Сабақтың барысы I Ұйымдастыру кезеңі: 1.Сыныптың ақуалын қалыптастыру Үлкенге де сіз Кішіге де сіз Баршаңызды құрметтеп, Бас иеміз біз. Амансың ба алтын күн? Амансың ба көк аспан? Амансың ба достарым Сендерді көрсем қуанам. 2.Топқа бөлу. Адам бойындағы жақсы қасиеттер бойынша. -Алғырлар -Тапқырлар -Дарындылар -Жігерлілер -Ақылдылыр Әр топ өз топбасшысын сайлап алады.
II Үйге тапсырмасын сұрау:
-«Апаның тілін алса егер» өлеңді мәнерлеп оқу. -«Апаның тілін алса егер» эссе жазу. -Өлең мазмұны бойынша сурет салу. -Әдептілік туралы мақал-мәтел жазу. III Жаңа сабақ: Мағынаны тану. Миға шабуыл. 1.Ребус. «Ыбырай» -Ы.Алтынсарин кім? -Қандай шығармаларын білесіңдер? Бір өлеңін жатқа сұрау. Слайд көрсету. 2.Жұмбақ. Аяғы жоқ жүреді Тілі жоқ сөйлейді. Хат. -Хат дегеніміз не? -Хат сөйлеудің қай түріне жатады? Сұрақтарға жауап бере отырып оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мазмұнын айқындайды. 3.Ата- әжеме хат. -Мәнерлеп оқып беру -Іштей оқу -Тізбектей оқу -Тұтас оқу Сергіту сәті 4.Сұрақтар қою -Хатты кім жазып отыр? -Кімдерге арнап жазып отыр? -Хат неше бөлікке бөлініпті? Әр топ бір бөліктен оқып шығады. -Хаттың басталуы -Назардың оқуы -Назарға айтқан атасының ақылы -Хаттың аяқталуы. -Хат қалай басталып,қалай аяқталып тұр? Интерактивті тақтадан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазып және сол хатына жауап алған бала жайлы бейнесюжетті көрсету. Әр топқа тапсырма: Хат жазу -Ата-әжеңе -Досыңа -Ұстаздарға -Әскердегі ағаңа -Ата-анаңа Хаттарды оқытып,талдау. Қазіргі замандағы хат алысу құралдары туралы сұрау және слайд арқылы көрсету. IV Рефлексия. -Ал балалар, не білдік? -Не үйрендік? -Не түсіндік? Сабақтан алған әсерімізді стикерге жазып тақтаға ілеміз.
|