Тақырыбы: Туым-теңдігім,елтаңбам-елдігім,әнұраным-айбыным.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұран,елтаңбасы мен туы туралы білімдерін тереңдету.Мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, құрметтеуге баулу.Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.Оқушылардың рухани патриоттық сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: Мемлекеттік рәміздер, сөзжұмбақ, суреттер, мақалдар.
Әдіс-тәсілдері: суреттеу, сұрақ-жауап, түсіндіру.
Барысы
І.Ұйымдастыру бөлімі
-Сәлематсыздар ма, балалар!
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
-Бүгінгі тәрбие сағатымызды бастамас бұрын сіздерге мынадай сұрақ қойғым келеді.
-Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?
-Қазақстан мемлекетінде.
-Қазақстан қандай мемлекет?
-Тәуелсіз,егеменді мемлекет.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қашан жарияланды?
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болды.
-Тәуелсіз деген сөзді қалай түсінесіздер?
Ешкімге тәуелді емес,дербес,яғни өз мәселелерін өзі шешетін, өз байлығын өзі басқара алатын мемлекет.
-Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғанына биыл неше жыл болады?
-ҚР-сының тәуелсіздік алғанына биыл 25 жыл болады.
-ҚР-сының мемлекеттік тілі қандай?
-Қазақ тілі.
Олай оқушылар мемлекеттік әнұранымызды шырқайық.
Ал,енді балалар, мына сөзжұмбақты шешу арқылы бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбын ашып алайық.
Сұрақтары:
1.Батыс Қазақстан облысындағы қала қалай аталады? /Орал/
2.Отбасындағы асқар тауымыз кім? /әке/
3.Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы. /мектеп/
4.Сендер мектепке не үшін келесіңдер? /білім/
5. Біздің ұлтымыз қалай аталады? /қазақ/
6.Көктемде көктеп масағы,
Шілдеде жайнап шашағы.
Тамызда толық толықсып,
Қауызын күзде ашады. /бидай/
7.Ел іші-алтын /бесік/
8.Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған. /бор/
Сөзжұмбақтан қандай сөз оқуға болады? (рәміздер)
-ҚР-сының мемлекеттік рәміздерін атаңдар.
-Ту,елтаңба,әнұран.
-ҚР-сының мемлекеттік рәміздері қашан дүниеге келді?
-1992 жылы 4 маусымда мемлекеттік рәміздер дүниеге келді.
Мұғалім: Рәміздерім елдігімнің белгісі,
Білу керек бала дағы ең кіші.
Рәміздерім Әнұран,Ту,Елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
-Олай болса, балалар, Мемлекеттік рәміздер туралы не білетінімізді ортаға салайық?
Мемлекеттік туға сипаттама беру.
Абдулла: Мемлекеттік ту-мерейіміз.Мемлекеттік туымыздың сол жағында ұлттық өрнек салынған
Луиза: Ортасында алтын түстес күнмен шарықтаған бүркіттің бейнесі бар.
Орынбек: Тудың түсі ашық көгілдір, бұл түс адамдық біртұтастықты, көгілдір аспанның бар екендігін көрсетеді.
Құралай:Әлем көптеген ұлттар мен діндерге бөлінеді,бірақ аспан олар үшін біреу-ақ.
Дінмұхамед: Күн-өмір энергия көзі. Сол себепті күннің бейнесі-тіршіліктің бейнесі болып табылады.
Жұлдыз: Бүркіт-бостандықтың,биікке ұмтылудың, болашаққа қол созудың белгісі, жас тәуелсіз Қазақстанның өркениет биігіне ұмтылуын білдіреді.
Асылбек: Тудың ұзындығы-2 метр, ені-1 метр.
Мирас: Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков. ҚР-сының сыйлығының лауреаты,еңбек сіңірген суретшісі.
Ту туралы өлеңдер оқу.
Жанат: Еліміздің жалауы
Желбірейді аспанда.
Бар әлемге танылып,
Биік тұрар қашанда!
-Балалар, мемлекеттік Туды қайда орналастырамыз?
Абдулла:Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
Ән: Көк тудың желбірегені
Орындайтындар: Ауғанбай Абдулла мен Данабай Әлібек
Елтаңба туралы сипаттама беру.
Ықылас: Елтаңба толық шеңбер кескінін береді.Ол тіршілік,мәңгілік белгісі.
Асма:Шаңырақ-отбасы амандығының бейбітшілік пен тыныштық айғағы,елімізде тұратын барлық ұлттардың ынтымағының белгісі.
Сұлтан:Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған оны аңыз-әңгімелердегідей қанатты пырақтар көмкеріп тұр.
Әлібек:Жылқы-пір тұтар қазақ халқы үшін айрықша қасиетті жануар.
Мейрамбек:Елтаңбаның жоғарғы жағында орналасқан бес бұрышты жұлдыз біздің құшағымыз бен жүрегіміз бес құрлыққа ашық екенін көрсетеді.
Малика: Ал көк түс аспан барша әлемнің халықтарына ортақ деген сөз.
Бұл біздің жер бетіндегі барлық елдермен бейбітшілікте,достық пен бірлікте, өмір сүргіміз келетіндігін баяндайды.
Жангелді:Елтаңбаның авторлары: Шот-Аман Уәлиханов
ҚР еңбек сіңірген архитекторы,ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Жандарбек Мәлібеков- сәулетші.
Елтаңба туралы өлеңдер.
-Мемлекеттік Елтаңба қайда орналасады?
Мемлекеттік Әнұранға сипаттама беру.
Төремұрат:Мемлекеттік Әнұран- халық жүрегінің лүпілін танытып, адамдарды патриоттық сезімге бөлейтін музыкалық бойтұмар іспеттес.
Жанат:Оның әуенінен Отанға деген сүйіспеншілік, атамекенге шексіз берілгендік аңғарылса, сөзінен рухани жан дүниемізді танытар ұлттық қасиетіміз бен бейбіт пейілімізді, досқа ашық құшағымызды еркіндікке құштар, кең көңіліміз жақсы көрініс тапқан.
Мадина:Мемлекеттік Әнұран-егеменді еліміздің туы мен елтаңбасының сазды баламасы.
2006 жылы ҚР-сының жаңа әнұраны қолданысқа енді.
Дінұхамед:Әнұранның сөзін жазған: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов.Әнұранның әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.
Мұғалім сөзі: Конституция-елдің басты құжаты.Бұл-мемлекеттегі барлық адамдар ұстанатын Заңдар кітабы.Онда азаматтардың құқығы мен міндеттері жазылған. Олай болса оқушылар бүгінгі сынып сағатымызды «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен аяқтайық.
Орындайтындар: Ізбасарқызы Жаннат, Рахматолла Малика, Жанклышева Жулдыз, Мұхаммед Азим Асма