3 сынып. Пәні: математика. Күні
Тақырыбы: Жазбаша қосу және азайту.412+279 және 691-279
Мақсаты: санның ондық жүйесі мен амал қасиеттері жайлы білімге сүйеніп, үш таңбалы сандарды, жазбаша қосу және азайту амалдарын орындайды. Жазбаша есептеу тәсілдерін орындаудың алгоритмімен танысады. Ұзындық, уақыт өлшемдері арасындағы қатынас жайлы білім бекітіледі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы. Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар.
ІІ. Мақсат қою кезеңі Тірек білімді белсендіру.
Ауызша есептеу Математикалық диктант:
-8 бен 7 сан-ң көбейтіндісінің мәнін тап. -2 бен 8 сан-ң көбейтіндісінің мәнін тап.
-23 санын 6-ға арттыр. -18 саны шығу үшін 9 санын неше есе арттыру керек?
-қай саннан 5-ті азайтқанда 23 шығады?
Өрнекте.
4дм=…см 18дм=…см
2дм 7см=…см 57см=…дм …см
Оқулықпен жұмыс:
№1 Қосындының және айырманың мәнін жазбаша табу тәсілдерін талдайды.
-бірліктерді бірліктердің, ондықтарды ондықтардың, жүздіктерді жүздіктердің астына жазамыз;
- бірліктерді бірліктерге қосамыз да, бір ондықты есімізге сақтап онд-ға қосамыз;
-онд-ы онд-ға қосамыз, оған тағы бір ондық қосылады;
-жүздіктерді қосамыз;
-қосынды-ң мәні ... тең.
Осы ұстаным б/ша үш таңбалы сан-ды жазбаша азайту алгоритмі орындалады.
Алгоритмді есте сақтау үшін «ә» тапсырмасы орындалады.
523 684 318 435
+268 -327 +536 +329
791 357 854 764
№2 Есептерді шығар:Ш: 354- (117+97)=140 (т)Ж:140 түп қалды.
Ш: 264- 138=122(қ) 138-122=16- ұл бала артық Ж:16 ұл бала артық
№3 Кенеттен сұрау:Топпен жұмыс жүргізіледі.
Сергіту сәті:
Өзіндік жұмыс:№5
380см=3м 8см
60дм=6м
8м 3см=803см
4м 8дм=480см
630см=6м 3 дм
5м 3дм 6см=536см
№6 Мысалдарды шығар.
48:8+32-54:6=29
(35+65)-21-(16+8)=55
Рефлексия:Жасыл қоршаудағы тапсырма орындалады.
-Мен бәрінен бұрын ... орындай алдым.
-Мен әсіресе ... орындай алдым.
Үйге тапсырма:107 бет, №4
Бағалау: