Пәні: Әліппе Күні: 25.11.2014жыл Сыныбы: 1 «А» Сынып жетекшісі: Кеттебекова З.А
Сабақтың тақырыбы: Юю дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты: Юю дыбысы дауысты дыбыс екенін меңгере отырып, Юю дыбысы сөз басында, сқө ортасанда, сөз соңында кездесетінін меңгереді. Берілген мәтінді буынға бөліп оқиды. Дыбыстарға талдау жасау барысында сөздерін дәлелдеә білуге үйренеді. Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, диалог, кері байланыс. Талдау, баяндау, дәлелдеу. Модельдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқытудағы жаңаша әдіс-тәсілдер, диалогтік оқыту, жас ерекшеліктеріне байланысты оқыту. Оқып үйренудің нәтижесі: Жаңа мәліметтермен танысады, ынтымақтасады, ойды жүйелейді, өз сөзімен айтады . Үйрену мақсатында бағаны қоса бағалау:Ынталандыру мақсатында ауызша мақтап, мадақтап бағалау Барлығын қосқанда: Даму ағашынан әр оқушы қай жерде екенін стикерлер арқылы көрсету.
Ұйымдастыру кезеңі. .Топқа бөлу.
Оқу құралдарын түгелдеп, тәртіптерін ретке келтіреді.
Тізбектелген сандар бойынша топтасады. Топбасшысын сайлайды, топ мүшелерімен таныстырады.
3 минут
Оқу құралдары, Әліппе оқулығы
Кеспе сандар
2.
Бағалау критерилерінің параметрі
Юю дыбысына берілген сөздер мен мәтіндерді, өлеңдерді буынға бөліп оқуы, дыбыстарға талдау жасай білуі, коллиграфиялық талаптарға сай жаза білуі, өз ойын анық айта алуы.
3.
Өткен сабақты пысықтау.
Жаңа сабақ
«Сұр қоян» өлеңін мәнерлеп жатқа оқиды. Я дыбысына байланысты сөздерді оқиды. Дыбыстарға талдау жасайды. Кісі аттары мен жер – су аттарының неге бас әріппен жазылғанына түсінік береді.
Й+А=Я деген тұжырымдаманы еске түсіреді.
І – топ: Берілген сөздердің ішінен я дыбысы бар сөздерді табады, оқиды. құлақ бәйге
мия қоян үкі көжек пияз
терек әріп тақия таза
[pic]
IІ – топ: Берілген сөздерден я дыбысы кездесетін кісі аттарын табады, оқиды: Әлия Жанар Аян
Маржан Сая
Аяулым Әли
Данияр Мұса
Асқар Ғалия
ІІІ – топ: Берілген сөздерден я дыбысы кездесетін жер-су аттарын табады, оқиды.
Шардара Аягөз Ақтау Сырдария
Шымкент Баянауыл Қызылқия Кентау
Мұғалімнің тұспалдап жасырған сөздерін табады.
«Ою», «Аю»,
І – топ: Ақ аю туралы білетіндерімен бөліседі.
ІІ – топ: Ою туралы білетіндерімен бөліседі.
ІІІ – топ: Қоңыр аю туралы білетіндерімен бөліседі.
Й+А=Ю деген тұжырымдамамен танысады.
8минут
Суреттер
Кестелер
Стикерлер
Сөздер жазылған үлестірме қағаздар
Суреттер әліппе оқулығы кестелер
4.
Топтық тапсырмалар.
І-топ: «Қошақандар» . «Ою» мәтінін оқып, ю дыбысы бар сөздерді табады. Ю дыбысы сөздің қай жерде екенін айтады.
Ою
Менің әжем сырмақ сырды. Сырмаққа ою ойып салды. Оюы әдемі болды.
ІІ-топ: «Ботақандар». «Жақсы көрем» өлеңін оқып, өлеңнен ю дыбысы бар сөздерді тауып, олар сөздің қай жерінде кездесетінін айтады.
Жақсы көрем.
Шай ішетін қоюлап, Жақсы көрем атамды.
Сырмақ сырған оюлап, жақсы көрем апамды.
ІІІ-топ: «Құлыншақтар» Әліппе оқулығындағы жазу жолындағы сөздерді оқып, ю дыбысы бар сөздерді табады. Ю дыбысы сөздің қай жерінде кездесетінін айтады.
Ю Әжем сырмақ оюлады.
ю аю ою қою тою
11минут
Жанды және жансыз денелер суреттері
Әліппе оқулығы
5.
Сергіту сәті
Сергіту жаттығуларын жасап, бой жазады.
2 минут
6.
Кері байланыс
1-тапсырма.
Әр топқа берілген сөздерді топ мүшелері кезектесіп оқиды. Сол сөзді буынға бөледі.
2 – тапсырма.
Оқушылардың алдына әр түрлі буындар жазылған стикерлер тарқатылып беріледі. Сол стикерлердегі буындардан сөздер құрастырады. Құрастырған сөздерін оқиды, дыбыстарға талдау жасалады.
3 – тапсырма.
Әр топқа өтілген әріптер тарқатылады. Берілген әріптерді дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстарға топтастырады.
8минут
Үлестірмелі материалдар.
7.
Қосымша
Дәптермен жұмыс.
Жазу үлгі дәптерінде ю дыбысына берілген сөздер мен сөйлемдерді жазады. «Әліппе» оқулығында 97 беттегі жазу жолында көрсетілген ю дыбысыеа байланысты сөздер мен сөйлемдерді дәптерге жазады.
11мин
Сурет дәптерлері, түрлі-түсті қарындаштар
8.
Бағалау
Ынталандыру мақсатында ауызша мақтап, мадақтап бағалау.
2 мин
Стикерлер, маркерлер
9.
Келесі сабақта қарастырылатын тақырып.
Юю дыбысы мен әрпі. «Жарыс» мәтіні.
[pic]