қысқа мерзімді жоспар
Мектеп: Балтасап негізгі мектебі Сынып: 1
Мұғалім: Ахметжанова Ж.С
Күні: 10.05.16
Қатысқаны:
Қатыспағаны:
Сабақтың тақырыбы:
3.11.Пунктуациялық нормаларды сақтау
Сабақтың мақсаты:
2.3.11.1. Сөйлем түрлерін айтылу мақсатына қарай ажырату және сәйкес тыныс белгілерін қолдану.(нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі)
Бағалау критерийлары:
Тілдік мақсат:
Бұл бөлім саяхаттау және ұшақпен ұшу тақырыптарын қарастырады. «Әдебиеттік оқу», «Дүниетану», «Жаратылыстану» , және «Бейнелеу өнері» пәндерімен байланысты. Бөлім барысында заттың атын, қимылын білдіретін сөздер туралы білімдері пысықталып, оқушылардың сауаттылығын арттыруға , көркем жазуға мән беріледі.Бұл бөлімде өмір қауіпсіздігін сақтау және практикалық іс-әрекетте қажетті құралдарды қолдану ережелеріне көңіл бөлінеді.
Осыған дейінгі меңгерілуі тиіс білім:
5-бөлім оқушылардың 1 және 2-тоқсанда алған білімдеріне негізделіп құрылған. Оқушылар әр түрлі әдеби емес мәтіндерді жаза білулері тиіс. Алдыңғы бөлімдерде өткен жаңа сөздерді үйренуді жалғастырады.
Жоспар
Жоспарланған уақыт есебі
Жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Психологиялық ахуал
Басы 0-5 минут
-Адамның күлкісі-әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі.Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс-біздің сеніміміздің сарасының ашулуына жол ашады.Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріп көріңдер. Бір біріне жымиыңдар,күлкілеріңді сыйлаңдар.Рахмет!Ендеше орнымызға отырар алдында біз топқа бөлініп алайық.
Ортасы
5-30 минут
(Т)Бағытталған жазуды қолдана отырып, оқушыларға күнделіктеріне жазатын әсерлі сөздерді таңдауға көмектесіңіз. Тыныс белгілерін дұрыс қолданып,күрделі сөйлем құруларын қолдаңыз.Жазу қабілеті жоғарылау оқушыларға мекен және кейіпкерді сипаттай отырып, толық мағыналы сөйлем жазу керектігін айттыңыз.Жазу қабілеті төмендеу оқушыларға «Стоп-кадр» ойыны кезінде түсірілген суреттердің астына бір сөйлемнен жазуды ұсыныңыз. Оқушылардың қабілетін тексеріңіз:
-тыныс белгілерін дұрыс қолданып, сөйлем құрай білетіндерін;
-сипаттама сөздер мен сөз тіркестерін қолдануларын;
-Кейбір жаңа сөздерді қолдануларын;
-оқырманның көзімен қарап, жазғанын әдемілеп әсерлеулерін;
-әріптерді бір-біріне жаллғап, анық, көркем жазуларын.
• Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлемнен соң нүкте (.), не сұрау белгісі (?), не леп белгісі (!) қойылады.
• Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте (.) қойылады
• Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.
Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады
• Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады
Сергіту сәті
«Австралиялық жаңбыр»
Мен бастаймын, сен жалғастыр” ойыны
1. Сөйлем аяқталған ….… (ойды білдіреді).
2. Сөйлем сөзден ………… (құралады).
3. Сөйлемдегі сөздер .… (бөлек жазылады).
4. Сөйлемнің бірінші …… (сөзі бас әріппен басталып жазылады).
5. Сөйлемнің соңына ……(нүкте қойылады).
6. Хабарлы сөйлемнен кейін ……… (нүкте қойылады).
7. Сұраулы сөйлемнен кейін ……… (сұрақ белгісі қойылады).
Соңы 35-45 минут
Кері байланыс
Сәйкестендіру тесті
------------------------------ Қасқырдың төлі не?
------------------------------ Мал жайылды.
Хабарлы сөйлем ------- Жүйрік озады
Сұраулы сөйлем ------- Мысық қалай дыбыстайды?
Лепті сөйлем ----------- Өркенің өссін, қарағым!
------------------------------ Тау алыстан көрінеді.
Деференция
Бағалау
Пәндік байланыс
Бағдаршам әдісі бойынша бағалау
«Әдебиеттік оқу», «Дүниетану», «Жаратылыстану» , «Бейнелеу өнері»
Рефлексия
Сабақ мақсаты орындалды.
Бүгін балалар тақырыпты түсінді.
Уақытты тиімді пайдаландым.