Жалпы мақсаттары
1.Оқушылардың бойында көп ұлтты егемен ел-Қазақстанға деген мақтаныш
сезімдерін қалыптастыру.Тапсырмалар орындата отырып танымдық белсенділіктерін арттыру.
2. Отанға, ұлтына, үйіне,туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
3.Қазақстан картасымен жұмыс істей білуге үйрету, бақылау, қорытынды жасау қабілетін дамыту.
Мұғалім үшін оқу нәтижелері
таныстырылым арқылы оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе білуге жетелеу;
оқушыларды көркем әдеби тілде сөйлеуге баулу;
топта жұмыс жасауды, ойларын қорғау үрдісін қалыптастыру.
Сабақта туындаған негізгі идеялар
негізгі ойды табуға үйренеді;
топта дұрыс шешім қабылдауға үйренеді;
топта бірін- бірі тыңдауға дағдыланады;
өз пікірін топта талқылауға әдеттенеді.
Тапсырмалар
Шығармашылық тапсырмалар
Жұмыс түрлері
Топтық жұмыс
Жұптық жұмыс
Бағалау
Бірін-бірі бағалау
Өздік жұмыс
Сабақтың көрнекілігі
интерактивті тақта,слайдтар, Қазақстан туралы суреттер,Қазақстанның физикалық картасы.А3 пішінді формат, маркер, түрлі-түсті қағаздар.
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс- әрекеті
1-әрекет. Ұйымдастыру кезеңі: 3минут (1,2 –модульдер)
Қызығушылықты ояту.Топқа бөлу;
Оқушылар өздері таңдаған стикерлер арқылы 4 топқа бөлінеді.
[pic]
Психологиялық ахуалды қалыптастыру
«Тілек ағашы»
Бөлінген топтарға бүгінгі сабақта орындалатын тапсырмалар айтылады.
2-әрекет. «Сұрақ-жауап» әдісі 3минут (1,2,3,6- модульдер). Үй тапсырмасын сұрау, өткен сабақты бекіту кезеңі.
Сұрақтар:
1.Ежелгі қалалар мен ескерткіштерді ата.
2.Түркістан қаласы туралы білетініңді әңгімеле.
3.Отырар қандай қала болғаны туралы айт.
3-әрекет. Жаңа сабақ. «Түрткі тастау» стратегиясы (жаңа сабақтың мақсаты мен тақырыбын анықтау мақсатында қойылатын сұрақтар) 5 минут (1,2,4,5,6 -модульдер)
-Біздің ортақ үйіміз қалай аталады?
-Қазақстанда біз кімбіз?
-Азамат болу деген не?
-Конституция деген не?
4-әрекет. «Зерттеушілік әңгіме» (мағынаны тану) 10 минут (1,2,4,5-модульдер)
Жаңа тақырып бойынша жұмыс жүргізу.
1.Қазақстан картасымен жұмыс жүргізу.
2. Қазақстан мен шектесетін мемлекеттерді атау.
3. Қазақстанда қандай халықтар тұрады
4.Олардың қандай құқықтары бар.
5.Қазақстанның қандай рәміздерін білесің.
5-әрекет. «Ойлан, тап» ойыны 10 минут (1,2,4,5,6-модульдер) жоба қорғау
Мұғалім әр топқа тапсырмалар ұсынады.
1- топ: Қазақстанда Тәуелсіздік күні қашан аталып өтіледі.
2- топ: Балалардың құқықтары мен міндеттерін естеріңе түсіріп, айтып беріңдер.
3-топ: Біздің мемлекетіміздің басшысы кім?
4-топ: Президент немен айналысады.
6-әрекет. «Әңгіме дебат» 5 минут (1,2,4,5,6 -модульдер)
-Неге еліміздің азаматтары ҚР-ның заңдарын орындауы керек?
7-әрекет. Топтық жұмыс, жұптық жұмыс 5 минут (1,2,4,5,6, 7-модульдер) Оқушылардың мәтінді өз бетінше оқуы
1- топ: Қандай міндеттерді орындауың керек?
2-топ: Егемен елдің қандай белгілері болуы керек
3-топ: берілген мәтінге сүйене отырып, сен қандай құқықтарды пайдаланасың?
4-топ: Сөздік жұмыс (оқушылар білімін пайдалану)
8-әрекет. Ой толғаныс. «Ой толғау» 5 минут (1,2,4,5,6- модульдер)
1-топ: Туған өлкеміздің табиғатын суреттеп жаз.
2-топ: Қазақстан туралы бес жол өлең жазу.
3-топ: Отан туралы мақал –мәтел жаз.
4-топ: Қазақстанның қалалары туралы әңгімеле.
9-әрекет. Бағалау. 3 минут (3-модуль)
Топта бірлесіп бағалап, бағалау парағына жазады.
10-әрекет. Үйге тапсырма. 2 минут.
Рефлексия: Кері байланыс.
[pic]
Оқушылар өздерінің жанындағы сыныптастарына бүгінгі сабаққа тілектерін стикерлерге жазып, «Тілек ағашына» апарып іледі.
1-топ Астана; 2-топ Алматы; 3-топ Ақтау; 4-топ Атырау;
критериалды бағалау үш балдық жүйе бойынша бағаланатынын ескерту. Топ спикері топтағы оқушылардың аты-жөнін жазады
Аты-жөні Түсінікті, дауыс ырғағымен мәнерлі оқу
Барлық қырларын ашып дәлелдей білу
Топтық жұмысқа белс-не ара-ла-ы
Негізгі ойды
анықтауға
қатысуы
Мансур
Мерей
Аяжан
Ислам
Анель
Фарида
[pic]
[pic] [pic] [pic] [pic]
[pic] [pic]
Әр оқушы дәптеріне жазу арқылы жеке жұмыс жасайды.
Балалар өз болжамдарын жасайды.
Жаңа сөздерге жалпы сипаттама береді және осы сөздерді топқа бөліп тастау,флипчартқа түсіру.
-парламент
-президент
-үкімет
Тапсырмаларын жұпта орындап, талдап, ортақ ойды айтады.
Топта талданып ,ортақ шешімге келеді,топ мүшелерінің шешімімен жақсы жұмыс ұжымда талданады.
1-топ: Қазақстан туралы әңгімелеу.
2-топ: Отан туралы мақал- мәтелдер айту.
3-топ: Қазақстан туралы сурет салу.
4-топ:Егерде мен президент болсам» тақырыбына
хат, эссе жазу.
Оқушылардың айтуы бойынша кестені толтырады.
.