннің пішіні . . . (шар) тәрізді. Күннің диаметрі Жердің диаметрінен . . . (109) есе үлкен. Жер массасынан . . . (330мың) есе артық. Күн Жерден . . . ( 150 миллион) км жуық қашықтықта орналасқан.
VIII.Сабақты қорытындылау: Өздеріңді ғарыштық кеңістіктеміз деп сезініңдер. Ғарыштан біздің ғаламшарымыз қалай көрінеді екен? Байқайық.
Жер қандай екен? ( Шар тәрізді, көгілдір түсті).
Ол неге көгілдір болып көрінеді? ( Жердің басым көпшілігі су алып жатыр. Сондықтан ол көгілдір болып көрінеді).
Жерді неліктен жасыл ғаламшар деп атайды? (Өсімдіктер өседі)
Күннің Жердегі тіршілік үшін қандай маңызы бар? ( Күн – Жерге жарық пен жылу беріп, тіршілік беріп тұр)
IX.Үйге тапсырма: « Күн – жарық пен жылу көзі » мәтінін мәнерлеп оқып,түсінгенін айту.
X.Бағалау:
Қызылүй негізгі мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: « Күн – жарық пен жылу көзі»
Өткізген: Имашева Надира
2013 оқу жылы