Разработка по математики Жылдамдық.Уақыт.Қашықтық

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Жарма ауданы,Әуезов кенті

«Бақыршық орта мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Төлеубаева Индира Мұратқызы

 Математика  4 «А» сынып

Сабақтың тақырыбы: Уақыт.Жылдамдық.Қашықтық

Мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларды қозғалыс денелерінің шамалары 
жылдамдық,уақыт,қашықтықпен таныстырып,қозғалысқа байланысты алған білімдерін есептертерді құрастыру және шығару арқылы пысықтай түсу.

2.Дамытушылық : Өз бетінше қорытынды жасай алу дағдысын, логикалық

ойларын, зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелілік: Логикалық тапсырмалар арқылы оқушының ақыл-ой белсенділігіне тәрбиелеу.

Көрнекілігі:оқулық,интерактивті тақта,слайд,карточкалар ,стикерлер,

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,топпен жүмыс,логикалық есептер.

Түрі:Білімді тиянақтау сабағы.

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі:

-Оқушылармен амандасу,зейіндерін сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Табыс,тілек бізбенен.

Жаңа білім алуға,

Алға қарай бастаймыз.

Жақсы сөз жанымызды жадыратады дегендей.Бәріміз бір-бірімізге алақандарымызды түйістіріп бір-бірімізге жан жылулығымызды сыйласақ.

Бүгінгі күн ерекшелеу,

Бізден шуақ төгіледі.

Сондай жақсы көңілменен,

Басталады бұл сабақ.

Ребус шешу. Жылдамдық,уақыт,қашықтық.(Мақсатын көрсету слайдтан )

Деңгейлік тапсырмалар:

І-деңгей:Сары түстер.

(х+631)-567= 666 389+(х-47)=819

x=602 x=477

ІІ-деңгей:Көк түстер

3720:465=8

2552:319=8

2944:736=4

ІІІ-деңгей:Қызыл түстер

Шаршының ауданы 64 дм2.Периметрі осы шаршының периметріндей,ал ені осы шаршының қабырғасынан 2 дм қысқа тік төртбұрыштың ауданын тап.

Sш =64 дм2 Рт.т= (6+10)*2 = 32 дм

 Рш= (8+8)*2 = 32 дм Sт.т= 6 *10 =60дм 2

   -Сыныпты топқа бөлу (қозғалысқа байланысты топ түріне бөлу) Оқушыларды тапсырмалары бойынша 3 топқа бөлінеді.Басшы сайлау.

1топ «Қашықтық»

2топ «Жылдамдық»

3топ  «Уақыт»

ІІ.Үй тапсырмасын  тексеру.Үй тапсырмасының жауаптары слайд арқылы тексеріледі.

35 103 бет.

1 ғасыр 8 мүшел

5 мүшел 3 мүшел 16 жыл 240 ай

26 жыл 7 ай 2 мүшл 30 ай 23 күн

17 апта 2 тәул. 3 ай 5 апта

42 сағ 15 мин 41 сағ 115 мин

10 сағ 5 мин 604 мин

15 мин 3 с 907 с

ІІІ.Негізгі бөлім:

1.Топпен жұмыс.

1 топ –Қашықтық  туралы  жазады.

( қашықтық-бұл жол, км,метр,см.Қашықтықты табу үшін S═ v× t формуланы қолданамыз )

2 топ- Уақыт туралы жазады.

(t –уақыт белгісі,бұл қашықтықты жүріп өткен уақыт:сағ,мин,секунд.Уақытты табу үшін  t ═  s : v формуланы қолданамыз)

3 топ-Жылдамдық туралы жазады. (жылдамдық-уақыт бірлігінде жүріп өткен уақыт. Жылдамдықты табу үшін V═ S : t формуласын қолданамыз)

Жақындау жылдамдық,алыстау жылдамдығы,бір бағыттағы жылдамдық т.с.с

Топтық жұмыс:Постер құрау.

       1 топқа есеп:Қашықтық тобы.

Екі қаладан бір мезгілде бір-біріне қарама -қарсы жүк машинасы мен велосипедші шықты.Жүк машинасының жылдамдығы 60 км\сағ,велосипедшінің жылдамдығы одан 3 есе кем.Егер жүк машинасы мен велосипедші 2 сағаттан кейін кездессе,қалалардың арақашықтығы қанша?

 Шешуі:

1).60км\сағ :3═ 20 км\сағ (велосипедшінің жылдамдығы)

2).60+20═80 км\сағ (жақындау жылдамдығы)

3).80×2═160 км

Жауабы:қалалардың арақашықтығы 160 км.

2-топ: Жылдамдық тобы.

Арасы 1400 км Алматы мен Астана қалаларынан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы шыққан екі жеңіл машина 7 сағаттан кейін кездесті.Олардың бірі 110 км/сағ жылдамдықпен жүрсе,екіншісінің жылдамдығы қандай болған?

  1. S 1= 110 км\сағ *7 сағ =770 км

  2. S2= 1400км - 770 км= 630км

  3. V2= 630км* 7сағ = 90км\сағ

  4. Жауабы: Екінші жеңіл машинанның жылдамдығы 90 км\сағ болады.

3-топ: Уақыт тобы.

Арасы 630 км екі қаланың бірінен екіншісіне қарай бір мезгілде екі машина жолға шықты.Олардың бірінің жылдамдығы 70 км\сағ,ал екіншісінікі 90км\сағ.Осы қашықтықты әрқайсысы неше сағатта жүріп өтеді?Қайсысы бұрын жетеді?

  1. T1 = 630км : 70км\сағ = 9 сағ

2 . t2 =630км : 90км\сағ =7сағ

Сергіту сәті «Көңілді күн» музыкалық қимыл-қозғалыс биі.

Оқулықпен жұмыс: Жекелей тапсырма. Тақтаға шығару.

1 топ «Қашықтық » № 1 36 бет.

S1=60 км\сағ *7сағ= 420 км

S2=80 км\сағ *7 сағ= 560 км

S= 560 км+420 км = 980 км

2 топ «Жылдамдық» № 3 36 бет

S=842км-142км-325км =375км

V2= 375км:5 сағ= 75 км\сағ

3 топ «Уақыт» № 4 36 бет

S1= 32 км\сағ*4 сағ=128км

S2=355км-128км-83км =144км

V2=144км:4 сағ=36 км\сағ

 ІҮ.Сабақты қорытындылау.Басшылар сайысы.

1-топ.   

-Спорт машинасымен жарысушы тас жолда 78 км\сағ жылдамдықпен  қозғалады. Ол 2 сағатта  қандай қашықтықты жүріп өтеді?  (156 км)

-8 санының квадраты.
-Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
-Фигураның периметірін қалай табамыз?
-Радиус дегеніміз не? Шеңбердің  кез келген нүктесін центрімен қосатын кесінді. Сондай-ақ осы кесіндінің ұзындығын да радиус деп атайды.

2-топ:

- Жүк машинасы 4 сағатта 60 км\сағ жылдамдықпен қанша километр жол жүрді? (240км)

-6 санның квадраты.

-Ұзындығы 5см,ені 2см тіктөрбұрыштың периметірін тап.

-Қиылысатын екі түзу.

-Тік бұрышты параллелепипедтің көлемін қалай табамыз?

3-топ:

-Пойыз 80 км\сағ жылдамдықпен 3 сағат жолда болды.Осы уақыт аралығында пойыз неше километр жол жүрді? (240 км)

-Текшенің көлемін қалай табамыз?

-Қиылыспайтын екі түзу.

- Ұзындығы 5см,ені 3см тіктөртбұрыштың периметрін тап.

-9 санының квадраты.

«Кім жылдам»

1. Өздеріңіз оқып отырған «Математика » кітабының авторы? (Оспанов)

2. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады?  (2 сағат)

3. Алманың жартысы неге ұқсайды? (екінші жартысына )

4. Үш сызықтан пайда болған фигура? (үшбұрыш)

5. Үш түйе құс ұшып келе жатыр. Аңшы олардың біреуін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (түйе құс ұшпайды)

6. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар? (12)

7. Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды. (бос ыдыстан)

8. Тік бұрыштан кіші бұрыш .(сүйір бұрыш)

9. Бір шоколадты 100 теңгеге сатып аламыз. 1, 5 шоколадты неше теңгеге сатып алуға болады.?(200)

10. Шеңбер сызуға арналған құрал .(циркуль)

11. Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3 стакан)

12. Нанды үш бөлікке бөлу үшін, нанды неше рет кесу керек? (2 рет)

13. Қосудың қасиеттерін ата.(терімділік,үлестірімділік,ауыстырымдылық)

14. Көпмүшенің барлық қабырғаларының қосындысы ол ... (периметр)

15. 50дм қанша сантиметр? (500см )

Ү. Үйге тапсырма.№ 2 35 бет.

 ҮІ.Бағалау. Топтық бағалау .Топ басшысының бағалауы.Жеңген топты анықтау.

ҮІІ. Кері байланыс.Бүгін сабақта сен өзіңді қай көліктің түріне балайсың сол көлікке стикеріңді жабыстыр. Жеңіл машина,трактор,танкі.

[pic] [pic] [pic]