Бекітемін:
Оқу ісі жөніндегі орынбасары: К.Жуманова
Мерзімі: 3.ХІІ.2014
Пәні: математика
Сыныбы: 4 сынып
Сабақтың тақырыбы:
Бөлшектер мен үлестер
Сабақтың мақсаты:
Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру, ойлау жүйесін қалыптастыру,шапшаң есептеуге дағдыландыру.Сыни тұрғыда ой қорытындысын жасау. Өзара бірін-бірі бағалауды үйрету.
Өзін еркін ұстауға қалыптастыру,ой-өрісін дамыту.
Оқушыны ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
Оқушының тапсырма барысында қызығушылығы, ойлау жүйесі артады. Сыни көзқарас білдіруді үйренеді. Бағалаудың мақсатын түсінеді..Өзін еркін ұстайды. Ой-өрісі дамиды.
Шапшаңдыққы, ептілікке бағытталады.
Сілтеме
Оқулық «Математика», Бастауыш сынып әдістемеліктері. «Оқушы анықтамалығы» Мұғалімге арналған нұсқаулық.
Негізгі идея:
Блум таксаномиясымен жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі:
Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі:
Сыни тұрғысынан ойлау, жеке жұмыс, топтық жұмыс, бағалау әдісі, блум таксаномиясы,,постер әдісі
Сабақтың көрнекілігі:
Тақта, суреттер, кестелер, плакаттар. Бағалау парақтары.
Тапсырма көздері:
Жұппен жұмыс, топпен жұмыс, сұрақ-жауаптар ,кестелік тапсырмалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасы
ІІІ. Жаңа сабақ
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
Ү. Үй тапсырмасы
ҮІ. Рефлексия
І. Ұйымдастыру(оқушыларды ұйымдастыра отырып, назарын сабаққа аудару)
б) Психологиялық сабаққа дайындық: (көңіл-күйлерін бармақпен бағалап көрсету)
Психологиялық дайындық:
Күлім қағып қолымды,
Бір-екі,үш деп соғайын.
Қарап тұрған көршіме,
Қолымды мен бұлғайын......
ІІ.Үй тапсырмасы. №7-есеп-5-бет
Есепті талдап, әр оқушының есебін тыңдатып, дұрыс, бұрыстығын дәлелдеу.
III. Жаңа сабақты түсіндіру №1 көрнекіліктерді қолдана отырып түсіндіру
-Тіктөртбұрыштар неше тең бөлікке бөлінген? -Қанша бөлігі боялған?
-Тәрелкеге тең төрт бөлікке бөлінген алманың 2бөлігі салынды.Демек,тәрелкеге 4/2 алма салынды. 4/2 - мұндай жазба бөлшек деп аталады.
Бөлшек сызығының астында жазылған сан – бөлшектің бөлімі. Ол неше бөлікке бөлінгенін көрсетеді.
Бөлшек сызығының үстінде жазылған сан- бөлшектің алымы. Ол неше бөліктің алынғанын көрсетеді.
5 : 2, 8 : 6, 9 : 4, 12 : 1 бөлімін, алымын анықтау.
Ә. Үлгі бойынша бөлшектер жазу.
№2 Есептерді талдау,шығару №3. Бос орындарға теңдіктер тура болатындай сандар қой.
№4.Есептің сызбасын толықтыр. №5 Ауызша жарыстыру Кім тапқыр?
Сергіту сәті :
Есепті шығар.
Аралары 700 км қашықтықта орналасқан екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі автобус шықты. Бірі 60 км/сағ, екіншісі 80 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Екі автобус қанша уақыттан кейін кездеседі?
Теңдеулерді шеш.
1365 – 4 · х = 1297 1230 · 3 + а = 7680
Периметрін есепте жауабын милиметрмен жаз.
Үйге тапсырма: №5 есептер шығару
Рефлексия: Оқушылардың сабақтан алған әсерін стикерлер арқылы белгілету.