4 сынып Ана құшағында ашық сабақ жоспары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Ана тілі

4-сынып

Тақырыбы: Ана құшағында. Ғабит Мүсірепов.

Мақсаты: 1.Оқушыны Ғабит Мүсіреповтың «Ана құшағында» атты романнан үзіндінімен таныстыру, мәтіннің мазмұнын ашу.

2. Түсініп оқуға, әңгімелеп айтуға үйрету, өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, көркемсөзді сөздік қорларына қолдана білуге бейімдеу.

3. Ананы сыйлау, құрметтеу, өнеге тұту сияқты ізгі қасиеттерге баулу.



Түрі: аралас сабақ.



Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену, топтық, жекелей



Көрнекілігі: суреттер, кесте, сөздік жұмыс

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірліктерін тексеру, сабақтың мақсатын хабарлау.

Психологиялық дайындық:

Бір- бірімізге қарап, жылы күлімсіреп, сәттілік тілейік:

Ашық болсын қабағымыз

Сәтті өтсін сабағымыз!

- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: сұрақ- жауап арқылы сұрау:

  • Үлек дегеніміз не?

  • Мәтінге сүйеніп, оған сипаттама бер.

  • Балалар Мүлкібай атамен бірге қайда, не үшін барды?

  • Балалар неден, неге қатты қорықты?

  • Егер Мүлкібай атай бармаған болса, не болар еді?



ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Әңгіменің ең соңғы сөйлемінен қандай қорытынды шығардың? Тағы не қосарың бар?



Әртүрлі түстер таңдау арқылы топқа бөліну, топ басшысын сайлау

Ү. Жаңа сабақ:

Тақтада мына сөз жазылып тұрады

1. Қүлыным, Қайрошым... қайда жоғалып кеттің?... деп әлсіз дауыс естіледі



- Кімнің сөзі?

- Ананың балаға деген махаббаты байқала ма?

Олай болса, ананың балаға деген махабаты, сағынышы туралы Ғабит Мүсіреповтің «Ананың құшағы» атты мәтінімен танысамыз.

Ғабит Мүсірепов – қазақтың аса көрнекті жазушысы (1902 – 1985). Оның «Тұтқын қыз», «Қазақ солдаты» атты еңбектері бар. Алматы қаласында ол кісіге арналған ескерткіш бар. Қазақ жастарына қалдырған өсиет сөзі де бар. «Құрметтейік, бас иейік адам баласының мәңгілік ортақ бесігі – Жер - Анамызға». Олай болса, мына әлсіз дауыс неге шырылдап шықты екен?! «Құлыным, Қайрошым... Қайда жоғалып кеттің?...» Осы Қайроштың қайда кетіп қалғанын анықтау үшін әңгімені түсініп оқып көрелік.

Мәтіннің әр бөлігі әр топқа беріледі, сол бойынша жұмыс жасаймыз

2. Рөлдердегі оқушы әдісі

  1. Мазмұнын айту

  2. Жоспар құру

  3. Көркемдегіш сөзді табу

  4. Кейіпкердің орнында болсаң не істер едің?

  5. Өмірмен байланыстыру

  6. Бөлім бойынша үш сұрақ дайындау

3. Сарапшы сөздікпен жұмысының қорытындысын оқып, айтады.



4. Дәптермен жұмыс.

Карточкалар таратылып жекелеген жұмыс түрі жасалынып, дәптерге жазады

1-топ. Ананың сырт келбеті

2-топ. Ананың мінезі

3-топ. Ананың сөйлеген сөзі



Қорытындылау:



5. Ана кім? Қанатты сөздер айту

- Ана құдыретті жан

- Ана жер әлемнің анасы

- Ана өмір сыйлаушы



ҮІІІ. Үйге тапсырма: Түсініп оқу, әңгімелеу, өз анаң туралы не айтар едің?



Бағалау.