Сабақ жоспары.
Күні:
Сынып: 1
Мұғалімі: Баймаганбетова.Р.Б.
Тақырыбы: Мен алтыдамын. Менің достарым.
Мақсаты: 1. Оқушыларды өзін жайлы айта білуге үйрету, достық тақырыбын түсіндіру,достарға байланысты сөздерді оқыту, суреттердің аттарын айтқызу,сергіту сәтін үйрету;
2. Суретпен сөйлету арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, сөздерді қайталату арқылы тілдерін дамыту;
3. табиғатты аялап,қорғай білуге, үлкенге құрмет көрсетуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу;
Әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, баяндау, қайталау, сөздік, суретпен жұмыс, аударма, сұрақ-жауап т.б.
Көрнекіліктер: Досты0 жайлы балалардың суреттері, ереже.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: - Сәлеметсіздер ме,оқушылар!
Тіл дамыту сұрақтарын қою:
Сенің атың кім?
Сен неше жастасың?
Бүгін аптаның қай күні?
Қандай ай?
Өткен тақырып бойынша қайталау сұрақтары:
Қанекей балалар ондықпен кім маған санап береді?
Апта күндерін кім айтады?
2. Жаңа сабақ: - Оқушылар, бүгін біз өзіміз жайлы айтып, достық жайлы әңгіме қозғаймыз 4 бетті ашыңдар.
Мұғалім сөзі: Оқушылар кім өзі жайлы қазақша айта алады.Достық дегеніміз ол адамның бір-бірімен айрылмастай адал болуы. Жүз теңген болғанша, жүз досың болсын деген мақал бар ғой, осы мақалды талдап көрейік.
Мақсатымыз: Оқушыларға өзі жайлы айта білгізу. Достық туралы әңгіме қозғау , сөздерді қайталау,сөйлеп үйрену.
Достық туралы әңгімені қозғамас бұрын жаңа сөзді қайталап оқып өтейік.
Жаңа сөздермен таныс
Мен – я
Ат – имя
Атым – зовут
Сана-считай
Жас,жаста- лет
Достық-дружба
Ақылды-умный (-ая,-ое)
Әдемі – красивый (-ая,-ое)
Кім- кто
Неше- сколько?
тапсырма. Монолологты тыңда.
-Мынау – мен.
- Мен атым –Нұрлан.
-Менің досым бар.
- Аты-
1- тапсырма. Тыңда.
Мынау – мен. Мынау - мен
Менің атым- Әлібек. Менің атым – Роза.
Мен алтыдамын. Мен жетідемін.
2- тапсырма. Өзің туралы айт.
Мынау - .....
Менің атым - .....
Мен ------дамын.
Мен -------демін.
3- тапсырма. Тыңда, айт.
Бұл - менің достарым.
Бұл-Саша. Бұл – Диана.
Саша алты жаста. Диана жеті жаста.
Бұл – Әлібек.
Әлібек жеті жаста.
Сергіту сәті. Би.
8 бет. 2-тапсырма . Үлгі бойынша айт.
[pic] Достарың неше жаста.
Мынау мен.
Менің атым Нұрлан.
Менің досым бар.
Аты Назерке. Ол бірінші сыныпта оқйды. Назерке ақылды қыз.
3 – тапсырма.аударып айт.
Бағалау: Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларды бағалайық. Үй жұмысы 9 бет, 4 тапсырма. Сергітуді жаттап келеміз.
Аппақ болып таң атып,
Түтін көкке ұшады.
Торғай қағып қанатын,
Самғап биік ұшады.
4. Қорытынды кезеңі: Оқушылар, өздерің және дстарың жайлы не айта аласыңдар?