Бұғышақ және оның серігі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сыныбы: 3 «а»

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Бұғышақ пен оның серігі

Сабақтың мақсаты: ертегіні оқып, мазмұнын түсіну арқылы идеясын ашуға жағдай туғызу.

Күтілетін нәтижелер:

Пәндік нәтиже: Өмірмен байланыстыруға мүмкіндік беру.

Жүйелі іс-әрекет нәтижесі. Сөздің мән-мағынасын ажыратуға

жаттықтыру, шығармашылық еркіндікті сезінуге

мүмкіндік жасау.

Тұлғалық нәтиже: Шығармашылық жұмыстар арқылы өз бетімен жұмыс

жасауға жағдай туғызу,мәселені шешудегі батылдық,

ізденушілік қасиеттері мен дағдыларының дамуына

мүмкіндік жасау, ерік беру.

Сабақтың көрнекілігі: топтау сызбасы, плакаттар, бұғы суреті.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру:

Қанеки балалар назарымызды сабаққа аударып , сабағымызды жүрек жылуынан бастайық.

Күннің нұрын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

ІІ. Үй жұмысын сұрау:

Үйге берілген тапсырма «Жақсы мен жаман». Екі топ оқушылары өлеңді екі жолдан кезектесіп оқып шығады. І-топ бірінші бағанды оқиды, ІІ- топ екінші бағанды оқиды. «Ішіне, сыртына» стратегиясын пайдалана отырып, адам бойындағы жақсы және жаман қылықтарды бөліп жазып шығады.

І-топ «Ішіне» жақсы ІІ-топ «Сыртына» жаман

Білімді қатыгез

Мейірімді өтірікші

Адал білімсіз

Қамқор жылауық

Шыншыл дөрекі

Кішіпейіл жалақор

Ұқыпты қызғаншақ

Өнерлі мақтаншақ

Сөзіне берік лас

Екі топтың жазғандарын оқып шығып, дұрыстығын тексеру.

ІІІ. Үй жұмысын бекіту:

Жақсы мен жаман, жақсылық пен жамандық жайлы мақал мәтелдер айтудан екі топты жарыстыру арқылы үй жұмысын бекіту.

Сергіту сәті:

Ауа райында болатын құбылыстарды қимылмен келтіреді.

Түн. Таң атып, күн шықты. Жәйләп жел тұра бастады. Жел күшейіп, аспанда қара бұлттар пайда бола бастады. Бір кезде себелеп жаңбыр жауа бастады. Жаңбыр құйып жауды. Жаңбыр бірте-бірте тоқтады. Күн шайдай ашылды.

ІҮ. Жаңа сабақ: 1) Қызығушылықты ояту.

Балалар үй тапсырмасына өте жақсы дайындалып келіпсіңдер. Ендеше жаңа сабақтың тақырыбымен таныс болайық. «Бұғышақ пен оның серігі» деген үй тапсырмасында айтылғандай адал да әрі мейірімді дос жайлы болмақ. Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында әр топқа тапсырма беру.

  • Балалар, мысалы, сендер үйден шығарда, бір жаққа үйден кетерде ата-аналарың қандай ескертулер айтады?

  • Бұл сөздер күнде айтыла ма?

  • Ал, күнде айтқан сайын, сендер қандай жауап қайтарасыңдар? (оқушылардың жауаптарын ауызша тыңдау)

  • Сендер көшеге, бір жерге жолдас, серіктеріңмен шығасыңдар. Ата-анаң да, сен де жолдасыңның жақсы болғанын қалайсыңдар.

2) Мағынаны тану.

- бүгін біз осы жағдай сияқты «Бұғышақ пен оның серігі» атты ертегіні оқимыз. Қазақ халқы жанына ерген адамды серік, жолдас, сапарлас деп атайды. Ол адам дос болмауы да мүмкін. Себебі адамдарға қызмет, оқу, жұмыс бабымен бірге жүруге тура келеді. Сендердің де жолдастарың өте көп, ал достарың біреу ғана болуы мүмкін.

Ертегіні оқыту. Ертегі екі топқа лайықталып екіге бөлінген. Әр бөлік топ мүшелерінің санына қарай бөлікшелерге бөлінген. Оқушылар бөліктерді оқи отырып, ертегіні дұрыс орналастыруы шарт.

  • Қарт бұғының қандай сөздері әкенің қамқорлығын білдіреді? (мәтіннен іздеп табу)

Әрбір ата-ана баласының жолдастары жақсы болғанын қалайды. Ертегіде Бұғышақтың әкесі оның жанындағы серігін төрт рет сипаттайды. Осы сипаттауларды тақтаға топтастыру арқылы жазып шығайық.

Досы: 1. Мықты

2. айлакер, ержүрек

3. ақылды, сақ

4. мейірімді – деген сөздер жазылады.

- Балалар, кестедегі Бұғышақтың жолдасының қасиеттеріне қараңдаршы. Сендерге қайсысы ұнайды? (оқушылардың пікірлерін тыңдау)

- Бірақ, балалар, Бұғышақ серігін қанша мақтаса да, әкесі оның жолдасының бір қасиетін естігенде ғана «... Енді, балам, сені алаңдамай күтетін боламын», -деді. Бұл қандай қасиет? Мәтіннен тауып оқыңдар.

Сөздікпен жұмыс жасау:

Ертегі соңындағы тапсырмалар мен сұрақтарға жауап айту.





3) Ойтолғаныс.

- Мейірімділік-әкесі таныған жақсы мінез екен. Өйткені мейірімді жан үнемі жанашырлық жасауға дайын тұрады. Барлық қасиеттер жақсы екенін әкесі түсінеді, бірақ соның ішінде бәрінен мейірімділік жақсы екенін айтады. Ал сендер ең мейірімді адам кім екенін өте жақсы білесіңдер... Ол әрине АНА.

Ү. Сабақты қорыту:

Ендеше, балалар, «Анашым, алаңдама!» тақырыбында шағын ойымызды жазып шығайық. (жазған ойларын оқыту)

ҮІ. Үйге тапсырма беру:

Ертегіні түсініп оқу . Ертегі желісі бойынша сурет салу.

Бағалау: