Тәрбие сағатының мақсаты: 1. Оқушыларға Соғыс, Жеңіс, Бейбітшілік туралы түсінік бере отырып, Ұлы Отан соғысының батырларымен таныстыру.
2. Мақал – мәтелдер, өлеңдер арқылы оқушыларды Ұлы Отан соғысының батырларына деген сүйіспеншіліктерін дамыту. 3. Оқушыларды бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, ерлікке, өз Отанын сүюге, адал болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Рақымжан Қошқарбаев, Ізғұтты Айтықов, Қасым Қайсенов, Соғыс кезін бейнелейтін суреттер, көгершіндер, гүлдер, шарлар.
1 – бөлім. Соғыс, Жеңіс, Бейбітшілік ұғымына тоқталу.
2 – бөлім. Әдеби- музыкалық монтаж.
Тәрбие сағатының барысы:
Ұйымдастыру.Балалардың амандасуы.
1 бөлім
«Соғыс» деген сөзді естігенде қандай бояудың түсін елестетесіңдер?
«Соғыс» деген сөзді өздерін қалай түсінесіңдер?
«Жеңіс» сөзін естігенде қандай бояудың түсін елестетесіңдер?
«Жеңіс» деген сөзді қалай түсіңесіңдер?
«Бейбітшілік» деген сөзді қалай түсіңесіңдер? Көз алдарына нені елестетесіңдер?
1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат төртте бейбіт жатқан елімізге Германия тұтқиылдан соғыс ашты.Суық хабар сол күні – ақ байтақ жерімізге түгел тарады. Ер – азамат өздері сұранып асығыс майданға аттанды. Аттанып бара жатқан жауынгерлер:
Қош бол, досым, жақыным,
Уақыт тығыз, сөз қысқа!
Кетіп бара жатырмын
Сұрапыл бір соғысқа, - деп елімен қоштасты. (Қ.Аманжолов)
Қасиетті жеріміз, бейбіт жатқан еліміз, құлақ естіп, көз көрмеген апатқа ұшырады. Жауынгерлер батырлықтаң, батылдықтың үлгісін көрсетті. Осы сұрапыл соғыста елін, жерін, халқын сүйген халыққа қамқоршы болған кімдер деп ойлайсыңдар? Біздің бейбіт өмірімізді Ұлы Отан соғысында аталарымыз, апаларымыз қорғап қалған.Олардың ерлігін ел ұмытпайды.
Міне, осынау елімізге лаң салған алапаттың жеңіспен аяқталғанына 65 жыл толып отыр. Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды.
Балалар, сендер қандай батырларды білесіңдер?
Суреттерін көрсету.
Балалар, Отан, батырлық, ерлік туралы кім мақал – мәтелдер біледі?
Отан үшін отқа түс, күймейсің.
Батыр туса ел ырысы, Жаңбыр жауса жер ырысы.
Ер жігіт ел үшін туады, Ел үшін өледі.
II бөлім
1 оқушы
Қара түнек серпілді, серпілді,
Ұйқысынан ел тұрды, ел тұрды.
Аңсаған атты алтын таң,
Майданға! Майданға!
2 оқушы.
Отаным еркелеймін өзге кімге,
Өзіңмен нені болса көргем бірге.
Қалайша қабырғама батпас менің,
Басына қатер бұлты төнген күнде. (Ғ. Орманов)
3оқушы.
Ер елім көрсет тағы еңбек күшін,
Еңбекпен қас дұшпанның өрті сөнсін.
Түр білек, түс еңбектің туы астында
Бәрі де майдан үшін, жеңіс үшін!
4 – оқушы
Көп қой батыр ағалар.
Халық сүйіп бағалар.
Көп қой батыр ағалар
Жаттап алар балалар.
5 – оқушы
Болашақты бізге мирас етем деп,
Қыршын кетті Әлия, Мәншүк апалар.
6 – оқушы
Әлия, Мәншүк аттары әнге айналған.
Әлия, Мәншүк – қос жұлдыз көкте жайнаған.
7 – оқушы
Фашизмнің ордасы Рейхстагқа қазақ жігіті лейтенант Рақымжан Қошқарбаев Қызыл ту тікті.
8 – оқушы
Сен құрметте оны,
Түсіндің бе қарағым?!
Ол ақшаға сатқан жоқ
Тізеден кесіп аяғын.
Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ
Қолтығына таяғын.
9 – оқушы
Ел намысын қорғап қалды.
Түсіндің бе қарағым?!
Сенің келешегің үшін берді ол
Азаматтық жолында аяғын.
10 – оқушы
Соғыстың құны - өртенген орман
Соғыстың құны – уланған орман
Соғыстың құны – тесілген жүрек
Соғыстың құны – кесілген білек.
11 – оқушы
Жеңіс келді қалама,
Жеңіс келді далама!
Жеңіс келді әке боп,
Елдегі бар балаға.
12 – оқушы Жеңіс келді ән болып,
Келді ауылға сән, көрік.
Жеңіс келді, алақай,
Тоя жейтін нан болып!
13 – оқушы
Отанымыздың жаудан қорғау жолында шайқасқан Батырларға бас иеміз.
14 – оқушы
Олар Отанымыздың байтақ жерін қорғады!
15 – оқушы
Өзі туған халқының өнерін қорғады!
16 – оқушы
Ақ сүт берген анасын қорғады!
17 – оқушы
Ақ самал ескен даласын қорғады!
18 – оқушы
Пәк жүзі арай баласын қорғады!
19 – оқушы
Арылтып жаудан жерімді,
Табанға жаншып өлімді.
Жеңіспен желпіп өмірді
Оралды ерлер көңілді.
Десеңдер, бұл қай күні?
Тоғызыншы мамыр күні!
Мүғалім: Әрқашан әділдік жеңеді. 1945 жылы 9 мамырда соғыс бітті. Ауыр жылдар артта қалды. Жер бетінде бейбітшілік орнады.
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»
Тәрбие сағатын аяқтау.
Тәрбиелік шараның тақырыбы: Жақсы сөз – көңіл құлпын ашатын кілт.
Тәрбиелік шараның мақсаты:
оқушыларға сөз құдіретін ұғындыру, сөздің қасиетін бағалай білуге және сөйлеу әдебін сақтай білуге үйрету,бабалар тағылымы мен нақыл сөздердің тәлім-тәрбиелік мәнін түсіндіру,оқушыларды адамгершілікке, ұлтжандылыққа, парасаттылыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Міндеті:
сөз қадірін бағалай білетін,ойы ұшқыр, өресі биік, білімді, саналы,адамгершілігі зор тұлғаларды тәрбиелеу.
Түрі: теледидарлық бағдарлама
Әдісі: пікіралысу
Көрнекіліктері:
«Жақсы сөз – көңіл құлпын ашатын кілт»
«Тауып айтқан сөзге құн жетпейді,
Біліп айтқан сөзге мін жетпейді.»
Жоспары:
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
Жақсы сөз – жан азығы.
Сөйлей білу де - өнер.
Қорытынды.
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар,ата-аналар! Бүгінгі «Дудар-ай»
бағдарламасына қош келдіңіздер!
Профессор мырза,бүгінгі әңгімеміз не туралы болмақ.Кештің тақырыбымен таныстырып жібермейсіз бе?
Профессор:
Жарайды,жарайды, таныстырайын.
Бүгінгі тақырыбымыз «Жақсы сөз –көңіл құлпын ашатын кілт» деп аталады.Біздің негізгі әңгімеміз сөз өнері,сөйлеу мәдениеті туралы болмақ.
Күлпаш: Ой,тағы да сөз бе! Сөйлей білу деген не өзі? Оны баладан бастап үлкенге дейін біледі емес пе? Қалай сөйлеу керектігі адамның өз еркінде. Профессор мырза, одан өзге ештеңе таппадыңыз ба?
Шынар ханым. Жоқ,Күлпаш! Сен мүлдем қателесіп отырсың. Сөз адамның ақыл-ойының,көзқарас көкжиегінің, парасат- пайымының деңгей- ін көрсетеді.Сөз құдіреті шексіз.Сөз-адамның рухани дүниесінің баға жетпес өлшемі.Сондықтан сөздің мағынасын түсініп,дұрыс қолдана білу керек.
Күлпаш: Не деп кеттіңдер! Сонда әлдеқашан тілі шықан аспиранттарға сөйлеуді енді үйретесіздер ме? Профессор мырза,сонда сіздің жұмысыңыз сол болғаны ма? Онда таңның атысынан кеш батқанға дейін сөйлеуден мен де алдыма жан салмаймын. Ендеше мен де профессор болуыма болады екен ғой!
Профессор: Жоқ, Күлпаш,ханым! Сөз қадірі,сөз өнері дегеніміз – сөздің киесін ұғынып,сөйлеу әдебі мен мәнерін сақтап сөйлегенде ғана арта түседі. Оны түсіну үшін сен менің дәрістерімді тыңдап, көңіліңе тоқи білуің керек.
Күлпаш: Тіпті басымды айналдырып жібердіңдер ғой!
Алдымен ән тыңдап, демалып алайықшы.
Ән: _____________________________________
Жүргізуші: Профессор мырза сөз құдіретін ұғындыруға арналған дәріс- теріңізді тыңдауға асығып отырмыз!
Күлпаш: Сонда тыңдаған бойда сөз бен сөйлеу мәдениетін ұғып ала
қоямыз ба!
Профессор: Әрине,әрине! Сенбесең мына отырған аспиранттарымды тыңдай
ғой.Олар мұның бәрін жақсы біледі.
Сөйлеу мәдениеті дегеніміз – сөзді мағынасына қарай дұрыс жеткізе білу.Сөздің айту ерекшелігіне қарай мәні де мағынасы да арта түседі. Жақсы сөз –адамдарға деген шын тілектестік пен адал ниеттен туындайды.Жақсы сөз- жанды сауықтырады,көңілді тербейді,бойды сергітеді.
Сөйлеу мәдениеті дегеніміз-сыйласымдылықты танытады.Сөйлеу мәдениеті сөзді мәнеріне келтіріп сөйлеуге де байланысты.Бір сөздің мағынасы бір болғанымен айтылу ерекшелігіне қарай түрліше болады. Мәдениетті сөйлеу-адамгершілікті,әдептілікті,құрметтеуді білдіреді.
Сөйлеу мәдениеті- сөзді мәнеріне келтіріп сөйлеуге де байланысты. Жалпы адамның мәдениеті оның сөзінен байқалады.Білімді адам күндей күлімдеп,жарық дүниедей жарқырап сөйлейді.Сөзі арқылы да,өзі арқылы да тыңдаушының көңіліне нұр шашады,әдемі әсер беріп,жанына шуақ сыйлайды.Өзінен кемшілік кеткен жағдайда кешіріңіз,ғапу етіңіз деген сөздерді айтып,сөйлеу мәдениеті арқылы тыңдаушының көңілін жадыратады.
Сөйлеу мәдениеті-әдепті сөйлеуге дағдылану.Әдепті сөйлеу адамның адамгершілігін,қайырымдылығын,мейірімділігін танытады.Дөрекі сөйлеу мен оғаш қылық арқылы өзіңнің беделіңді жоғалтасың.Өйткені,ол айнала дағы дүниеден алыстатып,қадіріңді қашырады.Сондықтан мәдениетті сөйлеуге дағдылану керек.
Профессор:
Енді көзіңіз жетті ме,Күлпаш ханым! Сөз өнері,сөйлеу мәдениеті дегеніміздің өзі бір ғылым болып табылады.Оны меңгеру үшін әлі көп оқуың керек.
Шынар ханым:
Әрине,профессор мырза! Бір ауыз сөзбен адамның көңілін жасытуға, мерейін тасытуға да болады.Сөз құдіреті шексіз.Сөз сөзге жарығын да,көлеңкесін де түсіреді.Халқымыз «Тәтті айтқанда бал тамған, ащы айтқанда қан тамған» деп бекерге айтпаған.
Күлпаш ханым:
Сөйлеудің де жөні бар.Менің де сізге қарсы айтар сөзім бар.
Профессор: Түсінбей қалдым.Нені айтпақшысыз.
Күлпаш: Оны түсіну үшін,алдымен әнді түсіну керек. Сондықтан
алдымен ән тыңдап алайық.
Ән: _________________________________
Жүргізуші:
Күлпаш ханым,жаңа нені айтпақшы болдыңыз!
Сіз сонда профессорды да мойындамайсыз ба?
Күлпаш ханым: Әрине, әрине! Сонда жақсы көрінем деп тек қана жақсы
сөздерді айта беру керек пе?
Профессор:
А,а – енді түсіндім.Ойды тура айту керек дейсіз ғой! Мұны менің аспирантым Сымбат түсіндіріп береді.
Оқушы:: Турасын айтқанды қалаймын деп айта салмай сөзіңе есеп беріп сөйлеу керек.Өйткені,келеңсіз әрекеттердің бәрі осы сөзден туындайды.Жақсы сөз арқылы адамның жанына шуақ сыйлауға болады.Мысалы,өзі сырқаттанып жүрген досыңа бұл аурудың зардабы көп,сенің күннен-күнге халің нашарлап барады. Сырқаттан жазылған күнде де,ағзада аурудың белгісі сақталады .... деп айтсаң оның көңілін жасытасың,уайымға салынып,ауруы асқынуы мүмкін.
Жақсы сөз – жаныңды жадыратады,
Жамансөз – уайымға салындырады.
Бір ауыз сөз жан жарасын жазып,өмірге құштарлығын арттырады.
Шынар ханым: Күлпаш,өзің ештеңені түсінбейсің екен ғой!Әрқашан өзіңе есеп беріп,ойланып,орынды сөйлей білу керек.Себебі,сөз дегеніміз –ақыл-ой жәдігері.
Бабаларымыз «Сөздің оңы мен терісіне,өңі мен астарына айрықша мән беріп сөйле» деп бекерге айтпаған. Бұл «сөздің сен айтқан мағынасынан басқа белгілі себептермен тыңдаушыға жағымсыз болатын қосымша мағынасы да болады» дегенді білдіреді.
Орынды - сөз абыройыңды асырады,
Құр сөз - құтыңды қашырады.
Жүргізуші:
Ой маржаны – сөз.Сөзді тыңдарманға жеткізудің жолы көп.Тура сөйлеген дұрыс. Бірақ тыңдарманға айтылатын ойды жақсы сөзбен жеткізген жөн.
Күлпаш ханым, Сіздің бүгінгі тақырыпқа әлі де көңіліңіз толмай отырған секілді. Мен қазір Әди дегн досымды шақырайын.Ол - өте білімді адам.Аудандық,облыстық «Абай-Шәкәрім оқулары- ның», аудандық пәндік олимиаданың жүлдегері,болашақ ғалым, филология ғылымының зерттеушісі.
Әди,қош келдің! Біз сөз өнері туралы ой бөліспекпіз.Жауабын таппай жүрген сауалдарымды саған қойсам деймін.Соған қалай қарайсың.
Әди:
Жарайды, Өсетін жасқа,өнерлі жанға аталы сөз керек.Ендеше сөз өнерін дәріптеуден қашпаймыз.
Жүргізуші: Адамзат үшін мұралардың ең қымбаттысы не?
Мұралардың ең қымбаттысы –сөз.Өйткені,сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады.Асылы,адам да,дүние де тозады.Тек асыл сөз ғана мәңгі жасайды.
Жүргізуші: Ал адамның ең жоғарғы қасиеті не?
Жүргізуші: Әлемде неге теңеу жоқ,неге өлшеу жоқ?
Жүргізуші: Өмірде кімнің сөзі өтімді,кімнің сөзі өтімсіз деп білесің?
Өмірде ойы мешеу,тілі доғал адамның сөзі адамның көмейінен өтпейді,ойы-заңғар,тілі-балдай адамның сөзі естен кетпейді. Әрдайым заңғар ойды көркем тілмен жеткізе білуіміз керек.
Шынар ханым: Мен де осы айтылғанға қосыламын.Әрине адам жанын тербей-
тін асыл сөздің салмағын саралай білу керек.
Жақсы сөз – жан азығы.
Жүргізуші: Бұл туралы аспиранттарымыз не дейді екен?
Аспиранттар:
Сөз құдіреті ғажап.Сөз алтынды мыс,мысты алтын етіп көрсете алады.Тас жүректі қорғасындай балқытып,балқыған қорғасынды тастай ете алады.Кірлі көңілді тазартып,кірсіз көңілді тазарта алады.
Сөз құдіретіне тереңнен ой жіберіп көрейікші. Көне замандардағы мәдениет ошақтарының бірі – шумерлердің тас табақтарында былай деп жазылған екен: «аузыңа абай бол,көкейдегі ойды айтуға асықпа», ал мексика халықтарында «сөйлегенде сабыр сақтаған жөн,асығып-аптығып сөйлеген сөзің орында да ұрымтал болсын» десе,үнді заңында «қандай да бір қиын жағдайда да балағат сөздерге тиым салынады,көкейге қонымды,көңілге ұнамды сөздер ғана айтылсын» делінген. Бұл - сөз құдіретінен туған жауапкершілік.
Сөз сөйлеушінің ойын,сезімін білдіріп қана қоймайды,оның мінездемесі болып табылады.Сондықтан адамды сөзіне қарап бағалауға болады. Халық қашанда сөздің адамдар арасындағы атқаратын қызметіне, сөйлеушінің парқына ерекше мән берген. «Аңдамай сөйлеген,ауырмай өледі,, «Жанды жаралайтын да,емедейтін де сөз», «оқ жарасы бітер,сөз жарасы бітпес», «тау мен тасты жел бұзар,адамзатты сөз бұзар» деген мақалдар сөздің қадір-қасиетін анық ұқтырғандай.
Адамдар сөз арқылы ұғынып,сөз арқылы табысады.Сөз –адам үшін тәрбие құралы,ақыл-ой жәдігері,қымбат қазынасы. Сондықтан сөзді шашпа-төк тегін дүние көріп,оңды-солды айта берсең,қадірі болмайды. Халқымыз айтқандай, «сөз қадірі - өз қадірің», «сөзі құнсыздың - өзі құнсыз».
Күлпаш ханым: Сөз сөйлеу білу де -өнер.Ән айтып,өлеңді көркемдеп оқи білу де өнер. Кезекті өнерге берейік!
Сөз. Күләш Ахметова.
Жүргізуші: Бұл көңілдегі ойды дәл басатын көркем сөздерді тыңдағаннан кейін сөз құдіретін бағалайтын шығарсыз,Күлпаш ханым?
Күлпаш ханым: Мен өзім сөз қадірі мен сөйлеу мәдениетін сақтауды бұрын- нан-ақ жақсы білемін.Бірақ,кейбір замандастарымыздың ойын жеткізіп сөйлей білмейтінін байқап жүрмін.Сондықтан,соларға арнап жақсы бір кеңес беріп жібермейсіз бе,жүргізуші мырза!
Жүргізуші: Жарайды,Күлпаш ханым! Сіздің айтқаныңыз-ақ болсын!
Жалғандағы ең көркем нәрсе – сөз.Сөз-көңілдегі көркем ойды жеткізетін таптырмас құрал.Сөз-көңілдің бұлағы.
Тек қана көпті ұйытып,тебірентер ойлы да,
салмақты сөзді айта білейік!
Сөздің нарқын бағалай білетін достарымыз көбейсін!
Қорытынды ойымызды әнмен түйіндесек дейміз!
Ендеше ән тыңдайық!
Желбіре,Жеңіс жалауы!
Желбіре,Жеңіс жалауы!
Мақсаты: жас ұрпақты елін, жерін, Отанын сүюге баулу.
Барысы.
1-жүргізуші:Құрметті қонақтар!Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерейтойына арналған тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.
Хор-« Жеңіс жыры »,әні С. Жаппарова, 6-7 сынып оқушылары –жетекшісі музыка пәнінін мұғалімі Сейфуллина Қ. С.
Арнау - 10 сынып оқушысы Сатыбалдин Манарбек 2-жүргізуші: Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні,
Жақсы үміттің шырағы жанды міне!
Аспан бетін қаптаған қара тұман
Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні!
1-жүргізуші: Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті!
Жер бетінен жамандық мүлдем үрікті!
Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз,
Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.
2-жүргізуші: Не забыть нам этой даты,
Что покончила с войной.
Победителю- солдату,
Сотни раз поклон земной!
1-жүргізуші: Жаңғыртып әнмен аспан кеңістігін,
Халқымыз қуанышты тегіс бүгін
Жауды жаншып, Отанды азат еткен,
Құрметтеп қарсы алады Жеңіс күнін,-деп ақын жырлағандай, біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ. Әрбір көктем бізді ойша осынау ұмытылмас күнге 1945 жылдың 9-мамырында қайта оралды.
2-жүргізуші: Вот 65 лет отделяют нас от суровых и грозных лет войны. Но время никогда не изгладила из памяти Великую Отечественную войну. В сердцах людей она жива, потому что до сих пор еще не залечены раны, не иссекла боль, не забыты те, кто отдал жизнь за Великую Победу, живут среди нас ветераны.
1-жүргізуші: Иә, содан бері 65 бейбіт жыл артта қалды. 1945 жылы 8-мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап, қол қойды. Ал, 9 мамыр күні бұрын-соңды болмаған 1000 зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Міне, Жеңіс күні осылай келген еді.Бүгін сол Ұлы Жеңіске қарумен, қаhармандығмен ат салысқан майдангерлер салтанатты кешіміздің құрметті қонағы. Осы кісілер біздің арамызда отыр: Мухамадиева Нурбазар, Иманкулова Күлбану апаларымыз.-тыл ардагерлері, Муханов Николай Александрович-Ұлы Отан Соғысының ардагері.
Ардагерлерді құттықтау үшін сөз мектебіміздің директоры Аринов Асқарбек Қасабайұлына, тері-былғары зауатының басшысы, Затон аймағының депутаты Рахимгалиев Жұмағазы Нұрбазарұлына беріледі.
1-оқушы: «Жеңіс» деген – жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы,
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
2-оқушы: Мы здесь с тобой не потому, что дата.
Как злой осколок память, жжет в груди.
К могиле неизвестного солдата
Ты в праздники и будни приходи.
3-оқушы: Шынында бұл-оралған мыңнан бірің,
Бақ нұрына жүзіңді туған күнің
Жеңіс күні өзіңдей көзі тірі,
Майдангерлер бәріңнің туған күнің.
4-оқушы: Он защищал тебя на поле боя
Упал, не шагу не ступив назад.
И имя есть у этого героя
Великой Армии- простой солдат.
5-оқушы: Қара бұлтқа оранбасын күн көкте,
Барлық халық бейбіт өмір сүрмекте
Отанының бақыты үшін мерт болған
Батырларды есіңде ұста, құрметте!
6-оқушы: Сияет солнце в день Победы
И будет нам всегда светить
В боях жестоких наши деды
Врага сумели победить.
7-оқушы: Сен құрметте оны!
Түсіндің бе қарағым?
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын.
Еріккеннен ұстап жүрген жоқ,
Қолындағы ұзын таяғын.
8-оқушы: Разве погибнуть ты нам завещала, Родина?
Жизнь обещала, любовь обещала, Родина!
Разве для смерти рождаются дети, Родина?
Разве хотела ты нашей смерти, Родина?
9-оқушы: Денесін оқ паршаласа да,
Ел намысын қорғап қалды.
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым?
Сенің келешегің үшін берді ол,
Азаттық жолында аяғын.
10-оқушы: Пламя ударило в небо, ты помнишь, Родина?
Тихо сказала: «Вставайте на помощь...» Родина
Славы никто у тебя не выпрашивал, Родина!
Просто был выбор у каждого-Я или Родина.
11-оқушы: 65 жыл бейбіт көктем таң атқалы,
65 жыл шуақты күн таратты әнін
Елімде сонан бері 65 рет
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Соғыста өлгендер тек оралмады.
12-оқушы: Вспомним всех поименно,
Сердцем вспомним своим
Это нужно не мертвым-
Это нужно живым.
13-оқушы: Сен неткен Отан-анам, ғажап едің,
Әсемдеп көркем тілмен жазар едім,
Болашақ ұрпағының бақыты үшін,
Жайнай бер, ұлы Отаным-қазақ елім.
2-жүргізуші: Ұлы Отан соғысында еліміздің тәуелсіздігі мен халқымыздың бақыты үшін ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етіп, 1 минут үнсіз тұрып еске түсірейік.
1-жүргізуші: Вечная слава и вечная память,
Павшим в жестоком бою. (минута молчания)
2-жүргізуші: Жеңіс бізге атылған оқпен ғана келген жоқ, әнмен де келді. Жауынгерлерді ән алға жетеледі, жігерлендірді. Жаңа ерліктерге көтеріп, үлкен ұрыстарға жеңіс дабылын қақты.
1-жүргізуші: Жить, работать, воевать, побеждать врага помогали нашему народу на фронте и в тылу песни, созданные в грозные годы.
Кто сказал, что надо бросить песню на войне,
После боя сердце просить музыки вдвойне.
Хор «Смуглянка». (солисты: Төлеубекова А., Султангазинов Е.)
2-жүргізуші: Ұйықтамай Отан
Көз ілмей таңды таңға ұрып,
Мелшиген мына танкілермен жанды үміт
Бұл жеңіс келген, он жасқа толған кезімде.
Анамды жарсыз, әкесіз мені қалдырып,- деп ақын жырлағандай, «Сырғалым» вокалды ансамбілінің орындауында «Соғыстан бұрын туғандар»,әні-О.Сейтказин.
1-жүргізуші: Шығыстың қос шынары .
Әлия, Мәншүк қайсар гүлі қазақтың.
Ерлігіне таң қаламын ғажап тым.
Солар төккен қызыл қанның арқасы,
Қазақстан аспанында азат күн.
( «Әлия» -10сынып оқушысы Төлеубекова А.)
2-жүргізуші: Все мы любим милую катюшу любим, слушать, как она поет, из врага выматывает душу. А друзьям отваги придает.
( танец « Катюша» -5 сынып оқушылары)
1-жүргізуші: Ер елсіз болмайды, ел ерсіз болмайды демей ме, дана халқымыз. Қан майданда қол бастап, елінің намысын жауға таптатпаған батырларға арналады.
( «Халқым туралы ән»,әні-Е.Хасанғалиев, «Ақ желкен» вокалдық ансамблі)
2-жүргізуші: Желбірейді бейбітшілік жалауы,
Орындалып жас ұрпақтың қалауы.- дей отырып, Әлия мен Мәншүк апайларының ерлігін мақтан тұтатын қаламызға мектебіміздің атын шығарып жүрген бишілер тобын ортаға шақырамыз. (би- Қазақстан)
1-жүргізуші: Сегодня эти песни нельзя слушать без трепета и горького чувства утраты. Она заставляет нас вспомнить грозные дни войны, она напоминает о необыкнавенном мужестве людей, отстоявших нашу Родину от врага.
( ән « Офицеры» -10 сынып қыздары )
2-жүргізуші: Помните!
Через века, через года!
Помните!
О тех, кто уже не придет никогда,
Помните!
О тех, кто шел в бой за Родину, выстаял и победил.
Помните!
О тех, кто ради победы сердце отдать был готов.
(ән «Три танкиста» 10 сынып ұлдары)
1-жүргізуші: Ағалар саптан шықпасын,
Аналар қабақ шытпасын,
Бақытқа жетіп бар адам,
Сәбилер тыныш ұйықтасын,- дей отырып, ардагер аталарымызға-әжелерімізге келгендеріне рахмет айта отырып, жылда осы Жеңіс күні біздің арамызда мейрамдай берулеріңізге тілектеспіз. Сіздердің құрметтерінізге Динаның күйі
« Тойбастар »
2-жүргізуші: От имени всех учителей школы и учащиеся еще раз поздравляем вас, уважаемые ветераны с праздником. Желаем крепкого здоровья, голубого ясного неба. Спасибо вам за все, что вы на
Ана тіліңді құрметте
Категориясы: [link]