План Тәрбие сағаты (4- сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Құс – көктем жаршысы

Барлық тыныс тіршіліктің бастауы – көктемнің ерекшелігін байқату, көктемнің алғашқы жаршысы – құстарды қарсы алып, қамқорлық жасау. Халық қазынасы мақал-мәтелді, жұмбақ, болжамдарды пайдалана білуге үйрету.

Сабақтың барысы: « Көктем» вальсі әуенімен оқушылар сыныпқа билеп кіріп, отырады.

1-бала:

Сәуір міне келді жайнап

Көктемнің бұл айы.

Құс біткеннен төгілген ән

Бейне көктем жырлары.

2-бала:

Сағынышпен жеткен

Қуануа бер көктем.

Жайна нұрлы гүлдің

Көктем тірлік айғағы!

Бастаушы: -Сәлеметсіздерме, достар! Сіздерді «Құс - көктем жаршысы » атты тәрбие сағатымызды тамашалауға шақырамыз!Көктем мерекесі «Құс күнімен» құттықтаймыз! Бұл мереке – табиғаттың қысқы ұйқыдан оянуын танытатын көктем хабаршысы. Жер бетінде 8600-ге жуық құстардың түрі бар. Біздің Республикамызда 474 құстың түрі бар.

«Көктем вальсі» әуенімен билеп «Көктем» келеді:

Сәлем достар аманба?

Мынау бейбіт заманда.

«Құс көктем жаршысы»

Ән саламын құс үнімен,

Сәнденемін нұр гүлімен.

Құттықтаймын бәріңді,

Құс мереке күнімен.

«Көктем» әні орындалады.

Көктем:

Ал, құрметті, халайық

Мерекені бастайық.

Жұмбақ шешімін тапсаңдар,

Құстарды қарсы алайық, -деп жұмбақ жасырады.

Жұмбақ:

Түсі қара мақпалдай

Төсі ақ сыр жаққандай,

Ұшса оқтай зулайды

Көктен жұлдыз аққандай.

(Қарлығаш)



Қарлығаш ұшып келіп :

Мен- адамның досымын,

Мекенінде тұрамын.

Шыбын келсе, кәсібім,

Ұстап жеймін қырамын.

Тазалаймын үй ішін,

Шыбын деген кеселден

Ел аузында мақтаулы

Санитармын төселген.

Жұмбақ:

Орманда жоғары

Ағашқа қонады.

Тұмсығын балға ғып

Тоқ-тоқ соғады.

(Тоқылдақ)

-Балалар, мен орман құсымын, өзімнің балға тұмсығыммен ағаш қабығының арасындағы зиянкестерді тауып құртамын.

Орман іші соқылдап

Жаңғырықты түнімен.

Ұрды ағашты тоқылдақ

Тұмсығының түбімен.

Жұмбақ:

Биікке салған ағаш үй

Сол ғой оның мекені.

Жаздай сайран салып-ап,

Қыста алысқа кетеді.

(Қараторғай)

«Аққулар »биі. Қыздар тобы.

Аққу:

Заң жоқ еш уақытта

Біздерді атуға

Түсімде аппақ

Атымда ...

(Хормен Аққу)

Айнұр:

Құс сұлуы аққумен

Табиғат көрік сыйлаған

Мылтығымен кезеп еш мерген

Атуға көзі қимаған.

Саналық көрініс «Жарқанат неге түнде ұшады».

Мұзафар Әлімбай, Ертегі-дастан.

-Балалар, құстар туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?

-Бұлбұл үнді, жылан тілді.

-Қыста құсқа жақсылық жасасаң, жазда жақсылығыңды өтеп береді.

-Құстар көп болса, зиянкес жәндіктер аз болады.

Ойын: «Кім көп құс біледі?»

Құстар тойын құттықтап,

Қуанамыз қолдаймыз.

Ұя жасап ұқыптап,

Біз оларды қорғаймыз.

-Ендеше, балалар, еңбек сабағында құстарға ұя жасап, жем салғыш жасап оларды қорғайық. Ал кәнеки, балалар, құстарға байланысты қандай халық болжамдарын білесіңдер?

-Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады,, ауа райы өзгереді.

-Сары шымшық ысқырса, шынымен күз болғаны.

-Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.

-Қарға қарқылдаса, қар жауады.

Ұлпан:

Оянды бар табиғат ұйқысынан,

Жадырап құтылғандай қыс қамынан

Көктемді шуға бөлеп, әнге ораған

Тыңдаймыз алуан сыр жыл құсынан.