УсинаА.Б. Сыныбы: 2 «В»
Күні:21. 12.14 204
Сабақтың тақырыбы
«Жұмыстың жылуы» Қадыр Мырза Әли
Мақсаты
Танымдық:Өлеңді түсініп оқу, мазмұнын талдау. Негізгі ойды анықтау.
Эмоциялық: Өз ойларын ,пікірлерін еркін айтуға,өз көзқарастарын дәлелдей білуге машықтандыру,шығармашылық қабілеттерін дамыту. Зейінін,сөздік қорын, мәнерлеп оқу дағдысын дамыту.Шығармаға талдау жасау арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту;
Әлеуметтік: бір-бірінің пікірін тыңдауға, мәдениетті сөйлеуге ықпал ету.
Күтілетін нәтиже
Өлеңді мәнерлеп оқи отырып, қызығушылығы артады. Негізгі ойды түсінеді. Топ алдында өз ойын еркін айтып, сөйлеуге машықтанады. Өзіне деген сенімділігі артады.
Тапсырма көздері
топтық, жеке жұмыстар
Сабақтың көрнекілігі
Тақырыпқа байланысты слайд суреттер , сызбалар
Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақ
Сергіту сәті
Қорытынды
Рефлексия
Бағалау
Үйге тапсырма
1.Сыныптың назарын сабаққа аудару
2. Сыныпты топқа бөлу :
Желтоқсан, қаңтар, ақпан
Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
1.«Шынықсын денеміз» өлеңін жатқа сұрау
2. Қалың-жұқа сұрақтар арқылы бекіту.
3. Топтық тапсырма / жоба қорғау/
1-топ «Жылу»
2-топ «Қысқы еңбек»
3-топ «Қысқы киімдер»
Сабақтың тақырыбын ашу /Мюнстенберг әдісі/
1.МЮРТЖҰМЫСТЫҢШРАТЬУЮЖЫЛУЫРСЯЖ
2.Авторы жайлы қысқаша мәлімет беру
Қадыр Мырза Әли
1935ж Батыс Қазақстан обл Жымпиты ауданында дүниеге келген Шыншыл зерделі ақын
«Күміс қоңырау» «Домбыра , «Жерұйық»т.б. шығармалары бар
3.«Жұмыстың жылуы» өлеңін оқуға ұсыну
Музыкалық дене қимыл жаттығулары
4.Сөздік жұмысын жүргізу
5. Топтық жұмыс
1-топ Жұмысқа дейінгі баланың іс-әрекеті
2-топ Баланың жұмыс кезіндегі күйі
3-топ Жұмыстан кейінгі күйі
6.«Мен қыста қандай жұмыстар атқарамын?» ой толғаныс
Кері байланыс жасау
«Сіз білесіз бе?» бүгінгі сабақтан алған білімі, әсері туралы бір ауыз пікір айтқызу
Бүгінгі сабаққа қатысуларына қарай өздерін-өздері бағалайды.
Өлеңді жаттап келу. Тақырыпқа байланысты сурет салу
Оқушылар топқа бөлініп отырады.
Сабаққа өздерін дайындайды.
Өлеңді мәнерлеп айтады.
Оқушылар өздеріне берілген тапсырманы орындайды.
Топтар бір-бірінің жұмысын бағалайды.
Оқушылар әріптердің ішінен тез сөздер тауып оқиды.
Авторы жайлы мәлімет алады.
Өлеңді мәнерлеп , түсініп іштей оқиды. Топта шумақтап тізбектей оқиды.
Өлеңнің мазмұнын өз сөздерімен
әңгімелейді.
Топтасып жұмыс атқарады.
Бүгінгі сабақтан үйренген бір ғана жаңалығын айтады.
Топта өзара бір-бірін бағалайды.