Ана тілі. 4 - сынып.
Сабақ тақырыбы: Мұхтар Әуезов "Жетім"
Сабақ мақсаты:
Білімділігі: М. Әуезовтің шығармашылығы жайлы мәлімет бере отырып, әңгімені мәнерлеп оқып, мазмұнымен таныстыру.
Дамытушылығы: Оқиғаны елестетіп, жүрекпен жете сезіну қабілетін және өзіндік ойын айтып,
Тәрбиелілігі: Табиғат пен адам баласының арасындағы байланысты салыстыра отырып, мейірімділікке, әлсізді қорғауға үйрету, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, топпен жұмыс, сатылай кешенді талдау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, М. Әуезов суреті, мәтінге байланысты материалдар.
Жүрісі:
І. Қызығушылықты оя
а) Психологиялық дайындық.
Ана тілім - айдыным,
Ана тілім ай - күнім.
Ана тілім болмаса
Керегі не байлық
ә) Үй тапсырмасын сұрау.
С. Торайғыров. «Арыстан мен тышқан» мысалын қара сөзбен әңгімелеу.
ІІ. Мағынаны тану.
1. «Көксерек» фильмінен, «Абай жолы» кітаптарының суреттері көрсетіледі. Авторы сұралады
- М. Әуезов кім? 2 - 3 сыныптарда қандай шығармаларымен таныстық?
\ сұрақ - жауап арқылы әңгіме жүргізіледі\.
2. М. Әуезов туралы әңгімелеу.
3.«Ой бөлісу».
- М. Әуезовтің «Жетім» мәтінімен танысамыз.
- Ол мәтінде не туралы жазылуы мүмкін.
4. «Балалар үйі» туралы суреттер арқылы түсіндіру.
Жетім - ата - анасының екеуі де немесе жалғыз басты ата - анасы қайтыс
болған бала болып табылады.
5. Оқулықпен жұмыс.
- Мәтінді оқушылардың дауыстап оқуы.
- Сөздік жұмысы.
6. Сұрақтарға жауап беру.
7. Берілген жоспарды әңгіме мазмұнына қарай ретімен айту.
1) Ағашқа сүйеніп қатып қалған бала.
2) Қасымның әжесінен айырылуы.
3) Тау ішіндегі қорқыныш.
4) Иса мен Қадишадан көрген қорлығы.
8. Шығармашылық сұрақ - тапсырма.
- Сендер автор болсаңдар, осы әңгімені қалай аяқтар едіңдер?
- Әңгіме сендерге қалай әсер етті?
9. Дәптермен жұмыс.
Оқулықтағы кестені толтыру. Табиғат пен баланың көңіл - күйін суреттеу
арқылы байланысын табу.
ІІІ. Ой толғау. «Жетім» мәтініне сатылай кешенді талдау жүргізу.
1. Тақырыбы.
2. Мәтін.
3. Мәтінге ат қою.
4. Мәтіндегі негізгі ой.
5. Мәтіннің түрлері.
6. Өз пікірім.
ІУ. Оқушылар шығармашылығы.
«Бал балалық» тақырыбына салған суреттері көрсетіледі.
У. Үй тапсырмасы.
Мәтінді жоспар бойынша әңгімелеу.
УІ. Оқушыларды бағалау.