Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары: «Дара және күрделі етістіктер»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні: 02.03.16ж

Мектеп: №16 орта мектеп

Сыныбы: 2 «А»

Пәні:қазақ тілі.

Мұғалім: Ашенбекова А.А

Практикант: Әбдерхан Жанель.

Уақыты: 45 мин

Сабақтың тақырыбы: «Дара және күрделі етістіктер».
Сабақтың мақсаты

А) Білімділік: Етістік туралы берілген білімді толықтыру, ол заттың әр алуан іс - әрекетін, қимыл процесін білдіретін сөз табы екендігі, сұрақтарын, сөйлемдерден етістікті табуға, етістіктің түрлерін ажырата білуге, дара етістікті күрделі етістікке айналдыруға арналған тапсырмаларды орындау; етістіктің зат есімнен байланысы жөнінде берілген түсініктерді кеңейту;
Ә) Дамытушылық: Жаңа технологияларды басшылыққа ала отырып, сөздік қорын молайтып, ойын, тілін, зейінін, шығармашылық белсенділігін дамыту;
Б) Тәрбиелік: Әдептілікке, мейірімділікке, татулыққа, жылдам ойлауға,
Отансүйгіштікке тәрбиелеу;
Сабақтың типі: Білім, білік, дағдыны жетілдіру сабағы
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, көрнекілік, топтастыру, ми қозғау, бөшкеден шыққан басқатырғылар
Көрнекіліктер: Сызбалар, суреттер, қима - қағаздар, дидактикалық материалдар.
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Сәлемдесу: Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Қазір қандай сабақ екенін еске түсірейік. 1 - оқушы дауыстап мәнерлеп айтады.
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім
Міне, оқушылар ғұлама кемеңгер ақындарымыздың тілі – туған тіліміз қазақ тілі сабағына бүгін қонақтар қатысып отыр. Қонақтармен амандасып, сабағымызды бастайық.
- Балалар, мына өлең жолдарын естеріңе түсіріп, жалғасын айталық:
Нәсілің кім?
Ұлтың кім?
Әлде мен аспанның сұр бұлтымын ба? (Оқушы жалғастырып айтады.)
Бұлт емеспін,
Мен қазақпын - халықпын,
Көне күннен келе жатқан тарихпын.
- Өте жақсы, сендер болашағы зор, талапты, әдепті қазақ ұрпағысыңдар.
Ендеше сол ұлттарың туралы білетіндеріңді ортаға салыңдаршы.
ҚАЗАҚ: Қазақстан, Елбасы, Шекара, Теңге, Рәміз, Ата заң, Астана.
• Топқа бөлу.

1 – топ – «Қайрат»,

2 – топ – «Ақыл»,

3 - топ – «Жүрек».
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, өткенді қайталау.

Сабақтың мақсаты қай топ дұрыс әрі бірінші жауап береді,қоржындарыңа алтын теңге салынады. Егерде қате жауап берген жағдайда, алтын теңге қайтарылып алынады.
Лездеме жауап беруге арналған сұрақтармен пысықтау.
1. Заттың атын білдіретін сөз табы (Зат есім)
2. Көкшетау, Тараз, Алпамыс, Есіл, Құтжол – қандай зат есімдер? (Жалқы)
3. Жылы – жылы сөйлесең, не інінен шығады? (Жылан)
4. Жүрді, келді, барады – қандай сөз табы? (Етістік)
5. – лар, - лер,- дар, - дер, - тар, - тер қандай жалғаулар? (Көптік)
6. Сөз таптарын ата (Зат есім, сын есім, сан есім, етістік)
7. Сынып бөлмесінде кезедесетін жалпы есімдерді ата. (Сағат, парта, орындық, кітап)


ІІІ. Жаңа сабақ.

Ережені еске түсіру.

Етістіктердің дара және күрделі түрі болады. Дара етістік бір сөзден тұрады: келді, оқыды, көрді. Күрделі етістік екі, үш сөзден құралады: келе жатыр, оқып отыр, көріп жүр.(мысал келтіру арқылы слайд-шоудан көрсету).


Дәптермен жұмыс.
• «Артық сөзді тап» ойыны
Шарты: тақтада берілген сөздердің ішінен артық сөзді тауып дәлелдеу.
Аспан, шағала, аналар, отырды, орындық.
Себебі, отырды деген сөз етістік, қалғандары зат есімдер.
- Енді, етістіктер туралы не білеміз?

Мағынаны ашу. «Болжау» стратегиясы
Мұғалім:
Ø Оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіру барысында «Болжау стратегиясын» қолдану. Ең бірінші терме диктант өткізу, содан кейін етістіктің жазылуына назар аударту, балаларды өздері ережені айта білуге бағыт жасап отыру.
Терме диктант. Сөйлем ішінен етістіктерді теріп жазыңдар.Ø

Дәрігер, аласа, күлді,күн, терең, жазды, қою, бесінші, өнерлі, айтты, сұйық, қызғылт, ақшыл, жүрді, айтып отыр, кәрі, қойшы, инабатты, қолшатыр, оқып отыр,әдемі.

Етістік қалай жазылады? Дара етістік және күрделі етістік екенін қалай білдіңдер? Ережені айтып көріңдерші.



• Шығармашылығымызды шыңдайық:
Көп нүктенің орнына етістіктерді қойып жаз.
Сабақтан мен............,
Жаман бала...............
Үлкендерді...............,
Айтқандарын.............

Сергіту сәті. (Видеоролик арқылы).


Оқулықпен жұмыс. 139 – бет.

385- жаттығу. Мәтінді оқып, етістіктерді тап.

Көл баяу толқып жатыр. Көлдің түбі құмақ. Қиыршық тастар да бар. Балалар көлге шомылуға келді. – Оңға жүз! Иірімге барма! – деп айқайлады Жүсіп. Айша оңға жүзді. Онымен қатар Әмина жүзіп барады.

388 – жаттығу. Етістіктерді не істейді? Қайтеді? Сұрақтарына жауап беруіне қарай топтап жаз. Оның себебін түсіндір.

Сайрайды, сыпырады, өсіреді, шаңқылдайды, ақырады, иіреді, емдейді, боздайды.(платқа екіге бөлу арқылы жазып шығу).

ІҮ. Қорытынды – рефлексия кезеңі

• “Кім жылдам?” тапсырмасы

• Тіл – өнер
Мақалды толықтырып, орысша аудармасын табу.
Отан.... басталады. (отбасы - семья)
Туған жерге..... тік (ту - флаг)
Бақа көлінде – патша,
.... суында – патша,
.... елінде – патша. (балық – рыба, адам - человек)

• Үйге тапсырма: 387 – жаттығу, 140 – бет. Сөйлемдер құрау.
Бағалау.( медальдар таратып беру).
Бәрекелді балалар,
Бәріңе жақсы баға бар
Азамат боп өсіңдер
Ел қадірін біліңдер.
Сабақты қорыту:
«Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» дейді қазақтың бас ақыны Абай. Міне, осы 3 топта белсене қатысқандары үшін рахметімді айтамын. Сау саламат болыңыздар!