Төлеген Айбергенов Өсіп келе жатырмын

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні: 03.02.16.

Әдіскер: Жахметова Б.К.

Сабақтың тақырыбы: «Өсіп келе жатырмын» Төлеген Айбергенов.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыны Төлеген Айбергеновтың «Өсіп келе жатырмын» атты өлеңін мәнерлеп ырғағына келтіріп оқуға, түсінгенін әңгімелей білуге үйрету; ақынның кейіптеу кезіндегі пайдаланған әсерлі сөздерінің түйінін ашуға жағдай жасау.

Дамытушылық: Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Тәрбиелік: Пәнді, мұғалімді, бір-бірін сыйлауға, тыңдауға тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: тақырыптық суреттер.


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың назарларын сабаққа аудару.

б) Психологиялық дайындық:

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстап қаламын.

Ізгі әрі нәзік,жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

Үй тапсырмасын сұрау:

-Балалар өткен сабақта біз Аппақ қыс тақырыбының өттік.Қане, үй жұмысын кім айтады?

-Ақын өзен, теңіз, тау-төбе не киген дейді?

-Аяқ астында жатқан қардың сықырын, қырдағы ізді неге ұқсатады? (Рояльдің ақ тіліне)

-Таңғажайып ақ әлем қалай сырласады дейді?

- Омбылап қарды кешіп ақын нені іздеп келеді? (көктемді).

-Жарайсыңдар, балалар! Үй тапсырмасын барлығың жақсы орындар келіпсіңдер.Олай болса біз жаңа сабағымызды бастайық.


Жаңа сабақ

-Олай болса, бүгінгі сабақта Төлеген Айбергеновтың тағы бір «Өсіп келе жатырмын» атты өлеңін мәнерлеп ырғағына келтіріп оқу арқылы баланың өсу дәрежесімен танысамыз. оқу.

Оқулықпен жұмыс. Мәнерлеп, түсініп. Ырғақ нақышына келтіріп оқу. Өлеңнің ұйқасына назар аудар.

-Өлеңнің қандай жолдары бір-бірімен ұйқасып тұр?

-Өлеңде ақын не жайлы жазған?

-Ақынның өзіне деген сенімі өлеңнің қай жолдарынан байқалады?

-«Адал тер» дегенді қалай түсінесің?


Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,

Белге қолды қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Бір, екі, үш,

Бір, екі, үш,

Жоғары қолды созамыз,

Тып - тыныш қана отырамыз.


Дәптермен жұмыс.

Ақпанның үші.

Өсіп келе жатырмын.

-Өлеңнің соңғы шумағын оқып, жатқа жаз.


Қорытынды.

-Бүгін не жайлы өттік?

-Сабақ ұнады ма?

-Несімен ұнады?

-Жалпы бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қалай?


Үйге тапсырма: Төлеген Айбергеновтың «Өсіп келе жатырмын» жаттау,

1 тапсырма.


Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.



Мұғалім:

Баға: