Күні: 19.04.2016 ж.
Сабақтың тақырыбы: Сан есім. Өтекнді пысықтау.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Топпен жұмыс істеуге үйрету.
Білімділігі: Сан есім туралы берілген білімді еске түсіріп, кеңейту. Сөз таптарына талдау жасауды үйрету.
Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, жинақылыққа, сауатты әрі көркем жазуға тәрбиелеу.
Түрі:бекіту
Әдістері: сұрақ - жауап, тапсырма беру, топтау, сызбамен жұмыс
Көрнекілігі: Карточкалар, семантикалық карта
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Балалар, бізге бүгін қазақ тілі сабағымызға қонақтар келді. Алдымен олармен амандасып алайық.
- Сабағымызды бастамас бұрын психологиялық дайындық жасайық.
ІІ. Психологиялық дайындық.
- Көз не үшін керек?
- Көру үшін.
-Құлақ не үші қерек?
- Ақыл - кеңес тыңдау үшін.
- Екі қолың не үшін керек?
- Елге көмек беру үшін.
- Екі аяғың ше?
- Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін.
- Жақсы, балалар, бүгінгі сабақта сендерге сәттілік тілей отырып, сабақта белсенді қатысуын сұраймын.
- Қазір мен сендерге бір жұмбақ жасырамын, шешіп көріңдер.
Қандай жауап шықты?
8
Дұрыс.
Бұл қандай сөз табы?
Сан есім
Ендеше балалар, біз бүгін сан есім туарлы білімімізді жинақтап бекітеміз.
Сан есім дегеніміз не? Құрамына қарай нешеге бөлінеді? Тұлғасына қарай нешеге бөлінеді? Мағынасына қарай нешеге бөлінеді? Есептік, реттік, жинақтық, божалдық сан есімдердің анықтамасын беріңдер.
Проблемалық сұрақ.
- Сан есімді қайда, қашан кездестіреміз және қолданамыз?
- Күнделікті математика сабағында ғана емес, басқа уақыттар да сандарды кездестіреміз. Мысалы дүкенге барғанда, автобусқа отырғанда сандармен кездесіп отырамыз.
Жаттығулармен жұмыс жасай отырып, сан есімді еске түсіреміз, сан есімге сұрақ қоюды үйренеміз.
Тарихи ақпарат: презентация
- Сандардың шығу тарихы өте шытырман және біз қазіргі кезде пайдаланып жүрген қарапайым жүйеге келі үшін адамдарға біршама уақыт қажет болды.
- Біз кейде қазіргі заманғы сандарды араб сандары деп атаймыз, өйткені осы сандар Еуропадаға Араб елдерінен келген. Сонымен қатар Рим
- сандары да бар, сендер онымен жоғары сыныпта танысасыңдар.
- Көне сандарды белгілейтін ең бірінші символдар көне жетондарға ұқсас шеңберлер мен конустар болды, бірақ ағаш қарындаштарды (таяқшаларды) үшкірлеу етіп ұштауға үйренген адамдар сандарды конустар арқылы бейнелей бастады.
- Қазақта қасиетті сан деп қай сандарды атайды? (3, 5, 7, 9)
Өздік диктанты
Бір ғасырда..... жыл бар. Бір тәулікте..... сағат бар. Бір жылда... ай бар. Бір айда.... күн бар. Бір аптада... күн бар.
ІІІ. Интербелсенді тақтамен жұмыс.
Мақал-мәтелдерді оқы. Сан есімдерді тауып, сұрақ қой.
Бірінші байлық – денсаулық,
Екінші байлық – ақ жаулық,
Үшінші байлық – он саулық.
Екі баланың ортасындағы шал бала болады,
Екі шалдың ортасындағы бала дана болады.
Ағайын – алтау, ана – біреу.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз,
Қос бүйiрдi сығамыз.
Оңға, солға бұрылып,
Бiр айналып шығамыз.
Бiр,екi, үш, төрт, бес
Қолды қолға ұрамыз.
/ Б.Бөрiбаев/
ІҮ. Дәптермен жұмыс.
Дәптерімізді ашамыз. Бүгінгі күнді жазамыз. Оқулықтың 188 бет, 2-жаттығу.
Берілген сөздердің ішінендегі сан есімдерді тауып, зат есімдермен тіркестіріп жазамыз.
Елу теңге, жеті қазына, төрт оқушы, сексен екі жас, тоғыз планета.
Ү. Жай тақтамен жұмыс жасау:
Екі оқушы жоғарыдағы санды өрнектердің мәнін тауып, дара, күрделі сан есімдерге бөліп жазу.
56-5=51
100-80=20
62+7=69
44+16=60
80+20=100
45-3=42
ҮІ. Бекіту:
Семантикалық карта
Ү. Бағалау: балалар көршілерімен семантикалық картамен алмасып, бір-бірін бағалайды.
ҮІ. Үйге тапсырма беру. 188 бет, 3- жаттығу.
ҮІІ. Қорытынды: Рефлексия.