Пәні: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»
Мақсаты: Жақсылық пен жамандықты ажырата білу. Әдеп сөзінің мағынасын түсіндіру. Тілдік қорларын байыта отырып, байланыстырып сөйлеуін, ойларын жеткізе білуге дамыту. Үлкендерге құрмет, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: Жақсы мен жаманды бір-бірінен ажырата біледі, әдептілік қағидаларының мағынасын түсінеді.
Қолданылатын әдіс-тәсілдері: «Миға шабуыл», «Бағытталған оқу», «Дөңгелек үстел әдісі», «Көре білу стратегиясы».
Сабақтың барысы:
Психологиялық жағымды ахуал орнату,оқушылардың назарын сабаққа аудару Балалар, сабағымызды бастамас бұрын күн нұрына қол созып, алақанды жайып Күнмен амандасып алайық.
. [pic]
Бүгін тапсырманы бізге Күн береді, дұрыстап жауап беруге тырысайық.
Күнді ренжітпей тапсырмасын орындаймыз ба?
Олай болса бірінші топқа бөлініп алайық.
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін
Қайырлы таң, қайырлы күн.
Күн
Сәлеметсіңдер ме? Амансыңдар ма? Есенсіңдер ме? деп амандасады.
Балалар, бойымыздағы жаман қасиеттерден арылайық, ауырмайық, әдепсіз болмайық және бәріміз біраз үнсіз тұрайық. Біраз үнсіздіктен соң
- Арылдық па?
- Арылдық.
- Ал енді, Аспан атадан күш қуат алайық.
- Армысың, қайырымды Аспан ата!
- Армысың, мейірімді Жер ана!
Балалар жақсы дегенді қалай түсінесіңдер?
Гүл өсірген жақсы, ағашқа су құйған жақсы.
Жаман деген немене?
Кішкентайды жылатқан жаман, ойыншық сындырған жаман.
2 мин
Топ тық ереже
Топқа бөліну: әдептілікке байланысты
Ақылды, мейірімді, кішіпейіл, тәрбиелі, сабырлы,білімді.
Сөздер жазыл ған қағаздар
5 мин
Үй тапсырма сын тексе ру
Мақал – мәтелдер
Адамдықтың белгісі –
Иіліп сәлем бергені.
Қарт кісіні қадірле,
Өзіңде қарт боларсың
Әдепті бала-арлы бала
Сабыр түбі- сары алтын.
Басыңа іс түссе,
Жақсы дос көмек етеді,
Жаман дос күліп өтеді.
Мақал- мәтел жаттап келеді
Өз ойларын ашық айтады, мазмұнын ашады.
Түсінік береді
10
мин
10 мин
Жаңа сабақ
1-4 топ тапсырмасы
4-топқа берілген тапсырма
«Көре білу стратегиясы». Сурет бойынша жұмыс
[pic] [pic]
[pic] [pic]
[pic] [pic]
Мәтін бойынша жұмыс
Әр түрлі нұсқада мәтін жазылған парақшалар таратылады.
Берілген мәтінді оқып, өз ойларымен ары қарай жалғастыру.
Трамвай қоңырауын шылдыр-шылдыр еткізіп, қала шетіндегі ең соңғы аялдамаға тақап қалды. Жұрт орындарынан түрегеп,есікке қарай жүруге дайындалды.
Орта тұста отырған бүкірлеу, ұзын сақалды, кішкентай шал да трамвайдың әбден тоқтауын күтпей, имек бас таяғына сүйеніп, ілгері қарай жүрді. Бір қолында азық- түлік салынған сөмкесі. Кенет трамвайдың жүрісі кілт баяулағанда, шал ілгері лықсып, құлай жаздап қалды. Оның арт жағында тақыр бас кішкентай бала тұр еді. Шалдың қолтығынан шап беріп, сол ұстап үлгерді. Әйтпегенде қауқарсыз қарттың не құлап, не алдағы біреулерді сүзе барып соғылатыны айқын еді.....
Әңгімені ары қарай оқушылар жалғастырады.
Парақты оқиды, оқиғаны ары қарай жалғастырады.
Слайд.
Дәптер мен жұмыс
Мәтін жазыл ған парақ тар
5 мин
Ой толғаныс.
Тақырыптық ашық сұрақтар
Сұрақтарға жауап алу.
Сен баланың орнында болсаң не істер едің?
Трамвай тоқтағанда шалға қандай көмек көрсетер едің?
Автобусқа сенен 3-4 жас үлкен бала мінсе не істер едің?
Тапсырма орындап біткеннен кейін «Күн » балаларға батасын береді.
Топ мүшелері сұраққа жауап береді
Биік төбеге шықсаң – көзің ашылады,
Жақсымен жолдас болсаң – көңілің ашылады.
Жақсы жан ешкімді жатыр-қамайды.
Жан жолдасың ешуақытта алдамайды.
Асыл ердің баласы аз сөйлеп, көп тыңдайды.
Жала сөз тірідей қаралайды,
Жақсы сөз дем берер,
Күш-қуат, ән берер.
Бұл айтқанымның көбісі –
бұрынғы өткен атам қазақтан қалған асыл сөз. Сендерге осы өсиетім жолбасшы болсын! Батам қабыл болсын! Жортқанда жолдарың болсын!
Әумин!
5 мин
Бағалау
Көшбасшы және топтық бағалау
Көшбасшы және топ мүшелері бірін-бірі бағалайды, себебін айтады.
Оқушы лар бірін-бірі түрлі түсті қағаздар мен бағалайды.
5 мин
Кері байланыс
«Алақан стратегиясы»
Оқушы ойын анықтау
Алақан суреті нің қиындысы