3 – сынып
«Адам» тақырыбына тест
Адамның негізгі дене мүшелері.
А) Бас, мойын, кеуде, аяқ, қол
Ә) жүрек, бауыр, өкпе
Б) Көз, мұрын, шаш
2. Қаңқаның негізгі қызметі қандай?
А) Денені күту
Ә) Дененің тірегі
Б) Дене сымбаттылығы
3. Ас қорыту органы дегеніміз:
А) Жүрек, көк тамырлар, қылтамырлар
Ә) Өкпе, қолқа, кеңірдек
Б) Өңеш, асқазан, ішектер
4.Жүйке жүйесін шаршатпау үшін не істеу қажет:
А) Тәулігіне 20 сағат ұйықтау
Ә) Дене шнықтырумен айналысу
Б) Дұрыс тамақтану режимін сақтау
5. Мұрын қандай мүше:
А) Сипап сезу
Ә) Дәм сезу
Б) Иіс сезу
6. Адам бұлшықеттің қандай қасиеті арқасында қозғалады?
А) Шыдамдылық
Ә) Созылмалылық
Б) Мөлдірлік
7. Жүректен қанды күшпен айдауды қалай атаймыз?
А) Айдау
Ә) Тамыр соғу
Б) Ырғақ
8. Жолдардың қайсысы дені сау адамды сипаттайды?
А) Еңкіш, ебедейсіз, мығым, сұңғақ бойлы
Ә) Бүкір, бозарған, әлжуаз, аласа бойлы
Б) Сұңғақ бойлы, күшті, шапшаң, оқтай түзу
9. Тамақ ненің арқасында бүкіл денеге тарайды?
А) Қан арқылы
Ә) Жүйке талшықтары арқылы
Б) Бұлшықет арқылы
3 – сынып
«Табиғат» тақырыбына тест
Табиғат дегеніміз не?
А) Бізді қоршаған ортаның бәрі
Ә) Адамның қолымен жасалған дүниенің бәрі
Б) Адамнан тәуелсіз тіршілік ететін бізді қоршаған ортаған орта
2. Табиғат қандай болады?
А) Тірі және өлі табиғат болады
Ә) тек қана тірі табиғат болады
Б) Тек өлі табиғат болады
3. Өлі табиғатқа не жатады?
А) Тоқылдақ
Ә) Парта
Б) Жаңбыр
4.Қайсысы тірі табиғатқа жатпайды?
А) Саңырауқұлақтар
Ә) Бактериялар
Б) Тастар
5. Тамақтану тізбегі қайсысында дұрыс көрсетілген?
А) қарақат – қанқыз - шырын
Ә) қарақат – шырын - қанқыз
Б) шырын – қарақат - қанқыз
6. Мына аңдардың қай жағынан ұқсастықтары бар:қар барысы, жайран, сайғақ
А) Оларды адамдар құтқарып қалған
Ә)Оларды адамдар құртты
Б)Саны аз аңдарға айналды
7. Экология ғылымы нені зерттейді?
А)Тіршілік иелері мен қоршаған ортаның арасындағы байланысты зерттейді
Ә) Өлі табиғатты зерттейді
Б) Қоршаған ортаны зерттейді
«Денелер.Заттар.Құбылыстар», «Ауа. Су. Ауа райы» тақырыптары бойынша тест.
Қоршаған ортадағы барлық нәрселер қалай аталады:
А) заттар
Ә) денелер
Б) Құбылыстар
Барлық денелер қандай екі топқа бөлінеді?
А) тірі және өлі
Ә) үлкен және кіші
Б) Табиғи және жасанды
Мына денелердің қайсысы тірі табиғатқа жатады?
А) машина
Ә) жануарлар
Б) тас
Аталғандардың қайсысы зат?
А) кәмпит
Ә) машина
Б) тұз
Төмендегілердің қайсысы табиғат құбылысына жатады?
А) жапалақтап жауған қар
Ә) ағаш
Б) ауа
Дұрыс жауап қайсы?
А) ауа – түссіз, күн сәулесін өткізеді және күн сәулесінен жылынады
Ә) ауаның белгілі бір түсі бар, күн сәулесін өткізбейді және одан жылынбайды
Б) ауа – түссіз, күн сәулесін өткізеді және күн сәулесінен жылынбайды
Түнде жел қалай қарай соғады:
А) құрлықтан суға қарай
Ә) жоғарыға көтеріледі
Б) судан құрлыққа қарай
Желбағармен нені өлшейді?
А) желдің күші мен бағытын
Ә) температураны
Б) ауадағы су мөлшерін
Қандай бұлттан жауын – шашын жаумайды?
А) қабатты бұлт
Ә) будақ бұлт
Б) шарбы бұлт
Жазда таңертең шөпке шық түседі. Ал қыс пен көктемде ше?
А) қар
Ә) бұршақ
Б) қырау
Қандай температурада су қатады?
А) – 10
Ә) 0
Б) – 100
Арасан деген не?
А) бұлақ
Ә) минералды су көзі
Б) шағын көл
Өзеннің көлге немесе теңізге құятын жері қалай аталады?
А) бастау
Ә) арна
Б) саға
Қазақстан аумағында суы жартылай тұзды, жартылай тұщы көл бар. Ол қалай аталады?
А) Бурабай
Ә) Балқаш
Б) Шортан
Жерде судың қай түрі көп?
А) тұщы
Ә) тұзды
Б) мұз