Ана тілі ( 4 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Асқар Тоқмағамбетов

Түлік туралы сабақ

Сабақтың мақсаты:Төрт түлік малдың өрісімен,тіршілік табиғатымен,қа-

дір-қасиетімен таныстыру.

Әр малдың өз түрлері бар екендігі жайында, оқушы-

ларға төрт түліктің жасына сәйкес атауларын, төрт

түлікке байланысты өлең-тақпақ, мақал-мәтел жаттату.

Төрт түлікті қадірлеуге, күтіп бағуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, стик, мақал-мәтелдер, бағалау бетшесі, А4 фарматта-

ры, түрлі түсті бояулар.

Түрі: Аралас сабақ.

Әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, топтастыру, «Венн» диограммасы, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру:

Оқушылармен амандасу.

Оқушыларды түгендеу.

Сыныпта психологиялық ахуал тудыру.

Қай сабақ екенін айту.

Құралдарын шығарту.

Психологиялық дайындық:

( Оқушыларға стик таратып, оқушылардың көңіл-күйлерін анықтау. Ол үшін тақтада көңіл-күй түрлері берілген, оқушылар қолдарындағы стиктарға көңіл-күйлерін жазып, сәйкес келетін жазуға апарып жапсыру ).

ІІ. Үй тапсырмасы:

Үйге берілген Жүсіпбек Аймауытовтың «Қараторғай» әңгімесін түсінгенін 1-2 оқушыдан сұрау.

ІІІ. Үйтапсырмасын бекіту:

Әңгіме бойынша оқушыларға сұрақтар қою.

  1. Қамбар ата не жасады?

  2. Балалар қандай сөзге түсінбей қалды?

  3. Бұл сөзді сен қалай түсінесің?

ІV. Жаңа сабақ:

Оқушыларға үй жануарларының суреттерін көрсетіп, олар не екенін сұрау. «Сиыр, қой, жылқы, түйе.»

  • Бұлар нелер?

  • Үй жануарлары.

  • Оны басқаша қалай атауға болады?

  • Төрт түлік мал.

  • Сонымен бүгінгі сабағымыз Асқар Тоқмағамбетовтің «Түлік туралы сабақ» өлеңі.

V. Дәптермен жұмыс:

Оқушылар дәптерлерін ашып, күннің жадын жазып, тақырыпты жазады.

Ақын

Жазушы

Балаларға арналған

өлеңдері, әңгімелері

бар

VI. Оқулықпен жұмыс:

Оқулықтағы өлеңді мәнерлеп оқыту 1-2 оқушыға.

VII. Сұрақ-жауап:

  1. Өлеңде кімдер туралы айтылған?

  2. Болат пен Марат неге таласты?

  3. Болат Маратқа қандай сұрақ қойды?

а) Қойдың неше түрі бар?

ә) Сиырдың неше түрі бар?

б) Жылқының неше түрі бар?

Олай болса осы сұрақтарға Болатқа біз жауап берейік. Ең алдымен үш топқа бөлінейік. Әр топ өзіне қорғауға бір түлікті таңдап аламыз.І-топ: Сиыр. ІІ-топ: Қой. ІІІ-топ: Жылқы. Енді топтардан қорғаушы мен бағалаушы сайлап алайық. Әр топқа А3 форматтағы қағаз үлестіру, жұмысты соған орындайды.





  • Балалар қазақ тілінен сөз таптарына байланысты төрт түлікке қатысты сөздерді жазайық.


Етістік Зат есім Сын есім

Қой Сиыр Жылқы




Көрпе киім киіз


Байпақ сырмақ



Кілем пима



VIII. Венн диограммасы.

жылқы Түйе











IX. Сөздік жұмыс:

І.топ: Мақал

1. Даланың көркі – мал,

Өзеннің көркі – тал .

2. Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалыпты.

3. Жылқы малдың патшасы,

Түйе малдың қасқасы.

  1. Малды беерсең қойды бер,

Ұлды берсең ойлы бер.

  1. Мал өсірсең қой өсір,

Пайдасы оның көл көсір.

ІІ.топ: Тыйым сөз

  1. Ақты төкпе , малды теппе.

  2. Қойдың сүті қорғасын,

Қойды тепкен оңбасын.

ІІІ.топ: Сөздерді бір сөзбен айту.

  1. Қой аузына шөп алмас – момын.

  2. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман – бейбіт,тыныш.

  3. Ат жалын тартып міну – ер жету.

  4. Құлын тайдай тебіскен – тату құрбылар.

  5. Атқа міну – сүндетке отыру.

X.Қорытындылау:

Оқушылар біз Маратқа, Болатқа және Мұратқа түлік туралы біраз мағлұмат бердік. Сонымен төрт түлікті жасына қарай қалай атайды,айтып шығайық.

А) Қой малын жасына қарай: ( қозы, көбеген, марқа, көрпеш, тоқты, бағлан, тұсақ, көбей, кебе, ісек, азбан, ақауыз, қошқар, саулық, қой.)


Ә) Сиыр малын жасына қарай: ( бұзау, баспақ, торпақ, тана, тайынша, қашар, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз. )


Б) Түйе малын жасына қарай: ( бота, тайлақ, буыршын, буырлыш, інген, атан, бура.)


В) Жылқы малын жасына қарай: ( құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, дөнен, құлық,бесті, бие, ат, сәурік, айғыр.)


XI. Үйге тапсырма:

Өлеңді мәнерлеп оқу.

Болаттың сұрағына жауап жазу.

XII. Бағалау:

Тақтаға плакат ілінеді. Плакатта әр оқушының аты-жөні жазылған. Әр топтың бағалаушысы шығып, өз тобындағы оқушыларды бағалайды. Қолдарындағы стиктарды үш қатар болып тұрған смайликтердің тұстарына жапсыру. Ол смайликтер 5,4,3 деген бағамен берілген.