1 сынып Ю дыбысы мен әрпі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Алматы облысы,

Қаратал ауданы

МДШО бар Жаңаталап орта мектебі







Тақырыбы:

Ю дыбысы және әрпі

















Тоғасова Х.К.









Сабақтың тақырыбы: Ю дыбысы және әрпі.

Мақсаты: Ю дыбысымен таныстыру , ю дыбысы қатысқан сөздерді буындарды оқуға үйрету.Жазбаша ю әрпін көркем жазуға үйрету.Тілін дамыту,оқу жылдамдығын арттыру.Ұқыптылыққа,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: Ю әрпінің жазбаша түрі,суреттер ,буындар,интерактивті тақта т.б.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Психологиялық дайындық.


II. Өткен материалдарды пысықтау.

«Ойлан тап». /сұрақ- жауап/


Ойынның шартымен таныстырып,сұрақтарға жауап алу

а) әліппе сабағында нені үйреніп жүрміз?

ә) дыбыстар нешеге бөлінеді

б) дауысты дыбыстар қалай айтылады?

В) дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

Г) әріп дегеніміз не?


2.Интерактивті тақтадан сөздер оқу.

Шана,таға,бала,бота,дала,арпа,пана.

3.

а) Өткен сабақта қандай дыбыспен танысып едік? /я/

ә) я дыбысы қатысқан сөздер ойлау?

б)оқулықпен жұмыс: «Сұр қоян» жатқа айту /5-6 оқушы/


Жұмбақ шешу

Балпаң-балпаң басады

Қыр жотадан асады

Паналайды үңгірді

Іздемейді тасаны / Аю/


Тәтті көрсе бас саллар

Айнымайды баладан

Үп үлкен боп жасқанар

Кіп кішкентай арадан.


III.Жаңа сабақ.

1.Итерактивті тақтадан ою,аю /суреттерін көрсету/

Балалар тақтада ненің суреті тұр?

Ол сөздерде/аю,ою/ бізге таныс емес қандай дыбыс бар?/ю дыбысы/

Ендеше бүгінгі танысатынымыз ю дыбысы және әрпі.

2.Интерактивті тақтадан «сиқырлы әріптер әлеміне» назар аударайық. /ю әрпі қатысқан сөздердің суреттері/

3.Ю әрпінің баспаша ,жазбаша түрі. Ю әрпінің қосарлы дауысты дыбыс екенін аңғарту,дыбыстату.

Сергіту сәті.

4.Оқулықпен жұмыс.

1.Аю сөзін буынға бөлгізу.

2.Бағандағы сөздерді оқыту,интерактивті тақтадан


Қою құю сүю есею

Қию түю күю үлкею


3. « ою» , «жақсы көрем» өлеңін бірнеше оқушыға оқыту

4. Дыбыстық талдау/тақтада/

қ о ю


а з а ю

т ү ю

5.Дәптермен жұмыс

1.Ю әрпінің жазылуын тақтада көрсету

2.Ауада жазу.

3.Дәптерге жазу.



Жаңа білімдерін тексеру.





IV.Қорыту:

1.Ю қандай дыбыс? Сөздің қай жерінде кездеседі?

2.Үйде «жақсы көрем» жаттау

3.Білімдерін бағалау,мадақтау.