Пән: шешендік өнер |
Күні: | Сынып: 3 |
Сабақтың тақырыбы: | Бабалар сөзі-даналық көзі |
Сабақтың мақсаты:
| Халық даналығы сөздерімен оқушыларды таныстыру. |
Міндеттері: | 1.Оқушылардың тақырыпты ашуына ықпал ету. 2.Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту. 3.Шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру. |
Күтілетін нәтиже: | Сөздің мағынасын аша алады.Берілген тапсырмаларды орындайды.Өмірден мысал келтіреді.Өз ойларын дәлелдей алады. |
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер | Жаңа тәсілдер, Диалогтық әдіс. Жұптық, топтық жұмыс. Зерттеушілік әңгіме.Түрткі сұрақтары,қайта бағыттау сұрақтары. |
Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы | Қабілеттері әртүрлі оқушыларға арналған деңгейлік тапсырмалар. талантты және дарынды оқушыларға кеңейтілген, дамытушы тапсырмалар, |
Үйрену барысын бағалау | 1.Өзін – өзі бағалау. 2.Өзара жұптық бағалау. 3.Топтық бағалау. |
Негізгі дереккөздер, құрал-жабдықтар | Интерактивті тақта, ноутбук, флипчарт, үлестірмелі бағалау парақтары, стикерлер
|
Сабақ барысы | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі 2 мин | Оқушыларды түгендеу, қызығушылықты ояту. Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын топқа бөлініп алайық. «Мақалды тап» жаттығу арқылы сыныпты топқа бөлу
| Оқушылар өз міндеттерін орындайды. «Мақалды тап» жаттығуы арқылы топқа бөлінеді. Мақалдар мағынасын ашады. |
Жаңа сабақ кезеңдері «Білу» (Кім ? Не? Қандай ?Қалай? Қашан? Неліктен? сұрақтарына толық ақпарат берілуі керек ) | -Бүгінгі сабағымызда ата-бабамыздың айтып кеткен өсиеттері туралы әңгімелейтін боламыз. -балалар, ата-бабамыздың бізге тастап кеткен қандай асыл сөздері бар? -Ертегілер, нақыл сөздер, аңыз әңгімелер, жаңылтпаштар,жұмбақтар,мақал –мәтелдер,шешендік сөздер, батырлар жыры. -Өте дұрыс. -Енді біз осы бабаларымыз қалдырып кеткен өсиеттеріне қысқаша тоқталып өтейік.
| Оқушылар ата-бабамыздыздың асыл сөздері тураллы өз білетіндерін ортаға салады. Өздерінің қосымша білгендерін айтады.
|
«Түсіну» ( Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін ? сұрақтарына оқушының берген жауаптарын тереңдету үшін қойылады) | Бірінші асыл мұрамыз-Ертегілер Екінші асыл мұрамыз-нақыл сөздер мен шешендік сөздер. Үшінші асыл мұрамыз-аңыз –әңгімелер. Төртінші асыл мұрамыз-жаңылтпаштар. Бесінші асыл мұрамыз-жұмбақтар. Алтыншы асыл мұрамыз-мақал-мәтелдер. Жетінші асыл мұрамыз- батырлар жыры. | Жаңа мәліметпен танысады. |
Сергіту сәті
| «Көңілді күн» музыкалық қимылды сергіту жаттығуын орындату
| Музыкалық қимылмен бірге жаттығуды орындап шығады. |
«Талдау» (салыстыр,айырмашылығы неде,ұқсастығы неде, тақырыптың басты идеялары деген тапсырмалар болуы керек) | Бабаларымыздан қалған асыл мұраларды жұптық жұмыс түрінде беремін.Өздері жұпта таңдаған асыл мұралар туралы не біледі. Қағазға түсіріп қорғайды. | Оқушылар таңдаған тақырыптары бойынша қағазға ойларын түсіріп, қорғайды. |
«Жинақтау» ( қорытынды шығар, тапсырмалары оқушының негізгі идеяны толықтыруына мүмкіндік береі) | «Мақалды жалғастыр» жаттығуы Топтар бір-бірімен мақалды бастайды келесі оқушы аяқтайды.
| Әр топтан бір-бір бала айтады. Ең қызықты, ең пайдалысы ортаға салынады. |
«Қолдану » ( оқулықпен жұмыс жүргізу барысында берілетін бекіту тапсырмалары) | Нақыл сөздерде берілген теңеулерді теріп жазуға тапсырма береді
| Нақыл сөздердегі теңеу сөздерді теріп жазады |
«Бағалау. Жоба қорғау» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдайларды шеше білуге бағытталып беріледі) | -Сонымен балалар, «Бабалар сөзі-даналық көзі» дегенді қалай түсіндіңдер?
| Сабақты қорытындылай отырып, сұрақтарға жауап береді. |
Рефлексия 2 мин | Бүгінгі сабақта не ұнады? Бүгінгі сабақта не ұтымды болды? Қандай ұсынысыңыз бар?
| Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөліседі. |
Бағалау 2 мин | 1Өзін – өзі бағалау. 2.Өзара жұптық бағалау. Топтық бағалау.
| Оқушылар өзін-өзі бағалайды. Жұптық бағалау жүргізеді.Топтар бір-бірін бағалайды.
|
Үй тапсырмасы 2 мин | Бабалардан қалған асыл сөздердің өздеріне ұнағаны туралы толық мәлімет жазып келеді | Күнделіктеріне жазып алады. |